Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  126


Автор: Түрік поэзиясы

ДҰҒАЙ СƏЛЕМ!

Дұғай сəлем, тіріге ортақ жарық күн,
Сəлемін ал түнектегі ғаріптің.
Хош иісін шашар маңға түндерде,
Бақша əлі толы болар гүлдерге?
Қар, бораны. Əдемі еді-ау бəрі де,
Көлеңкелер суда ойнай ма əлі де?
Көк аспанда əлі құстар ұша ма?
Ұшса ұшсын, оларды уақыт тұсама.
Аранына теңіз жұтып телегей,
Жағалауға жетпей қалған кемедей
Қазір біздер алыстамыз жарықтан,
Халіміз бар арып-ашып, зарыққан.
Тəңірінің шамшырағы жанғанда,
Атымызды айтып іздер жан бар ма?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу