👈 қаріп өлшемі 👉

Тiлеуке Құлекеұлы

 Тiлеуке Құлекеұлы

Алыстан кедейлiктiң алдынан шық,
Төбесi көрiнген соң қиын болар.

Имансыз көңiл — кiрмен тең.

Ағайын жат болады алыс болса,
Жат та жақын болады — таныс болса.
Дұшпан түгіл достарың табалайды,
Аяғың бір нәрседен шалыс болса.

Қамқа тонның тозғанын көп жасаған қарт білер, ағайынның озғанын жақын емес, жат білер.

Тәңірі алдына барғанда бәрі бірдей,
Патша болып мінсең де алтыннан тақ.

Адамды жөн білетін дана деп біл,
Істерін жалқау жанның шала деп біл.

Дос болма майда тілді күлгенменен,
Беймағына сырты жылтырап жүргенменен.

Шабан ат жаман аттан азбас, тегі.

Елу — ердің жасы екен, алпыс - бір сұмдықтың басы екен.

Жас сыны: қырықта — қынаптағы қылыштаймын, елуде - әр қиынға жұмыстаймын, алпысымда — ашқарақ бөрідеймін, жетпісте — шала илеген терідеймін, жетпістен асып, сексенге келгенімде — кері кеткен перідеймін, тоқсанға келгенімде — торғайдаймын: атқа мініп, малымды зорға айдаймын, кемпір мен шалдан билік кеткеннен соң, отырып от басында ойбайлаймын. Тоқсан бесте - мен өзім тор болғамын, мүләйім отқа салған бор болғамын, кәрілік әбден езіп болғаннан соң – баланың баласына қор болғамын.

Ат — жетім: өрен жүйрік шабылмаған, құс — жетім: саятшысы табылмаған, әйел — жетім: өзінің теңін тауып қосылмаған.

Өткен қайтып келмейді, алғанын құдай бермейді.

Кәрілік — күлге аунаған кәрі бура.

Ханнан тақыт таярда - қараша жұртпен хас болар,
Байдан бақыт таярда — дәулетіне мас болар.
Кәріден абырой таярда — аңдығаны ас болар,
Жетесіз туған жігіттер — жиырма бесте жас болар.

Елу - ердің жасы, жетпіс - оттың басы, сексен - шоқтың қасы.

Кәрілік қалдырады ұятқа.

Кәрі өлсе — дауыл тынғаны, жас өлсе – бәйтерегіңнің сынғаны.

Көңілі өсіп мейманасы асқан адам кәрілікті мойыңдамайды.

Ақыл мидан қайнап шыққаны дұрыс.

Жастық өтер, кәрілік жетер.

Адам әуелі бастан қартаяды.

Өткен іске өкінген өмір зая.

Қарт жақсы жас жақсысын күндемеген.

Әйел алсаң қарап ал ақылдысын,
Сол болар басқалардан жақын кісің.
Ағайынға, туысқа қайырылса,
Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің.
Ерге – аю, балаға – қасқыр болса,
Ондай қатын алғанның күні құрсын.

Кедейлік - ер жігітке намыс емес, жоқ болсаң - досың дағы таныс емес.

Бардан жарлы болғандар болар арлы.

Ашуланшақ келеді жарлы кісі.

Шешен сол - сөйлер сөзден қамалмаса,
Жақсы сол - істер ісін тәмамдаса.

Бақ көшсе ақылыңа қарамайды.

Білімің болсадағы ұшан-теңіз,
Пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Үздік оқытушыға 6 млн теңге беріледі 26.10.2021, 0
» Қазақстанда тоғыз банк таратылады 23.10.2021, 0
» Ұстаздардың жұмысын жеңілдететін жаңа платформа іске қосылды 20.10.2021, 0

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы