» » » Қазақша өлең: Әбу Сәрсенбаев (Ескерткіш)

Қазақша өлең: Әбу Сәрсенбаев (Ескерткіш)

Қазақша өлең: Әбу Сәрсенбаев (Ескерткіш) казакша Қазақша өлең: Әбу Сәрсенбаев (Ескерткіш) на казахском языке
Советтер Одағының Батыры Мәншүк Жиенғали қызы Мәметоваға арнадым.

Кең Ресей даласымен,
Тартсаң егер күн батысқа,
Кездесесің зәулім биік,
Бір ескерткіш ақық тасқа.
Ескерткіштің төбесіне
Тізіледі жұлдыз біткен,
Кім еді бұл ардақтымыз
Бар табиғат тәжім еткен?!
Сонда соғыс жаңғырығы
Осы арада қалып қойған,
Өткен айқас бейнесі боп
Көшкен шақта алға майдан.
Сізге сырды сөйлеп беред
Кілтін бұрап шежіренің,
Бұл қан майдан қаһарманы,
Менің ерке батыр қызым.
Сонау шалғай сары арқаның
Шоқтығында көкше таудай,
Бұлаң болып бой жетті ол,
Тау шандозы ақ маралдай.
Хан Кененің қасиетті
Кезді талай үңгір тасын,
Бурабайдың бұлағына
Сала құлаш жуды шашын.
Күн батыстан қатер торлап,
Ел шетіне төнген шақта,
Қаншайымдай қайратты қыз,
Мініп асыл арғымаққа,
Ақ бөкендей жорта берді,
Ажал күткен жау қайдалап,
Арғымағы алып-ұшты,
Тарғын мінген тарландай-ақ.
Ол атойлап енген шақта,
Жау қамалын сөгілдірді.
Ат бауырынан қара қанды,
Тас бұлақтай төгілдірді.
Мая-мая қалды елік,
Қыз қылышын сермегенде,
Қос уыстап ұрттады қан,
Көкке жүрек шөлдегенде.
Жұрт сүйсініп мақтан етіп,
Дер ед "біздің батыр Науан".
Барар ед ол жалғыз өзі,
Алған шақта жау жағадан.
Көрікті еді түрі бөлек,
Қою қасты, жазық маңдай,
Қыр мұрынды, жалын көзді,
Ерлік үшін жаралғандай.
Төзбей қыздың қаһарына
Қашты дұшпан жапырыла,
Ел ардақтап белгі орнатты,
Ардың алып батырына.
Дейді соғыс жаңғырығы,
Сұрағыңа жауап беріп,
Мадақтайық қазақ қызын,
Ер Мәлікке болған серік.

Автор: ZHARAR | 1 734 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Мұхтар Шаханов (Үнсіздік)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Үнсіздік)
Өлең: Қалижан Бекқожин (Жауынгер маршы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қалижан Бекқожин (Жауынгер маршы)
Өлең: Күләш Ахметова (Қазақ қызы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Қазақ қызы)
Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Теміртас)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Теміртас)
Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Танктер)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Танктер)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Дүниеге ақын келгенде)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Дүниеге ақын келгенде)
Реферат: Тарих | Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы
Рефераттар жинағы
Реферат: Тарих | Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы
Реферат: Қазақ әдебиеті | Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова
Рефераттар жинағы
Реферат: Қазақ әдебиеті | Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова
Қазақша өлең: Бұқар жырау (Ақсаңнан биік тау болмас)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Бұқар жырау (Ақсаңнан биік тау болмас)
Қазақша өлең: Абыл Тілеуұлы (Батырларды жоқтауы)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абыл Тілеуұлы (Батырларды жоқтауы)
Қазақша реферат: Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (1922 - 1943)
Рефераттар жинағы
Қазақша реферат: Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (1922 - 1943)
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Орал орманы)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Орал орманы)
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Майдан түні)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Майдан түні)
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Майдан жолында)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Майдан жолында)
Қазақша өлең: Мәриям Хакімжанова (Майға)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мәриям Хакімжанова (Майға)
Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Арғымаққа айдай таға қақтырса)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Арғымаққа айдай таға қақтырса)

KZ / Өлеңдер жинағы, әбу сәрсенбаев Ескерткіш өлең стихи на казахском абу сарсенбаев казакша олен, әбу сәрсенбаев өлеңдері, стихи на казахском языке абу сарсенбаев, абу сарсенбаев олендери, Ескерткіш, Ескерткіш өлең олен стихи, әбу сәрсенбаев Ескерткіш өлең стихи на казахском абу сарсенбаев казакша олен әбу сәрсенбаев өлеңдері стихи на казахском языке абу сарсенбаев абу сарсенбаев олендери Ескерткіш Ескерткіш өлең олен стихи, Қазақша өлең: Әбу Сәрсенбаев (Ескерткіш) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке