Қол мен тырнақ күтімі. Ерлер білуге тиіс 7 жағдай

Ерлердің тырнақ күтімі дегенде, әрине, біз тырнақ өсіру немесе оны бояп жүруді айтпаймыз. Саусақтың шымырлығын арттыра отырып, оның терісінің саулығын бақылаудың өзі бізге жетіп артылады. Егер қарапайым (саусақпен асылып, турникке тартылу, «груша» ұру сияқты) жатығулар саусақтарымызды шынықтырса, саусақтың саулығын күнделікті күтім ғана қамтамасыз етеді. Барыңызды базар етіп, «нан табатын» саусақтарыңызды күте білу заманауи жігітке қажетті қабілет. Сонымен, бастайық:

1) Егер осы мақаланы оқып отырған болсаңыз, қолмен қоқыс тазалап, кетпенмен арық қазуды кәсіп қылмағаныңызға шүкірлік етіңіз. Шүкір етіп ғана қоймай, табиғат ананың бізді жануарлардан ерекшелеп, епті қылған сыйлығына, яғни айналдырған он саусағыңызға мұқият көңіл бөлмеген болсаңыз, бүгіннен бастауға еш кедергі жоқ. Өйткені заман талабына сәйкес.....
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер
Толық

Головкин Монроны алтыншы раундта нокаутпен жеңді (видео)

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкин спорттық мансабындағы 33-ші кездесуін жеңіспен аяқтады. Қазақстандық боксшы АҚШ-тың Калифорния штатында кіші Вилли Монроны алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіп шықты.

Бірінші раундтан бастап-ақ қарсыласын ауыр соққылардың астына алған GGG америкалық боксшының адымын аштырмады. Ал екінші раундта екі рет қарсыласын нокдаунға жіберді. Бірақ Вилли Монро кездесуді....
Жаңалықтар
Толық

10 миллион доллар тұратын start-up

Қазақстанда Start-up жобаларды қолдау қоры пайда болады. Қорды «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрады. Бұл туралы «АЛМЭКС» Холдингілік тобы» АҚ Басқарма Төрағасы Мәжит Есенбаев баспасөз-конференциясы барысында хабарлады.

«Біз start-up жобаларды қолдау жөніндегі қор қалыптастырмақшымыз. Жиынтықтап алғанда бұл қор шамамен 10 миллион доллар болмақшы. Өздерінің арынды идея-тілектері бар, алайда оларды жүзеге асыратын қаражаты жоқ жастарды қолдағымыз келеді. Мұндай қаражат болады, және ол қаражатты жастарға беруге дайынбыз», – деп мәлімдеді Мәжит Есенбаев.....
Жаңалықтар
Толық