Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  77


Автор: Орхан Уəли КАНЫК

ЫСТАМБҰЛҒА АРНАУ

Ғашық болсаң
Өлең жазу
Тым қиын;
Ал айыңыз сəуір болса
Жазбау жəне
Қиындау.
Арман менен естелік
Арман – бір жақ,
Ал естелік – бір жақта.
Айтшы, қалай өмір сүріп жатырсың,
Бұл қалада нұрын төгер күн жоқта?
Шыбын-шіркей
Бас қатырма түкке де,
Тек арманда!
Шыбын-шіркей
Армандауды бек үйреніп алғанда,
Саған, сірə, басқа амал қалған ба?
Шақыру
Күтемін,
Келгін кезде ауа райы қолайлы,
Дегін сосын шықпауыңа болмайды




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу