03.10.2022
  584


Автор: Ертай Ашықбаев

МЕНІҢ АТАМ

Күл де ойна,
Күлме мейлі,
Атам отыр,
Үндемейді.
Сол үнсіздік батты маған,
Мен құлынмын шапқылаған.
Қозы болам,
Лақ та болам.
Жүгіре алам,
Мақтана алам.
Абайламай құлап қалам,
Түк болмайды бірақ маған.
Шымыр болу керек деймін,
Тұрып алып дедектеймін.
Сонда атам сақалы аппақ
Қалатұғын қапалақтап.
Көрмеп едім қаталдығын,
Үндемейді атам бүгін.
Сүйенеді таяғына,
Сырқырайды-ау аяғы да.
...Ата,
не деп күбірледің?
Түсті ме еске жүгіргенің?
Мен де, әрине, өкінемін,
Мұңайма, ата,
Өтінемін.
Мұнша ұлды, мұнша қызды
Аяма, ата,
Жұмса бізді.
Сүйеп жүрер жан атаны
Әрқашанда балапаны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Ирхан
Ирхан 29.11.2023 15:23
Тақпақ

Пікір жазу