Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  127


Автор: Түрік поэзиясы

ҚҰМДАҒЫ ЖЫР ЖОЛДАРЫ

Өзгереді орнымыз шексіз теңіз айдында,
Бір орында тұрмайды мазалаған қайғым да.
Мың қырлы боп күн сайын көрінеді толқындар,
Мың түрлі азап шегеді жүрегіміз жай мұнда.
Теңізге кеп балқитын батқан күннің қызылы,
Алуан түсті сезімнің тыңдатады қынжылы.
Кейде сонау айдынға мұңым симай кетеді,
Тамшылар боп түзілген жанарымның қызығы.
Кейде тасып көз алмай қараушы едім тамсанып,
Жүрегіміз тулайтын əлденеге жансалып,
Тұңғиықтың толқыны рухымды оятқан,
Сергелдеңнен бөлінген кермек дəмдей таңқалып.
Бүгін судың бетінде, ертең жерде құм шайған,
Толқындардан ажалға дауа сұрап жалынған.
Жағалауды көктемде қыздар қаптап кетеді,
Мөлдіреген жанардан рухымыз жай тапқан.
Құпиясын теңіздің тапсам деп ем мен кеше,
Судың жүзі біздерді алдамайтын ендеше.
Тас құсатып өзімді лақтырып ем айдынға,
Рухымыз сусаған тілегіме тең десе.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу