Пән: Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шеңбермен байланысты бұрыштар Сабақ тақырыбы: Іштей сызылған бұрыштар және қасиеттері Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: іштей сызылған бұрыштар ұғымдарын және қасиеттерін біледі; Сабақ мақсаттары: іштей сызылған бұрыштар ұғымдарын және қасиеттерін біледі.....
Пән: Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дұрыс көпбұрыштар және шеңбер Сабақ тақырыбы: Дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустары арасындағы байланыс Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустары арасындағы байланысты білу және қолдану; Сабақ мақсаттары: Дұрыс көпбұрыштың қабырғасы мен оған іштей сызылған шеңбердің радиусының арасындағы байланысты білу және қолдану; Дұрыс көпбұрыштың қабырғасы мен оған сырттай сызылған шеңбердің радиусының арасындағы байланысты білу және қолдану;.....
Пән: Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шеңбер. Көпбұрыштар Сабақ тақырыбы: Дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлер радиустары Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: дұрыс көпбұрыштың қабырғаларын, периметрін, ауданын және оған іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын байланыстыратын формулаларды білу және қолдану; Сабақ мақсаттары: Дұрыс көпбұрыштың қабырғаларын, периметрін, ауданын және оған іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын байланыстыратын формулаларды қолданып есептерді шығарады......
Пән: Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Микробиология және биотехнология Сабақтың тақырыбы: Бактериялардың түрлі пішіндерін сипаттау. Оқу мақсаты: 7.4.3.1 бактериялар формаларының әртүрлілігін сипаттау Бағалау критерийлері: Оқушылар орындай алуы керек: Бактериялардың құрамдас бөліктерін атай алады. Сурет бойынша бактерияның 4 пішінін анықтайды......
«Ел болуға өзінің тілі, діні, салты мен әдебиеті-мәдениеті бар ел ғана тұғырлы бола алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз.» -деген А.Байтұрсынұлы. Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымды түрде еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға өзгенің пікірін тыңдап, бірін- бірі құрметтеп, өз тілінде құлаштай еркін сөйлейтін саналы ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі ел еншісі болып отыр. Сол саналы ұрпақтың жарқын болашағын жасампаз ету үшін біз білімді азаматтардың ең негізгі парасаттарын міндеттеуіміз қажет.
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктейтін кезеңде қолға алар ісіміздің бірі-бүгінгі жас буын өкілі. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз егесін алып, өзінің дербес мемлекеттігін қалыптастыруда. Болашақ еліміздің ұрпаққа деген сабақтастығынан туындайтын дүние болғандықтан әр халықтың болашағы саналы ұрпаққа тәуелді екендігі даусыз мәселе.
Ел басымыздың биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялауының өзі жай емес. Ұлттың барша мұрасы саналы да салиқалы ұрпаққа аманат етіледі. Ал жастар оны өнбойына сақтамаса, өзімізден кейінгі ұрпаққа буын сабақтастырып кетпесе, біртіндеп сол ұлттың атауы да өшіп жоғалатыны туралы алаш қайраткері Мағжанның атап кеткені бекер емес екені белгілі.
Бүгінгі педагогика ғылымдырының алдында тұрған зор міндеттердің бірі-саналы ұрпақ тәрбиелеу, жастардың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей, өз елін сүюге, салт- дәстүр, әдет- ғұрпын сақтауға,өз тілін мақтан ете отырып өзге тілді меңгеруге ықпал жасау. Ғылыми жаңғыру, жаhандану заманға сай өз үлестерін қосу, Ел болашағын әлемге таныту бүгінгі ұрпақпың үлесінде. Еліміздің тұңғыш президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Бүгінгі өскелең ұрпақымыз білімді, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлт танымды азамат болуы керек.»-деп атап өтті......
Мақсат. Қыран құс ұшар шыңының ең биігіне жеткенде қанатын айқара жаяды. Қасқыр отарға шапқанда, бүкіл қойдың біразын бауыздап, айналаны қызыл қан қылып, қырып салып, ішінен біреуін таңдап жейді. Ал, адам ше? Адам мақсатқа жеткенде қалай рақаттанады? Мақсатқа жеткендегі жеңіс дәмі қаншалықты тәтті? Неліктен қиналып қол жеткізген табыс жаныңа жақынырақ, басқа жетістіктерден маңыздырақ болады? Мысалы, мен биыл тоғызыншы оқу жылын бастадым. Биылғы оқу жылын байқаумен бастау менің қысқа мерзімді мақсатым немесе қысқа дистанциядағы марафоным. Өмір адамды жарыста ғана өсіре ме? Әлде табысқа жету деген - күштілігіңді, ептілігіңді, қабілет - дарыныңды, тіпті мүмкіндігіңді көрсететін меже ме? Дәл солай сияқты көремін.
Ендеше, әр мақсаттың өз шыңы, оған жетудің өз жолы болатыны анық. Еңбекпен жеткен жеңіс – Хан Тәңірі де, көмекпен, демеумен, итермелеумен қолға жүсірген табыс – жай ғана қоңыр төбе. Менің осы жылдарда тындырған істерім – өзім үшін, еңбек етіп жүрген ортам үшін қандай да бір табысқа қол жеткізгендігімнің нәтижесі. Мен бұдан қандай ләззат алдым? Өстім, бұл – анық. Бірақ адам қалпымды қаншалықты сақтай аламын? Енді «бәрін білдім, үйрендім, толдым»,- демеймін бе? Жеңістің тәтті дәміне масайрап кеткен адамдар жайында естіп, кинодан көріп, ғаламтордан танып жүрмін. Бұл байқау мұғалімге не үшін керек дерсіз? Өзім үшін! Не істеп жүргенімді өзім білмейтін, құр статистика құрбаны болып жүрген уақыттарда болды. Уақыттан да ұялу қажет. Менің қазіргі мақсатым – өзімді-өзім жетілдіріп, алдымда отырған Қазақстанның болашақ жастарын адами қасиеттерге ие азамат(ша) қылып тәрбиелеп шығару. .....
Өмір... Сірә, өмір жайлы толғанбаған, сырлы қаламымен жырламаған ақын-жазушы дүниеде жоқ шығар. Талай ғасырдан бері «дүние қалай пайда болды, адам қалай жаратылды, өмірдің мәні неде?» деген сұрақтар адамзатты мазалағаны даусыз. Ол туралы философтар, ғалымдар, саясаткерлер бір-бірінен ерекшеленетін тұжырымдар келтірген. Менде өзімнің өмірге көзқарасымды, өмірдің мәні неде екенін айта кетейін.
Ештеңені ойламай, алаңсыз, уайымсыз күн кешіп жүрген балалық шағым. Әжемнің ертегісін тыңдап, атамның ақылын есте сақтап, әкеме еліктеп, анама еркелеп, бауырларыма қамқор болып жүрген бақытты кезім. Ауылдың таза ауасын жұтып, достарыммен ойнап, өрістен қайтқан малдарды тамашалап, күннің ыстығына қарамай қызық қуып кететін шаттыққа толы балалық шағым. Қолыма гүл алып мектептің табалдырығын аттаған қорқыныш пен қызыққа толы сәт, сыныптастарыммен жарысып, мұғалімнің тәлімін алып, білім қуған кез. Бәрі өткеннің еншісінде. Қайта айналып келмейді. Өйткені, бұл өмір. Ал, «өмір» деген не? Біріншіден, тоқтаусыз зымырап жатқан алтын уақыт. Екіншіден, күнделікті күйбең тіршілік. Үшіншіден, отбасы, мектеп, жұмысты ойлап өтіп жатқан күнің... Сіздің өміріңіз қалай өтуде? Осы жасыңызға дейін істеген істеріңіз, уақытыңызды қалай жұмсап жатқаныңыз жайлы ойланасыз ба?
Адам адам болып жаратылғаннан бері біраз уақыт өтті. Сол уақыт аралығында адамзат соғыс, жұт, табиғи апат және басқа да қиыншылықтарды басынан өткізді. Өз қолдарымен жасалған әрекет қаншама. Осыдан кім қандай пайда көрді? Олар үшін өмірдің мәні неде?
Адамдардың армандары, мақсаттары, қалаулары әр түрлі болады. Біреуі – бай болсам, менің атымды дүниежүзі білсе екен, екіншісі – адамдарға қалай көмек көрсетсем, оларды таза жолға түсірсем екен десе, үшіншісі – тек бір сәттік ләзатты іздеп, ойын-сауықтан қуаныш табады. Олар үшін өмірдің мәні осылар. Және өздерінің арман-мақсаттарына жеткеннен кейін риза болып, қанағаттанбайды. Не себепті? Сіз сол жайында ойланып көрдіңіз бе?.....