Адал еңбек – адамдықтың белгісі 6 сынып
Сынып сағаты | №3 | |
Күні | 15.09.2025 | |
Сынып жетекші | ||
Сынып: 6 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Тәрбие тақырыбы | ||
Тәрбие сағатының тақырыбы | «Адал еңбек – адамдықтың белгісі» | |
Тәрбие сағатының мақсаты: | Оқушыларды адал еңбектің маңызын түсінуге, еңбекқорлық пен жауапкершілікке тәрбиелеу. Еңбектің адам өміріндегі құндылық екенін ұғындыру. | |
Қауіпсіздік сабағының тақырыбы | «Интернетте жеке деректеріңіз және оларды қалай қорғауға болады? » | |
Қауіпсіздік сабағының мақсаты | оқушыларды «жеке деректер» ұғымымен таныстыру, интернет желісіндегі қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру | |
Құндылықтарды дарыту | Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік | |
Апта дәйексөзі | Еңбекқорлық-адамның ең жақсы қасиеті | |
Сабақтың барысы:
Сынып сағатының кезеңі \ уақыт | Сынып жетекшінің әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар |
Сынып сағатының басы (10 мин) | – «Жасырын мамандық» ойынын бастайды: қорап ішіне әртүрлі еңбек құралдарының кішкентай макеттерін немесе суреттерін салады. Бір оқушы қолымен алып, сипап, қандай мамандыққа тиесілі екенін табуы керек.– «Еңбексүйгіш жүрек» әдісі: жүрекше қағаздарға «еңбекқор адам қандай болады?» деген сұрақ жазылып, оқушылардан жауап жиналады. | – Оқушылар затты сипап мамандықты табады.– Жүрекшелерге өз ойларын жазады және ортада бөліседі. | Қорап, еңбек құралдарының суреттері немесе макеті, жүрек пішінді қағаздар, маркерлер |
Сынып сағатының ортасы (20 мин) | – «Еңбек ертегісі» топтық тапсырмасы: әр топқа «Еңбексіз күн», «Адал еңбекпен келген табыс», «Жауапкершіліксіз бала» тақырыптары беріледі. Олар 5 минут ішінде қысқа ертегі құрастырып, сахналайды.– «Еңбек баспалдағы» ойыны: тақтаға еңбекке апаратын баспалдақ суреті ілінеді. Әр басқышқа оқушылар еңбекке қатысты бір жақсы қасиетті жазады (мыс: еңбекқорлық, адалдық, табандылық, ынта). | – Топпен ой құрастырып, шағын сахналық көрініс көрсетеді.– Әр топ кезекпен баспалдаққа шығып, қағазға қасиеттерін жазып іледі. | Ватман, стикерлер, маркерлер, суреттер |
Қауіпсіздік сабағы (10 мин) | «Жеке деректер» – бұл белгілі бір адам туралы ақпарат. Бұл бізге көпшіліктің ішіндегі адамды тануға, белгілі бір тұлға ретінде анықтауға мүмкіндік беретін деректер. Жеке деректер бойынша анықтайтын мәліметтер өте көп, оларға мыналар жатады: ‣ тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, туған жері, мекен-жайы, телефон нөмірі, электрондық пошта, фотосуреті, жасы және тағы басқа деректер. Сонымен, егер сіз біреуге тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын және тұрғылықты мекен-жайыңызды айтсаңыз, онда белгілі бір адам ретінде толық анықтауға болады. Осы деректер жиынтығынан тұрғылықты жерін, тегін немесе мекен-жайын алып тастасақ, онда қай адам туралы екенін түсіну қиындыққа түседі және мүмкіндіктер азаяды. Жеке деректер сіздің тегіңіз немесе атыңыз ғана емес, жеке деректер – сіз туралы толықтай анықтап алуға мүмкіндік беретін мәліметтер. Негізгі бөлім Егер сіз жеке деректерді қорғау ережелерін сақтамасаңыз, келесі салдар туындау мүмкін: ‣ біреу бұл деректерді жарнама арқылы сізге бір нәрсені сату үшін пайдаланады; ‣ сізді ұнатпай интернетте қорлайды, жамандайды, мазақтап беделіңізді түсіреді; ‣ сіздің жеке деректеріңіздің көмегімен алаяқтар, ұрылар сіздің ақшаңызды ұрлап, сізді бопсалап, кейбір қауіпті әрекеттерді жасауы мүмкін. Қорытынды Сабақты қорытындылау. Сабақ тақырыбы бойынша оқушылардың сұрақтарын талқылау. | Постер, маркерлер, жағдаят жазылған карточкалар | |
Сынып сағатының соңы (5 мин) | – «Адал еңбек иесі» ойыны: әр оқушы көршісіне еңбекқорлыққа қатысты бір жақсы қасиетін айтып береді.– «Дәйексөзді жалғастыр» әдісі: «Еңбек…» деп бастап, әр оқушы сөйлемді жалғастырады.– Қорытынды: апта дәйексөзін бірге хормен айтады. | – Бір-біріне жылы сөздер айтады.– Сөйлемді жалғастырады.– Дәйексөзді хормен қайталайды. | Стикерлер, тақырып жазылған плакат |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру