Адал еңбек – адамдықтың белгісі 8 сынып


Сынып сағаты

№3

Күні

15.09.2025

Сынып жетекші

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Тәрбие сағатының тақырыбы

«Адал еңбек – адамдықтың белгісі»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Оқушыларды адал еңбектің маңызын түсінуге, еңбекқорлық пен жауапкершілікке тәрбиелеу. Еңбектің адам өміріндегі құндылық екенін ұғындыру.

Қауіпсіздік сабағының тақырыбы

Желідегі жас шектеулері және олар не үшін қажет?»

Қауіпсіздік сабағының мақсаты

интернетте пайдалы мазмұнды пайдалану дағдыларын дамыту

ЖЖЕ

Жол жүру ережесінің пайда болу.

Жол белгілерінің халықаралық тілі.

Құндылықтарды дарыту

Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

Апта дәйексөзі

Еңбекқорлық-адамның ең жақсы қасиеті

Сабақтың барысы:

Сынып сағатының кезеңі \ уақыт

Сынып жетекшінің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сынып сағатының басы (10 мин)

– «Жасырын мамандық» ойынын бастайды: қорап ішіне әртүрлі еңбек құралдарының кішкентай макеттерін немесе суреттерін салады. Бір оқушы қолымен алып, сипап, қандай мамандыққа тиесілі екенін табуы керек.– «Еңбексүйгіш жүрек» әдісі: жүрекше қағаздарға «еңбекқор адам қандай болады?» деген сұрақ жазылып, оқушылардан жауап жиналады.

– Оқушылар затты сипап мамандықты табады.– Жүрекшелерге өз ойларын жазады және ортада бөліседі.

Қорап, еңбек құралдарының суреттері немесе макеті, жүрек пішінді қағаздар, маркерлер

Сынып сағатының ортасы (20 мин)

– «Еңбек ертегісі» топтық тапсырмасы: әр топқа «Еңбексіз күн», «Адал еңбекпен келген табыс», «Жауапкершіліксіз бала» тақырыптары беріледі. Олар 5 минут ішінде қысқа ертегі құрастырып, сахналайды.– «Еңбек баспалдағы» ойыны: тақтаға еңбекке апаратын баспалдақ суреті ілінеді. Әр басқышқа оқушылар еңбекке қатысты бір жақсы қасиетті жазады (мыс: еңбекқорлық, адалдық, табандылық, ынта).

– Топпен ой құрастырып, шағын сахналық көрініс көрсетеді.– Әр топ кезекпен баспалдаққа шығып, қағазға қасиеттерін жазып іледі.

Ватман, стикерлер, маркерлер, суреттер

Қауіпсіздік сабағы (10 мин)

Міндеті: білім алушылардың онлайн-контентті қауіпсіз пайдалану дағдыларын дамыту. Сабақтың барысы: Кіріспе Мұғалім: интернет-ақпараттың шексіз әлем. Бүгінгі таңда Интернет желісіндегі қолданушылар саны ондаған миллион адамды құрайды және олардың едәуір бөлігі әлемдік желінің қауіптілігі туралы білмейтін балалар. Интернет- мүмкіндіктердің қоймасы ғана емес, сонымен қатар қауіп көзі. Осылайша, жақсыдан басқа, виртуалды әлемде жамандық бар. Интернеттегі дұрыс емес мінез-құлық саған ғана емес, достарыңа, отбасыңа және жақындарыңа, сондай-ақ елге зиян тигізуі мүмкін. Бүгінгі таңда статистикаға сәйкес, оқушылардың 80% күніне үш сағатқа жуық уақытты Интернетте өткізеді, көп уақытын әлеуметтік желілерде өткізеді, физикалық деректері мен отбасы, материалдық мүмкіндіктер туралы мәліметтерге дейін хабарлайды. Мектеп оқушыларына сынып сағаты тақырыбының өзектілігін көрсетуге бағытталған балалар сауалнамасы: Интернетті күнделікті қолданатын балалар қолдарыңды көтеріңіздер. Әлеуметтік желілерде тіркелген балалар қолымызды көтереміз. Интернетте өздері туралы ақпарат қалдырған адамдар қолымызды көтереміз, мысалы: аты-жөні, туған күні, телефон нөмірі, фотосуреттер және т.б.? Негізгі бөлім Мұғалім балаларға сауалнама жүргізеді: сіздердің біреулеріңіз интернетте осындай жағдайларға тап болды ма және сіз қалай әрекет еттіңіз?

Постер, маркерлер, жағдаят жазылған карточкалар

Сынып сағатының соңы (5 мин)

– «Адал еңбек иесі» ойыны: әр оқушы көршісіне еңбекқорлыққа қатысты бір жақсы қасиетін айтып береді.– «Дәйексөзді жалғастыр» әдісі: «Еңбек…» деп бастап, әр оқушы сөйлемді жалғастырады.– Қорытынды: апта дәйексөзін бірге хормен айтады.

– Бір-біріне жылы сөздер айтады.– Сөйлемді жалғастырады.– Дәйексөзді хормен қайталайды.

Стикерлер, тақырып жазылған плакат

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
---



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу