Мәтінді есептерді шығару. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Тақырыбы: «Мәтінді есептерді шығару»
Сабақтың мақсаты:
6.5.2.4
рационал сандарды қолданып мәтінді есептерді шығару;
Бағалау критерийлері:
Білім алушы:
- есептің шартын математикалық тілге аудара алады;
- есеп шешімінің жоспарын құрастыра алады;
- жоспарды жүзеге асырады (есептеулер орындайды)
- есептің сұрағына жауап бере алады:
- мәтінді есептерді шығара алады.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім оқушылармен амандасып. Көңіл күйлерін смайликтер арқылы білу.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар жұпта отырып бірін-бірінің дәптерін тексереді. Оқушылар жалпы сыныппен есепті талдап, жауабын айтып отырады.
Оқушыларға өткен тақырып бойынша презентация бойынша ауызша тапсырма беру, өткен сабақты пысықтау.
Ауызша тапсырма.
Берілген өлшем бірлікпен өрнектеңіз.
Жауапты жай және ондық бөлшек түрінде беріңіз.
Мысалы: 30 мин = сағ = 0,5 сағ
1) 12 мин = сағ = сағ
2) 40 мин = сағ = сағ
3) 18 мин = сағ = сағ
4) 3 сағ 24 мин = сағ = сағ
5) 1 сағ 54 мин = сағ = сағ
6) 200 м = км = км
7) 15 дм = м = м
8) 200 м 10 дм = км = км
9) 7 см = м = м
10) 3 км 450 м = км = км
Сабақ бастамас бұрын сыныпты туған айлары бойынша 3 топқа бөлеміз. Топқа тапсырмалар беріледі және бірін-бірі тексереді.
Топтық жұмыс
Қатені табыңыз.
1) 0,134 ∙ 1000=13,4
2) 16,12 : 4 = 4,3
3) -1,06 + 0,4= 0,64
4) 5,72 - 0,02 = 5,7
5) 16,5 : 0,1 = 1,65
6) 3,2 ∙ 100 = 0,032
7) 27,18 : (-3) = - 9,6
8) 2,7 + 0,3 = 3
9) -3,61 + 0,1 = - 3,6
10) 5 : 100 = 0,5
Тез тапқан топқа ұпай қосылып отырады немесе әр түрлі смайликтер беріледі. Әрі қарай топтарға әр түрлі тапсырмалар беру.
Математикалық жарыстың бір айналымына орта есеппен жұмсалатын жанармай көлемін табу.
1-топ
Автомобиль жанармайды келесідей жұмсайды:
жарыстың үш бөлігін 6,4 литрден
екі бөлігіне 7,2 литрден
бес бөлігіне 5,6 литрден
Математикалық жарыстың бір айналымына орта есеппен жұмсалатын жанармай көлемін табыңыз.
2-топ
Автомобиль жанармайды келесідей жұмсайды:
жарыстың 3 бөлігіне 5,6 литрден,
4 бөлігіне 6,3 литрден.
Математикалық жарыстың бір айналымына орта есеппен жұмсалатын жанармай көлемін табыңыз. .
3-топ
Автомобиль жанармайды келесідей жұмсайды:
Жарыстың екі бөлігіне 6,1 литрден,
Үш бөлігіне 5,1 литрден.
Математикалық жарыстың бір айналымына орта есеппен жұмсалатын жанармай көлемін табыңыз.
Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі. Төмендегі берілген ресурс бойынша жаттығу жұмысын жасату.
http://lifevidos.ru/watch/H-5Axdbw5QM
Сергіту сәті аяқталған соң топтарға сурет бойынша есеп құрастыруға және оны шығаруға тапсырмалар беру.
Схема бойынша мәтінді есеп құрастырып оны шешуге тапсырмалар беру.
1 топ
2 топ
3 топ
Соңғы бөлімде оқушыларға тапсырма бере отырып, сұрақтарға жауап алу.
СОҢҒЫ АЙНАЛЫМ
1 топ
Арман саяхат барысында уақыт пен автомобильдегі одометр көрсеткіштерін жазып отырды:
Уақыт | 14.00 | 16.00 | 16.30 |
Одометр көрсеткіші (км) | 23106 | 23196 | 23212 |
Сұрақтарға жауап беріңіз:
- 14.00 мен 16.00 уақыт аралығында ол қандай қашықтықты жүрді?
- 14.00 мен 16.00 уақыт аралығында оның орташа жылдамдығы қандай болды?
- 16.00 мен 16.30 уақыт аралығында ол қандай қашықтықты жүрді?
- 16.00 мен 16.30 уақыт аралығында оның орташа жылдамдығы қандай болды?
- Берлген уақыт аралығында Арман барлығы қанша жол жүрді?
- Оның барлық жолдағы орташа жылдамдығы қандай?
2 топ
Арман саяхат барысында уақыт пен автомобильдегі одометр көрсеткіштерін жазып отырды:
Уақыт | 14.00 | 16.00 | 16.30 |
Одометр көрсеткіші (км) | 23106 | 23196 | 23212 |
Сұрақтарға жауап беріңіз:
- 14.00 мен 16.00 уақыт аралығында ол қандай қашықтықты жүрді?
- 14.00 мен 16.00 уақыт аралығында оның орташа жылдамдығы қандай болды?
- 16.00 мен 16.30 уақыт аралығында ол қандай қашықтықты жүрді?
- 16.00 мен 16.30 уақыт аралығында оның орташа жылдамдығы қандай болды?
3 топ
Арман саяхат барысында уақыт пен автомобильдегі одометр көрсеткіштерін жазып отырды:
Уақыт | 14.00 | 16.00 | 16.30 |
Одометр көрсеткіші (км) | 23106 | 23196 | 23212 |
Сұрақтарға жауап беріңіз:
- 14.00 мен 16.00 уақыт аралығында ол қандай қашықтықты жүрді?
- 14.00 мен 16.00 уақыт аралығында оның орташа жылдамдығы қандай болды?
Топтық тапсырмалар аяқталғаннан соң, қай топтың қандай дәрежеде тапсырмаларды орындағандары туралы әр топтан бір-бірден оқушылардан сөйлетіп, қорытынды жасату. Негізгі бүгінгі сабақтың мазмұны және мақсаты туралы өз ойларын айтқызу.
Содан соң үйге тапсырма беріліп, олардың шығару жолдарына бағыт беру.
Үйге тапсырма: «Мәтінді есептерді шығару».
№1. Өзеннің ағыс жылдамдығы 2 км/сағ. Егер катер ағыс бойымен 30 км жолды 3 сағатта жүретін болса, онда ағысқа қарсы қанша уақыт жүреді?
Содан соң оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлері бойынша өз ойларын білдіреді.
Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз.
Оқушылар келесі сөйлемдерді аяқтау қажет болады:
- маған ең ұнағаны ……
- мен үшін күрделі болғаны …..
-келесіде мен міндетті түрде орындай аламын…….
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
- Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық. 3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011.
- https://studwood.ru/1740834/pedagogika/sposoby_resheniya_tekstovyh_zadach
- http://lifevidos.ru/watch/H-5Axdbw5QM
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру