Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.


 Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.

 Қысқа мерзімді жоспар6.24.1

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9-бөлім Қайта өрлеу дәуірі

 

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 

Сабақ тақырыбы

Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті?

 

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.3 - Антикалық мәдениетпен байланыс орнату арқылы Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетін (бейнелеу, мүсін өнері) сипаттау;

6.2.3.2 - гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау;

Сабақ мақсаттары

Қайта өрлеу дәуірі мәдениетін суретшілер мен мүсіншілердің еңбектері арқылы сипттау және гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау.

Бағалау критерийлері

 

  • Әулие Мария мен бала Христос суретінің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, салыстырады;
  • Христос суреттерінің қайсысы қайта өрлеу дәуіріне дейін және қайсысы қайта өрлеу кезінде салынғанын анықтап, салыстырады;
  • Топтарда карточкаларды топтастырады және қайта өрлеу дәуірінде Италияда қалыптасқан өзгерістерге ықпал еткен себептерді анықтап, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді себептерді реттілігімен түзу сызық бойына орналастырады.

Тарихи концепт

 

Өзгеріс және сабақтастық

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар өз пікірлерін жұппен және сыныппен келесі сұрақты қарастыру арқылы талқылай алады:

1300 және 1500 жылдар аралығында еуропалық көркем сурет өнері қалай өзгерді?

Пәнге тән лексика мен терминология:

Қайта өрлеу, Византия, Шығыс Рим империясы,

Ортағасырлық Еуропа, Еуропалық Қайта Өрлеу, Ренессанс, перспектива, шынайылылық, нимб (нұр, сәуле), путти, нақыш, утопия,.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Бұл сурет менде мынадай сезім тудырды .....

Суретші мені мыналар арқылы.... бұндай нәрселерді сезінуге мәжбүр етті.

Суретші суретті.......... арқасында шындыққа жақын етіп жасады.

Мен бұл сурет .........кезеңге дейін\кейін салынған деп санаймын.

Қайта өрлеу себебі..........

Екі суреттің арасындағы ұқсастық пен айырмашылық.................

Суретшілер көрерменді.......... сезінуге мәжбүр етуге тырысты.

Өнерде 200 жылда жүзеге асқан өзгерістер................

Бұл суретте басқа суретпен байланысы бар, себебі.............

Құндылықтарды дарыту

 

 

- тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану;

- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;

- басқа мемлекеттердің тарихына қызығушылық қалыптастыру;

Пәнаралық байланыстар

Орыс әдебиеті (мәдениет тақырыбы)

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім

 

Оқушылар бұған дейін оқытылған белгілі бір географиялық факторлардың жиынтығы орасан зор мәдени және зияткерлік өзгерістерге әкелген кезеңдерді еске түсіру қажет болады (мысалы, ислам дінінің пайда болуы). Оқушылар себеп және өзгерістер тұжырымдамалары туралы өз түсініктерін дамыта түсуді жалғастырады.

 

 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

0-5 мин

БЫМ/С Оқушыларға неміс қайта өрлеу дәуірінің өкілі Грюнвальдтің Христосты крестке керу бейнеленген суретін көрсету. Оқушылар тыныш жағдайда суретке назар салып қарайды. Оны зерттей отырып, дәптерлеріне өздерінің бойында қандай сезімдер пайда болғанын жазып отырулары тиіс.

С Сұрақ: «Сенде қандай сезім туындады?». Суретшіге суретті өмірдегідей бейнелеу қиын ба?

Оқушылар өздерінде қандай сезімдер пайда болғанын айтады.

Презентация

Сабақтың ортасы

Топтық жұмыс түрі

5-15 мин

Топтық жұмыс түрі

15-25 мин

Мұғалім түсіндірмесі

25-27 мин

Жұптық жұмыс түрі

27-37мин

Т. Топқа Ортағасырлық және Қайта өрлеу дәуіріндегі Әулие Мария мен бала Христос суретін ұсынып, екі сурет арасында 200 жыл өткенін түсіндіру. Оқушылардан қоғамдағы қандай өзгерістер суретке өзгерістер әкелгенін сұрап, 200 жылда қандай оқиғалар болғанын болжату. Төменде берілген сұрақтар төңірегінде екі суреттін ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, салыстырту.

  • Суреттер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар қандай?
  • Қай сурет қайта өрлеу дәуірінде салынды? Неліктен?
  • Қоғамдағы қандай жағдайлар суретке өзгерістер әкелді?
  • Суретшілер көрерменнің бойында қандай сезімдер тудыруға тырысты?

Т. Христостың бастапқы суретіне қайта оралу. Бұл жолы ұсынылған ресурстардан тура сол көріністің орта ғасырлық бейнесін таңдау. Таңдап алынған орта ғасырлық суреттің бастапқы суретпен ұқсастықтары мен айырмашылықтарына байланысты оқушылардың түсініктемелерін тыңдау (орта ғасырлық суреттің нимбына назар аударыңыздар) және бекіту үшін суреттердің қайсысы қайта өрлеу дәуіріне дейін және қайсысы қайта өрлеу кезінде салынғанын сұрау.

М.Оқыту ресурстарында ұсынылған XV ғасырдағы Джорджо Вазари салған Флоренцияның көрінісін көрсету. Қалалардың пайда болуына түсініктемелер беруді ұсыну, үлкен\ кіші\ бай\ кедей қалалар және т.б. Кейде италиялық Флроенция қаласын «Қайта өрлеу бесігі» деп те атайтынын түсіндіру.

Қайта өрлеу дәуірі тек бейнелеу өнеріне ғана емес, еуропалық өмірдің барлық салаларына, яғни ғимараттарды жобалау, дін, білім мен ойлаудың барлық түрлері, музыка, мүсін өнері, әдебиет, саясат және т.б. әсер еткенін түсіндіру.

Ж. Италиядағы қайта өрлеу дәуірі басталуына әсер еткен түрлі факторларды қамтитын 9 карточкалар жинағын тарату. Оқушыларға Италияда қайта өрлеу дәуірі басталуына ықпал еткен себептерді зерттейтіндерін түсіндіру. Бұл 1500 жылы бейнелеу өнерінде неліктен өзгерістер пайда болғанын түсіндіруге көмектеседі.Топтардан карточкаларды мұқият оқуды және оларды топтастыруды, оларға тақырып ойлап табуды сұрау. Мысалы, ақша, суретшілер, өткенге көз жіберу.

Топтарда карточкаларды қалай топтастырғанын және қайта өрлеу дәуірінде Италияда қалыптасқан өзгерістерге ықпал еткен себептерді талқылап, қорытынды жасату.

Топтардан карточкаларды ұзақ мерзімдіден қысқа мерзімдіге дейін түзу сызық негізінде орналастыруды сұрау.

Дескрипторлар:

  • Берілген сұрақтар негізінде екі кезеңде салынған Әулие Мария мен бала Христос суретінің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, салыстырады;
  • Христос суреттерінің қайсысы қайта өрлеу дәуіріне дейін және қайсысы қайта өрлеу кезінде салынғанын анықтап, салыстырады;
  • Топтарда карточкаларды топтастырады және қайта өрлеу дәуірінде Италияда қалыптасқан өзгерістерге ықпал еткен себептерді анықтап, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді себептерді реттілігімен түзу сызық бойына орналастырады.

Презентация

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Сабақтың соңы

37-40 мин

Сабақты қорытындылау:

Бұл сурет менде мынадай сезім тудырды .....

Суретші мені мыналар арқылы.... бұндай нәрселерді сезінуге мәжбүр етті.

Суретші суретті.......... арқасында шындыққа жақын етіп жасады.

Мен бұл сурет .........кезеңге дейін\кейін салынған деп санаймын.

Қайта өрлеу себебі..........

Екі суреттің арасындағы ұқсастық пен айырмашылық.................

Суретшілер көрерменді.......... сезінуге мәжбүр етуге тырысты.

Өнерде 200 жылда жүзеге асқан өзгерістер................

Бұл суретте басқа суретпен байланысы бар, себебі.............

Рефлексия:

Ең жақсы өткен екі дүние (оқуға және үйренуге қатысты)

Плюс +

Сабақта жақсы білдім

Минус-

Сабақта мен тағы білгім келеді.

Қызықты

Мені қызықтырады

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Сабақта бағалаудың түрлері қолданады: өзін өзі, бірін бірі, топтық және мұғалімнің бағалауы.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Мұғалім сабақ барысында кері байланыс беріп тұрады.

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу