Психотропты заттардың жүйке жүйесіне әсері. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3С Координация және реттелу | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:
| |||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ түрі | Жаңа тақырыпты меңгеру | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Психотропты заттардың жүйке жүйесіне әсері | |||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты | жүйке жүйесінің қызметіне алкоголь, шылым және есірткілік заттардың әсерін түсіндіру | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар: психотропты заттардың түрлерін біледі, жүйке жүйесінің қызметіне алкоголь, шылым және есірткілік заттардың әсерін түсіндіре алады Көпшіліктері: психотропты заттардың әсерін зерттей алады Аз бөлігі: жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға шақыртатын альтернативті жолдарды көрсетіп, психотропты заттардың әсері туралы сұрақ-жауап жүргізіп, ортақ талқылауда баяндай алады | |||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар орындай алады: жүйке жүйесінің қызметіне алкоголь, шылым және есірткілік заттардың әсерін түсіндіру үшін топтарда жұмыс жасап, презентация құрай алады. (оқылым, жазылым, айтылым және тыңдалым дағдылары) Пәнге қатысты лексика мен терминология: ОЖЖ, бас ми, жұлын, сопақша ми, мишық, үлкен ми сыңарлары, стимулятор, депрессант, жүйке импульсі. Сөздік
Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы : Стимулятлар күшейтеді …. - Депрессанттар баяулатады … - Жүйке жүйесінің ауытқуы жүруі мүмкін … | |||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бірлестіктегі тәрбие, қазақстандық патриотизм, еңбек пен өнер, өмір бойы оқуға талпыну, айналысындағы адамдарға, қоғамға деген сыйластық, (топтық жұмыстарда жаңа тақырыпты меңгеріп, қоғамда өздерін қалай ұстау керектігін үйренеді ) | |||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық дамыту | Информатика (ОЖЖ құрылысы мен қызметіне кесте құру кезінде және презентация жасауда) Физика (жүйке импульстерінің жылдамдығы) | |||||||||||||||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары | Презентациялар ppt., видео (видео көру арқылы тыңдалым дағдысын дамытуға болады) | |||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | «Тір іағазалардың алуантүрлілігі» бөлімінен 7 сынпы оқушылары омыртқалылар мен омыртқасыздардың өзіне тән белгілерін сипаттай алады. «жасушалық биология» бөілімінде жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі терминдерінде жүйке жүйесі жайлы қарастырады. | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері | Сабақта орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||
0-1 мин | Ынтымақтастыру атмосферасын құру. Оқушылармен амандасып, көңіл – күйлерін қалыптастыру. | |||||||||||||||||||||||||||
2-10мин 10- 12мин 12-13 мин 13-23 мин 23-30 мин 30-38 мин 38-40 мин | Оқушыларды сабаққа қатыстыру Оқушылар саусақ арасынан құлаған сызғышты ұстап қалу кезінде реакция уақытын зерттейді. Екінші оқушы сызғышты үлкен және сұқ саусақ арасына қояды. Екінші оқушы субъект оны ұстап қалатындай сызғышты түсіреді. Содан кейін сызғыш ұсталған орынға дейінгі қашықтық өлшенеді. Оқушылар қай жерден сызғыш ұсталғанын өлшейді. Оқушылар кофенің әсерін зерттей алады. Жоғарыда аталған тапсырманы қайта орындай алады, бірақ бұл жолы сызғышпен ұстауды кола немесе кофе ішкен соң жасап, нәтижені шығарады. Бұл жерде қауіпсіздік ережесі жайлы айтылуы қажет. кейбір оқушыларға кофеин ішуге болмауы мүмкін. Сабақ тақырыбын ашуға итерлемейтін түрткі сұрақтар қойыңыз:
Сабақ тақырыбы мен жетістік критерийлерін анықтау Топқа бөлу. Пазл көмегімен оқушыларды 3 топқа бөлу, әр пазл бөлігіне 1-ден 3-ке дейін жазу. Бұл әдіс оқушылардың бір-біріне көмектесу, ақылдасу арқылы жаңа тақырыпты меңгеру. Барлық топтар бірдей ақпаратпен танысып, меңгеретін болады: өздерінің микромәтіндерімен танысады, оңтайлы басқа топтарға түсіндіру жолдарын қарастырады. Бір-біріне сұрақтар ойластырып, білу, түсіну дағдысын дамытады. Олар тірек сөздерді жазып алуларына болады, схема құрастырады. Топтық жұмысты аяқтаған соң әр топтан топты таныстыратын адамдар шығулары керек. Одан соң мұғалімнің басқаруы бойынша әр топтың оқушылары кезекпен өздерінің білген түсінгендерін айтып, өз топтарына қайта оралып, қайта талқылайды 1 топ – алкогольдің әсерін; 2 топ – есірткінің; 3 топ – темекінің әсерін қарастырады. Әр топ психотропты заттардың анықтамаларын жазып, стимулятор, депрессанттар, галлюциногендер жайлы түсінік қалыптастырады. Топ ішінде темекінің әсерін зерттеу. Әр топ өздері таңдап алған заттардың әсерін зерттейді. twig-bilim.kz сайтындағы бейнероликті көруді ұсыныңыз (ол заттардың әсері жайлы нақты көрсетілген). Жаңа топтар ішінде талқылау. Мысалы, пазлда көрсетілген 1 номерлі оқушылар 1 топқа жиналады деген сияқты. (Ж) Алған білімдерін бағалау, қалыптастырушы бағалау жұмысы. Крестик пен нолик.
Кері байланыс: Рефлексивті кубик. Әр оқушы кубикті келесі адамға лақтырып, өтілген тақырып жайлы бір сөйлем айтады. Сабақты қорытындылау. Мұғалімнің кері байланысы. Үй тапсырмасы: Грек жаңғағы миға қатты ұқсайды. Неліктен ол мидың жұмысын жақсартуға пайдаланған жөн?
Буклеттер құрастыру «Жүйке жүйесінің қызметіне алкоголь, шылым және есірткілік заттардың әсерінің салдары». | Сызғыша, кола/кофе, стакандар Пазл Ноутбуктер Жасөспірімдердің миына әсер ететін алкоголь жайлы видео: https://www.twig-bilim.kz/film/alcohol-and-the-brain-6796/ Есірткі және ми: https://www.twig-bilim.kz/film/drugs-and-the-brain-6723/ Тәуелділік жайлы фильмнен глоссарий: https://www.twig-bilim.kz/film/glossary/addiction-5818/ Қауіпті есірткі; кокаин: https://www.twig-bilim.kz/film/harmful-drugs-cocaine-6792/ Карточкалар Рефлексивті кубик | ||||||||||||||||||||||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік ережелері АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – топтарға бөлгенде байқалады. Тәжірибелерді орындау барысында қабілеті төмен оқушылар зерттелуші ретінде бола алады,ал жоғары оқушы бақылаушы ретінде. | Фронтальді сұрақ-жауап, қалыптастырушы бағалау жұмысы (крестик пен нолик) | Кейбір оқушыларға кофеин ішу мүмкін емес. | ||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | ||||||||||||||||||||||||||||
Қысқаша бағалау Қандай екі мезет ең табысты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)? 1: 2: Қандай екі мезет Сабақты жақсартты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)? 1: 2: Мен сабақтан топ пен жекелеген адамдар туралы не білдім, келесі сабақта не айтамын? | ||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру