ДОСТЫҚ қмж


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Күні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Достық қымбат өмірде

Мақсаттары

 -ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық, достық туралы түсініктерін қалыптастырады; - өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамытады; - инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиеленеді. 

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

« Жақсы бол, жігіт болсаң, ел көргендей.

Досыңа қосылғанда дем бергендей»

Пайдаңды жақсы болсаң, тигіз көпке,

Тұйғынға қапастағы жем бергендей» демекші, жақсы рухани күшіміз, әдеп-байлығымыз. Адам үшін ата-анадан кейнгі ең жақын-абзал дос. Жақсы-адам жанынан шуақ іздеп, достық шын көңілімен қолын ұсынатын адамдар көп болмақ.

 «Доссыз өмір-тұл», « Доссыз өмір-тұссыз ас»-деп халық тегін айтпаған. Адам  ес біліп, етек жапқаннан бастап өзін түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейтіні анық. Міне бүгін, балалар, достық жайлы әңгімелеспек. Достық әлемі қызық оқиғаларға адал шынайы қарым-қатынас, асқақ адамгершілікке толы әлем.

 Біз достық әлімімен таныс болу үшін, достықты бағалай білу үшін бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды өткізіміз.

  • Дос деген кім?

Сыр бөлісетін адам

Мені өте жақсы түсінетін адам

Көмекке әрдайым дайын адам

Қандай жағдай болмасын болмасын бірге болатын адам

Сенімді адам

презентация

Сабақтың ортасы

Достық

Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:

  • Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
  • Достықтықтың екі түрі болады. Бірі - адал достық, екіншісі – амал достық.

«Енді оны қалай ажырата аламыз» дегендерге:

  • Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достық өмірлік нұсқа болады, - деп жауап береді екен.

Оқушылардың пікірлері тыңдалады.

Мақалды жалғастыр

1. «Кемшіліксіз .... іздеген адам .... қалады».

2. «Дұшпан .... айтады, дос....айтады».

3. «Жаңылмайтын ... жоқ, сүрінбейтін тұяқ .......».

4. «.... жаңасы жақсы, ... көнесі жақсы.».

5. «..........ақшаң болғанша, көп досың ...».

6. «Досы көппен .... ,

Досы жоқпен ... ».

7. «Досы ... , өзі де жақсы».

8. «.... басқа қарайды,

... аяққа қарайды».

9. «Ақылсыз ....ақылды дұшпан ....».

10. « Досың мың ....,

... біреу болса да көп».

11. « ... адам тамыры жоқ ... тең»

12. « ... дос болсаң,

Сасқанда ақылың айтар.

... дос болсаң,

Топ ішінде бетің қайтар».

«Мінездеме беру» тренингі

Қазір мен сіздерге 5 саусақты қолғап беремін. Әр саусақта өзіәңіздің қолыңыздағы жазылған есімді балаға бір біріне көрсетпей мінездеме жазыңдар.

Тірек сөздер:

Адал арам

жомарт өз қамын ойлайтын

адамгершілігі мол кекшіл

қарапайым сөзге түсінбейтін

мейірімді жалқау

кешірімді тәккапар

төзімді қатал

ақылды мейірімсіз

сабырлы сараң

салмақты қызғаншақ

кек сақтамау тұйық

ашықтық

бүкпесіздік

«Бес саусақ бірікпей ине қолға ілікпейді» дегендей бәріміз жұмылы бірауыздан алдымыздағы жүкті көтерейік

Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

  • Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.
  • Досыңды алдамай, оған адал бол.
  • Досыңды қорлама.
  • Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
  • Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
  • Досыңның кемшілігін кешіре біл.

презентация



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
---



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу