Учитель истории ГУ « Специальная общеобразовательная школа № 19 города Экибастуза» Ешмухамбетова Айна Джанбулатовна
Цель: формировать у учащихся чувство уважения к своей стране, содействовать воспитанию патриотизма и гражданственности, развивать речь учащихся, прививать культурные навыки.
Оборудование: Карта Казахстана,слайды,аудиозапись казахской народной музыки, книжная выставка.
Учитель: Здравствуйте ,уважаемые зрители,гости! Сегодня наше мероприятие посвящено празднику НезависимостиКазахстана.16 декабря 1991 г в нашей стране был принят.......
Есть ли такое государство, которое за 25 лет, а по историческим меркам это буквально миг, достигло такого уровня развития, как Казахстан? ! Мы знаем, что нет. 16 декабря 1991 года Президент Назарбаев, действуя по зову разума, руководствуясь стремлением обратить общественную свободу во благо казахстанцев, подписал Конституционный закон "О государственной независимости Республики Казахстан". Этот день вполне достоин рассматриваться, как великий день.......
Арман Тілектесұлы Бердалин (10 желтоқсан 1983 жылы, Айсары ауылында туды) — айтыскер, ақын, жазушы, саясаттанушы. Ұлты — қазақ, діні — ислам. Өмірбаяны Арман Тілектесұлы Бердалин 10 желтоқсан 1983 жылы, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Айсары ауылында туды. Біржан сал атындағы өнер колледжін, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің саясаттану факультетін бітірген (2004). Красный Яр кентіндегі Мәдениет үйінің директоры (2007). 1992 жылы өткен «Әнші балапан» конкурсының жеңімпазы. Абайдың 150-жылдығына (1995), Қарасай батырдың 400 жылдығына (1998), Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 110-жылдығына (2003), Мағжан Жұмабаевтың 110-жылдығына (2003, 2-ші орын), Сейтен Сауытбаевтың 95-жылдығына (Гран-при), Көкен Шәкеевтің 80 жылдығына (Гран-при, 2004), Шығанақ Берсиевтың 125-жылдығына (Гран-при, 2006), Қостанай облысының 70-жылдығына (Гран-при, 2006), Қарағанды облысының 70-жылдығына (2007), Ақмола облысының 70-жылдығына (2009) арналып өткізілген көптеген өңірлік, республикалық айтыстардың жеңімпазы. Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арналған «Жас толқын» фестивалінде 1-орын алды. Ресейдегі Қазақстан жылына (Мәскеу, 2004) арналып өткізілген халықаралық ақындар айтысына қатысқан.....
Әнші Жазира Байырбекова 1978 жылы 30 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауылына қарасты Пақташы атты жерде дүниеге келген. Өзінің де, күйеуі Жанболат Ербатыровтың да отбасында тоғыз ағайынды. Жазира Байырбекованың әпкесі журналист, бірақ бүгінде ән айтып жүр. Бауыры Серік университетте, Аққал Хасенова есімді сіңілі кітапханада жұмыс істейді, сіңілі Ұлдан теміржолда, әпкесі Сәбира аспаз, тағы бір әпкесі Ботагөз тігінші және ағасы Ерболдың жеке кәсібі бар. Бұдан өзге Ләззат есімді әпкесі үлкен сахналарда ән айтса, өзінен кейінгі сіңілі Нәзира төртінші билік қатарында. Айтуларынша, Жанболат Ербатыровтың да бауырлары өнерден құр алақан емес. Ол 1973 жылы Қызылорда облысы Арал қаласында дүниеге келген. Жазира Байырбекова ес білгелі ән айтып келетінін айтады. Тіпті, мектеп табалдырығын аттамай жатып туған әпкесі Ләззат Байырбекованың сыныбына барып, әр мерекеде қосылып ән шырқайтын болған. Қос әнші Алматы қаласына келгенде жейтін тамақтары мен жолға төлейтін ақшалары болмай қиналған. Десе де, олар тағдыр тауқыметін көп көргендеріне қарамастан, бір-бірін таңдағандары үшін ешуақытта өкінбегенін айтады...
Денис Тен Олимпиада ойындарының болашақ жеңімпазы 1993 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол Кореядағы әйгілі генералдың ұрпағы болғандықтан, көшбасшы және батыл болу маңдайына жазылған десе де болады. Анасы - кәріс, әкесі - еврей, отбасында екі бала бар. Мәнерлеп сырғанаушы "Біздің отбасымызда біреуіміз - спортшы, екіншіміз - өте ақылдымыз. Кімнің кім екенін біліп тұрған шығарсыздар" деп жиі әзілдейтін. Ата-анасы баласының бойындағы жан-жақтылықты ерте жасынан байқайды. Денис бір уақытта спорттың бірнеше түрімен қатар айналысып, би билеп, ән айтып, сурет салған. Арасында күшін теннис, акробатика және жүзуге бағыттап көреді. Каратэ және тхэквондомен де айналысады. Музыка мектебінде 5 сынып оқып, фортепианода ойнап, хорда ән айтты. Бірақ кейін бұлардың барлығын конькиге алмастырды.....
Әйгерім Қалаубаева 1985 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол Алматыдағы А.В.Селезнев атындағы хореография училищесін үздік бітірген. Кішкентайынан сахнаға биші ретінде шыққанымен, Әйгерім әнші болуды армандапты. Ол хореографиялық училищені бітірген соң, анасының ақылымен өнерден алыстау мамандықты таңдаған. Сөйтіп, Алматыдағы Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-ді тәмәмдады. Экономика саласының маманы болғанымен, Әйгерім мамандығы бойынша жұмыс істеген жоқ. Еңбек жолын «Хабар» телеарнасындағы «Ұят болмасын», «Біздің көшенің тұрғындары» бағдарламаларында бастап, көрерменге ерке қыздың рөлі арқылы танылды....
Берік Айтжанов (1979 жылы 11 наурызда Қызылорда облысында туған) — қазақстандық танымал кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). "Құлагер" Ұлттық киносыйлығының иегері (2009).
Берік Айтжанов 1979 жылы 11 наурызда Қызылорда облысында дүниеге келген. Әкесі Алматы ауылшаруашылық институтын бітіргеннен кейін, Қызылорда облысына аттанған соң, Берік Айтжанов дүниеге келді. Бірақ болашақ актердің жанұясы Беріктің үш жасында Алматыға қайтып оралды. Негізі Беріктің актёрлық мамандықты таңдауы, Сатыбалды Нарымбетовтың «Лейланың мінажаты» фильміне жолы түспегенімен байланысты болды. 2004 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының музыкалық факултетін бітірген. 2004 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында. 2009 жылға дейін Берік «Час волка», «Мұстафа Шоқай» және «Махамбет» картиналарында дебютке шығуына қарамастан, театр көрермені оны, кино және теледидар көрерменіне қарағанда жақсы білетін. Алайда, экрандарға Ақан Сатаевтың «Ағайынды» сериалының шығуымен барлығы өзгереді. Аз сериялы хикаяда Айтжанов негізгі рөлдердің біріндегі кейіпкер. 2011 жыл Айтжановтың карьерасына үлкен сәттілік әкелуде. Ол Егор Кончаловскийдің «А»-ға оралу» және Сатаевтың «Ликвидатор» киносында ойнады.....
Сағатова Әсел (5 мамыр 1985 жылда) – қазақстандық актриса.
Өмірбаян Семей қаласында туған. Алматыдағы орыс хореографиалық мектепті бітірген. Ол 14 жастан модель болып істеген. 9 сыныпта Әсел жарнамаларға түскен. Гонконгта және Таиландта жұмыс істеді. Әл-Фараби атындағы Қазақстан ұлттық университетін бітірген. Халықаралық қатынастың факультетін қызыл дипломмен бітірді. Оқудың барысында магистратурада музыкалық бағдарламаның қазақ телеарнада жұмыс істеген, және концерттердің ұйымының продюсерлік орталығында жұмыс жасаған. Қазір кинода түсіріледі және "халық лотерея" деген бағдарламаны жүргізеду. "РТРК АО "Қазақстан" фирмасында менеджер болып жұмыс істейді. Өз жолын қырғыз жазушының Шыңғыс Айтматов кітабының жазылғанына кинода түсірілген "Ананың маккуратыра тұралы жылағаны" деген фильмде түскен. Әсел бір неше қазақстандық және ресейлік-қазақстандық фильмдерде түсірілді. Басты рөлдерді "Кекесін көңіл" деген фильмдердеойнады, Рэкетир. 2012 жылдың соңында Әсел Сағатова атындағы модельдік мектеп ашылған.....
Толқын Қалиқызы Забирова (1970 жылы 17 қазанда Семей облысы Аягөз қаласында туған) — қазақ эстрадасына опералық музыканы әкелген тұңғыш әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2008). Өнертану ғылымдарының кандидаты. Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры.
Білімі Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1979 - 1988 жылдары А. Жұбанов атындағы Республикалық музыка мектебінің дирижерлік классын «Хорға дирижерлік ету» мамандығы бойынша бітірген. 1988 - 1993 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының вокал-хор факультетінің "жеке ән салу" мамандығы бойынша Социолистік Еңбек Ері, КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері, педагог-профессор Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың класын үздік бітірген. 1998 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының асперантурасын бітірген. ....