Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.10.2022
209
АЙДЫН
Оян жарым, оян, сөнді жұлдыздар,
Күншығыстан аппақ сəуле төгілді.
Күндей күліп сайрап жатыр гүл қыздар,
Мөлдір көзің жадыратсын көгімді.
Оян жарым, кештер келер тізіліп,
Алақанға сыйып кеткен ақ айдын.
Ақ айдында сыңсиды гүл үзіліп,
Ақ жүзіңе қиылып бір қараймын.
О сүйіктім, қапаланба, кел бері,
Жанарың бар айдыннан да əдемі.
Шалқи берсін пəк сезімнің көлдері,
Өмір сүрсем сен тұрғанда əдемі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇