Фалес теоремасы. Пропорционал кесінділер. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал, 9 сабақ.


Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық

Сабақ тақырыбы: «Фалес теоремасы. Пропорционал кесінділер».

Оқу мақсаттары:

8.1.1.7 Фалес теоремасын білу және қолдану;

8.1.1.8 пропорционал кесінділер туралы теоремаларды білу және қолдану;

8.1.1.9 циркуль мен сызғыштың көмегімен кесіндіні бірдей n бөлікке бөлу;

8.1.1.10 пропорционал кесінділерді салу;

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

біледі:

  • Фалес теоремасын;
  • пропорционал кесінділер туралы теореманы және оның қолданылуын;

қолдана аладаы:

  • дәлеледеу кезінде үшбұрыштардың теңдігін;
  • параллеограммның белгілерін;
  • есептер шығаруда теоремаларды.

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларды Фалес теоремасын қолданып есеп шығаруға даярлау үшін, олармен үшбұрыштардың теңдігінің белгілері, параллель түзулерді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштар, параллеограммның белгілері секілді бұған дейінгі білімдерін қайталап, жаңғыртып алайық:

    • Қандай кесінділерді тең кесінділер деп айтамыз?
  • Қандай түзуларды параллель түзулер дейміз?
  • Вертикаль және ішкі айқыш бұрыштар деп қандай бұрыштарды айтамыз?
  • Параллель түзулерді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштар жайлы қасиеттерді еске түсіріңіз.
  • Үшбұрыштың теңдік белгілерін атаңыз.

Аталған сұрақтардан кейін оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындап, «дамудың жақын аймағын» анықтау. (Слайд №1-3. Қосымша 1)

Сабақтың ортасы

Практикалық жұмыс. (Қосымша 2)

Оқушылар жеке жұмыс жасайды, бірақ өзінің жұбынан түсінбеген сұрақтарын сұрап, ол жайлы талқылай алады. Егер тіпті түсінуге қиын болып жатса, оқушылардың бірін бірі оқыту әдісін қолдануға болады. Демек, топпен жұмыс жасап, оны өзге топқа немесе түсінбеген оқушыға түсіндіреді.

Бірігіп қорытынды жасайды.

Сыныппен жұмыс. (Слайд №4)

Үшбұрыштың биссектрисасының қасиетін қолдану.

Теорема: Үшбұрыштың биссектрисасы қарсы жатқан қабырғаны былайғы екі қабырғаға пропорционал кесінділерге бөледі. 

Дәлелдеу керек. (Слайд №5-10)

Оқушылармен теореманың дәлелдеуін талқылау.

Теоремадан кейін жаттығу есептер шығару.

Топтық жұмыс. (Қосымша 3)

4 - 6 баладан құралған топтарға бөлу. Фалес теоремасының тағы бір қолданысын дәлелдеу: үшбұрыш биссектрисасының қасиеті.

Оқушылар үшбұрыш биссектрисасының қасиетін дәлелдейді, шешу жолын түсіндіреді. Мұғалім оқушылардың жұмысын тыңдап, нәтижені бағалайды. «Қосымша 2» үшбұрыш биссектрисасының қасиетіне берілген есептерді шығару.

Мұғалім оқушылардың жұмыс жасағанын сырттай қадағалап, қиыналып отырған оқушыларға кеңес береді.

Оқушылар өздерінің болжамдары мен қорытындыларын айтады.

Ойлануға, ойлауға қолайлы орта тудыру арқылы, оқушыларға өздіктерімен тапсырмаларды орындауға шабыт береді.

Оқушыларға тапсырманы орындауға жеткілікті уақыт беру керек. Әр топ өздерінің жұстарын қорғайтын топ мүшесін сайлайды. Сол оқушы тапсырманың шығарылуын барлық сынып оқушыларына көрсетеді.

Топтың басшысы топ мүшелерінің қосқан үлестер мен еңбектеріне тоқталып, әрбір топ мүшесіне баға береді.

Рефлексия

Не білемін ... Мен бүгін ... білдім.

Не істей аламын... Үйрендім…

Мен енді … істей аламын. Мен … түсіндім.

Үй тапсырмасы. Торемалар мен олардың дәлелдеуін білу.

Топқа бөлген кезде оқушыларды әр деңгейлі топтарға бөлуді ұйымдастыру, яғни бір топта не жұпта бір бірінен ойлау деңгейлері әртүрлі оқушыларды отырғызған абзал.

Жауаптың кілті бойынша өзін өзі бағалайды. Теориялық білімдерін практикада қолдану барысында бірін бірі бағалайды. Практикалық және топтық жұмыстары орындау кезінде үшбұрыш теңдігінің белгілерін және оларды дәлелдеуге қалай қолданғандығы бағаланады.

Сабақта іс-қозғалыс қимылдары жоспарланғандықтан, қозғалыс уақытындағы қауіпсіздік шараларын ұстануды ескерту. Омыртқа жоталарына зақым келмеу үшін дұрыс отыруды қадағалау.

Ақпарат көздері:

  • Геометрия 8 кл: http://online.anyflip.com/qmwb/vnuy/mobile/index.html#p=21
  • Шыныбеков А. Н., Геометрия 9, 2005 г.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу