"Қазақ әдебиеті" газеті алғашқы санынан бастап ұлт мүдесін ұлықтап, ұлттық дәстүрімізді жазып келе жатқан басылымның бірі. Осы басылымға сол кезеңде газеттің бас қасында болған Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов және өзге көптеген тұлғалар мен қатар, публицистикалық мақалаларын да жариялап келгені де жұртшылыққа белгілі. Сөйтіп «Қазақ әдебиеті» газетінің алғашқы санынан бастап, күні бүгінге дейін публицистика жанры тұрақты орын алып, қазақтың ұлттық мүдесін қорғау жолындағы күресте алдыңғы қатардан көрініп келеді. Иә, еліміз егемендік алғаннан кейін «Қазақ әдебиеті» газеті жаңа сапалық белестерге көтерілді. Қазақ халқының ғасырлар бойғы жасаған рухани мұрасын енді ұлттық мүде тұрғысынан саралау ісін көтеріп, әдеби-мәдени ой-пікірдің орталық қазынасына айналды. Әсіресе, қазақ халқының ұлт-азаттық жолындағы арман-аңсарлары көрініс тауып, күрес жолдары жырланған шығармаларды қалың оқырманға жеткізген де осы басылым. «Қазақ әдебиеті» газеті қашан да ұлт мүдесі жағынан табылып келген газет. Газет бүгінгі күні де қай жағынан болмасын терең тақырыпта өзекті мақалаларды жазып халық көңілінен үлкен орын алуда. ....
Кіріспе Көне тарихтың куәсіндей болып, бізге қадым замандардан жеткен ежелгі түркі әдеби жәдігерліктерін жан-жақты зерттеп, олардың ішінен інжу-маржандай ең асылдарын сұрыптап ала білу, әрі сан ғасырлар бойы халық даналығы тудырған асыл қазынаны бүкіл қоғамдық ой-сананы қайта құрып жатқан егеменді еліміздің игілігіне айналдыру-қазақ әдебиеттану ғылымының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі деп білеміз.Сондай-ақ көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз әдебиетінің өзара байланысын зерттеп, сол арқылы әдеби мұралардың қазақ халқының төл әдебиетінің қалыптасуына қалай әсер еткенін ғылыми негізде ашып көрсету болашақтың ісі деп санаймыз. Қазақ елінің қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, әдеби, жалпы рухани тарихы қайта жазылып жатқан бүгінгі таңда ежелгі әдеби жәдігерліктердің әр қайсысын жеке-жеке, дербес күйінде зерттеумен шектеліп қалудың өзі жеткіліксіз болып отыр. Ендігі міндет-ежелгі тарихтың түрлі кезеңдерінде өмірге келген әдеби шығармалардың бірінен-бірі туындап жататын ішкі логикалық байланыстарын, өзара ықпал әсерін, даму жолдарын көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз әдебиетінің арасындағы өзара байланыстарын талдау, сұрыптау болып табылады. Ал, бұл аса жауапты міндетті жүзеге асырудың өзі ежелгі әдеби жәдігерліктерді өзара байланысты түрде алып қарастыруды талап етеді. Дәлірек айтсақ, қазақ әдебиетінің түп-төркінін, қайнар бастауларын объективті түрде зерттеудің ғылыми принциптерінің бірі-ежелгі әдеби жәдігерліктерді ауыз әдебиеті үлгілерімен өзара байланысты түрде алып талдау болып табылады. Әрбір ұрпақ өзінен бұрын ғұмыр кешкен барлық ұрпақтар жасаған рухани мұраны игеріп,оны жаңа қоғамдық-тарихи жағдаиға сәйкес жетілдіріп отыруы тиіс.Сонда ғана қоғам дамуының рухани мүмкіндіктері объективті түрде жүзеге асады.Міне, сол себепті біз ежелгі түркі әдебиеті мен қазақтың халық ауыз әдебиеті арасындағы сан ғасырлар бойы үзілмей ұласып келе жатқан көркемдік дәстүр жалғастығы проблемасын осы тұрғыдан зерттеуді жөн көрдік. Тақырыптың өзектілігі: Көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз әдебиеті арасындағы өзара байланыс-қазақ әдебиеттану ғылымында тарихи және теориялық жағынан барлық қыры толық күйінде, жан-жақты зерттеле қоймаған аса күрделі проблемалардың бірі болып табылады. Ал, бұл мәселені ғылыми тұрғыдан зерттеу-ұлттық сөз өнерінің эстетикалық қуатын, философиялық мән-мағынасын әрбір әдеби жәдігерліктердің өмірге келу себептерін айқындап алуға мүмкіндік береді. Бүгінгі қоғамдық, әлеуметтік, рухани өмірімізде орын алып отырған қыруар өзгерістердің өзі ежелгі көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз әдебиетінің өзара байланысын ғылыми негізде айқындап алуды қажет етіп отыр.Рас, соңғы жылдары қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірін зерттеуге арналған бірқатар қуынды еңбектер өмірге келді.Алайда, қазақ әдебиетінің түрлі кезеңдерін, сан қилы мәселелерін, жанрларын тағы басқаларын зерттеуге арналған мұндай ғылыми еңбектер өзара жалғаспай, бірін-бірі толықтырмай, сол арқылы ежелгі дәуір әдебиеті тарихының тұтас ғылыми картинасын жасамай, әрқайсысы жеке-жеке күйінде қалып отыр. Көне жазба әдебиеттің ауыз әдебиетіне, ауыз әдебиетінің көне жазба әдебиетіне өзара әсер ықпалын, байланысын қарастыру әдебиет тарихындағы елеулі мәселелердің бірі.Осы құбылыстың табиғатын тану, қыры мен сырын түсіну қажеттігі тақырыбымыздың өзектілігін айқындайды. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің қалыптасу, даму динамикасын қадағалау әдебиет тарихының үлесіне тиеді. Бұлардың өзара сабақтастығын, байланысын анықтау- осы ғылым саласының басты проблемаларының бірі. Осыған орай ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын сақтар мен ғұндар дәуірінде хатқа түскен әдеби жәдігерліктер мен түркі-оғыз қағанаттары дәуірлеріндегі жазба ескерткіштерде кездесетін ауыз әдебиетінің элементерін, уыз әдебиеті үлгілерін тауып талдауды алдымызға басты мақсат етіп қойдық. Сондай-ақ Махмұт Қашқаридың «Диуани-лұғат-ат түрік » еңбегіндегі үлгілердің және Әлидің «Қисса Жүсіп »,Рабғузидің «Қисса-ул әнбия» сияқты туындыларының ауыз әдебиетіне әсер- ықпалын ашуды да мақсат деп алдық. Осы аталған мақсаттардан төменгідей міндеттер келіп саяды: -Сақтар мен ғұндар дәуірінде хатқа түскен әдеби жәдігерліктерді зерттеп, сол әдеби мұралардың қазақ халқының өздерінің төл әдебиетінің қалыптасуына қалай әсер еткенін ашып көрсету. -Шығыс жазба әдебиетінің көптеген хикаялары,рауаяттары халық арасына ауызша тарап кеткен.Міне осы шығыстық қисса-дастандардың қазіргі ауыз әдебиетіндегі варианттарын танып білу.....
- Он бірінші сыныбыңа мұқият бол, - деді мектепке енді келген бұған ағайы. - Оқулыққа сенбей-ақ қой. Қазір өтпелі кезең. Ендігі жерде кеңестік әдебиетке бұрынғы көзқараспен қарай алмайсың. Ал оқулық бұрынғы ізбен жазылған. Сондықтан, мүмкіндігі келгенше, балаларға өзің дәріс оқы.
Ұстаздың айтқаны дұрыс. Кеңестік әдебиет - әдебиет тарихындағы өте бір күрделі кезең. Ал мектептің он бірінші сыныбы нақ осы кезеңге келіп тірелетін.
Бір кезде өзіне де әдебиеттен сабақ берген байырғы әдебиет пәнінің мұғалімі бұл ақыл-кеңесін зейнет демалысына шығып бара жатқанда айтқан еді. Жоқ, бұл кісі зейнет демалысына бұдан бұрын шыққан болатын. Өткенде ғана ұстаздар күні мерекесінде осы кісінің зейнет демалысына шығуына байланысты құрмет көрсетілді емес пе. Аудандық білім бөлімінен адам келіп қатысты. Бірақ бұл кісінің әдебиет пәнінің маманы ретіндегі бай тәжірибесін мектеп басшылығы әлі де пайдалана беруге қарсы емес еді. Дегенмен ұстаздың өзі екі тоқсан сабақ бергеннен кейін, мектеп .....
(Бұл Кеңес жазушының өз сөзіменен өзгертілмей басылды)
Бір кеуде-пенденің дүниеде жасауы, бар болып тұруы үшін жан-рух керек. Бір халық, бір елдің де дүниеде бір миллет, ел болып жасауы, тірлік етуі үшін тіл керек, әдебиет керек. Жансыз кеуде дүниеде жасай алмас, шіріп, топыраққа айналып жоқ болар! Тілі, әдебиеті болмаған миллеттің де тап сол жансыз кеудеден айырмасы болмас, өзіне айырым әдебиеті болмаған миллеттер де дүниеде жасай алмас. Жасар бірақ жасауы ұзаққа бармас. Әдебиеті яғни жаны бар миллеттерге азық болар, жем болар, сөйте, сөйте ол миллет өзі де дүниеден жоқ болар!
Тіл-әдебиет бір миллет үшін әлбетте керек. Оның керектігі турасында жазылмақ сөздердің бәрінде бұл орында жазып бітіру мүмкін емес. Ол турада неше том кітаптар жазылса да аз. Сондықтан мен бұл орында әдебиет турасында жазылмақ сөздердің жалғыз-ақ – «Фәһәрісті» ғана жазамын:
Тіл-әдебиет бір миллеттің жаны һәм рухы-дүр.
1) Сәне ғалия топлы қағидалы бір әдебиетке мәлік болмаған бір миллеттің жансыз кеудеден ешбір айырмасы жоқ-дүр. .....
Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру, бүгінгі таңда отбасының, балабақшаның, барша елдің, алықтың міндеті.
Нұрсұлтан Назарбаев
Мақсаты: Халық ауыз әдебиеті шығармашылығымен таныстыру. Көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру. Балаларды халық ауыз әдебиеті мен танымдық көркем әдебиет шығармашылығымен таныстыру. Әдеби шығарма кейіпкерлерімен салыстыра отырып айнала қоршаған әлем, адами сезімдер мен адами қарым-қатынас туралы пікірлерін білдіруге, ойын ашық жеткізеге үйрету.
Жоспары:
І. Кіріспе
Халық ауыз әдебиеті – өмірдің айнасы, тәрбиенің таптырмас құралы.
ІІ. Негізгі бөлім
Халық ауыз әдебиеті – халықтың рухани асыл қазынасы. .....
Жер жүзі әдебиетінің тарихына көз салсақ, мәдени-рухани дамуында белгілі бір белі, елеулі кезеңдері болады. Әр елдің әлеумет өміріндегі әр алуан тартыс, тап күресі, қоғам өмірінің жалпы даму процесі таптың немесе топтың ой-пікір, тілек, мүддесін жыр етіп жоғары көтеретін адамдарды да дүниеге ала келеді. Олардың кейбіреулері ескінің шырмауынан шыға алмай, өткеннің күнгейін, жаңа заманның көлеңке жағын көрсе, кейбіреулері ескіліктің сыншысы, жаңалықтың жаршысы дәрежесіне көтеріледі. Олар тарихты даттамай да, мақтамай да әділ бағалап, үмітті алдан, жарықты келешектен күтеді. Өз кезіндегі әр алуан мәселелерді терең толғап, кеңінен шолиды. Айналасына көз тігіп, ел қамы, жұрт .....
Әдебиет өмір шындығының көркем бейнесі десек, әдебиет тарихы да халық тарихымен тығыз байланысты. Еліміздің рухани өмірінің жарқын көрінісі, елеулі бір саласы ретінде көркем сөз өнері ел тарихымен бірге қалыптасып дамыды. Адам санасы, ой-өрісі мыңдаған жылдар бойы жетілетін тарихи құбылыс екендігін ескерсек, әдебиет адамзат тарихындағы көркем ой жетістіктерінің бірі екендігі даусыз ақиқат. .....
Б.д.д. ІІІ ғ. ортасында Жерорта теңізінің батыс жағалауында, Италияда, антикалық әдебиеттің екінші бөлігі – рим әдебиеті өркендей бастайды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен байланысты болды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен бірге дамыған, бірақ ол латын тілінде шығарылды, себебі Рим латын тайпаларының орталық қауымы болды......
Балалар әдебиеті – руханият еліміздің көркем шежіресі. Балалар әдебиеті – келешек әдебиеті. Белгілі академик-жазушы М.Әуезов: «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген екен. «Бесік түзетудің бір жолы – бесік жырын түзеу». Бесік жыры – балалар әдебиеті. Бүгінгі балалар әдебиеті - өркесі иік, өрісі кең, жанры алуан, мәдениеті үлкен әдебиет. Бала оқылған шығармаларын немесе мәтінді тыңдап қана қөоймайды, солард ұғуға талпынады. Соның негізінде біртіндеп ол жайында ұғым қалыптастыруға талпынады. Оның н ойынтез түсіінп, өз ойын да жүйелі.......