Зергерлік бұйым нобайын орындау. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, қосымша материал.


Әдістемелік нұсқаулық

2 Бөлім: Сәндік – қолданбалы өнер

Сабақ тақырыбы: Зергерлік бұйым нобайын дайындау

Сабақ мақсаты:

6.1.5.2-Шығармашылық идеяларын іске асыру үшін нобайлар, техникалық суреттер мен сызбалар орындау

Сабақ барысы

Оқушылар бұл сабақта шығармашылық идеяларын іске асыру үшін нобай орындайды. Ол үшін оқушыларға зерттеу альбомы, түрлі түсті қарындаштар, фломастерлер және т.б. көркемдік материалдар қажет болады.

Бейнематериал тамашала

Оқушыларға зергердің жұмысы туралы бейнематериал көрсету ұсынылады. Оқушылар зергердің жұмыс істеу барысынан өзінің болашақ жобасын жасаудың кезеңдерін қарастыра алады. Бейнематериалды тамашалап болған соң сұрақтарға жауап беріп, оқушылардың зергердің жұмыс істеу барысын қорыындылағаны ләзім.

Бұйымды жасаудың кезеңдерін талқылау.

Оқушылармен бірге бұйымды жасаудың кезеңдерін қарастырып шығыңыз. Оқушылардан бұйымды жасау қандай кезеңдерден тұруы мүмкін екенін сұрастырыңыз. Бұл кезеңдер көркем еңбек оқу мақсаттарының құрылу принципінен ақ көрініп тұр. Алдымен оқушылар идея ойластырып, соның негізінде нобай жасайды. Нобайға сәйкес қолданылатын материалдар мен техниканы анықтайды. Содан кейін жасау және дайындау, әсемдеу кезеңін орындап, презентациялайды.

Ой қозғау сұрағы:

Оқушылар нобайды орындамас бұрын ой қозғау үшін бірнеше сұрақтарға жауап бергені дұрыс. Нобайды орындау үшін идеяны оқушылар табиғаттан оларды қоршаған заттардан ала алатындығына назар аударыңыз. Презентацияда зергерлердің бұйым жасау барысында идеяны қайдан алатындығы туралы сурет көрсетілген. Мысал ретінде көрсетсеңіз болады. Мысалы сақинанының элементтерін арыстанның бейнесінен алған. Құстың бейнесінен көркем сырға жасаған. Ешкінің бейнесінен кулон жасаған.

Практикалық тапсырма

Нобай альбомда орындалады. Сурет салу қабілеттеріне қарай нобай салу үшін қабілетті оқушыларға суретті өздерінің салуына көңіл бөліңіз. Сурет салуға қабілеті анағұрлым төмен оқушыларға шаблон беру ұсынылады. Шаблондар дидактикалық материалдарда ұсынылған. Оқушылар нобай жасау барысында қолда бар материалдарды пайдалану қажет. Нобай түрлі түсті етіп орындалады. Оқушылар әшекей бұйым ретінде сақина, сырға, мойынға арналған бұйымдар, білезік, танамоншақ жасауы мүмкін.

Бағалау.

Не сәтті шықты? Нені толықтыруға болады? деген сұрақтарға жауап бере отыра, оқушылар бір-бірлерінің нобайларын бағалау қажет.

Рефлексия

«Үш минуттық пауза»

Бұл кері байланысты оқушылар ауызша және жазбаша да жауап бере алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу