Ұлы Жеңіс - ұлы жетістікке жетелейді

Жеңіс күні- аға ұрпақтың ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Ұлы Отан соғысы аяқталып,Жеңістің туы желбірегеніне биыл 71 жыл! Жеңіс күні-бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке біз үшін де ұлы мереке! Ұлы Отан соғысы біздің әрбіріміз үшін ұмытылмастай ізін қалдырды. Бүгінде Ұлы Жеңісті алып берген аға буынның алдында әр уақытта қарыздармыз.Ұлан-байтақ даланы найзаның ұшы,білектің күшімен қорғаған аталарымыздың игі дәстүрін бүгінгі ұрпақ лайықты жалғастырып келеді. 1945 жылдың 9 мамыр күні өтсе де,жұртшылық жадында халықтың ерлігі мен даңқының мызғымас символы болып келеді. Тарихқа Ұлы Жеңіс болып енген айтулы күнді жақындатуда майданда да,тылда да жанқиярлықпен күрескен аға буын ерлігі ешқашан да ұмытылмайды. Өйкені, олар алып берген Жеңіс бүгінде бізді небір жетістіктерге жігерлендіріп,жанымызға қуат беруде,қиындықтарды жеңіп,алға ұмтылуымызға көмектеседі.
Осы соғыста қаншама адам қаза тауып,қаншама адам мүгедек атанды. Қаншама ана жесір,балалар жетім қалды. Оңай келмеген жеңіске ерен ерлігімен көзге түсіп,ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен апаларымызда көп. Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір қазақ батырларымызды ешбіріміз ешқашан ұмытпаймыз. Біздің парызымыз сол алапат сұрапыл соғыстағы Жеңістің қалай келгендігін ұғыну,қаза тапқандарды қадір тұтып,арамызда жүрген ардагерлерге құрмет көрсету. Олар қан майданда ерлік танытып,елді жаудан қорғады. ......
Шығармалар
Толық

Өлкеміздің Ұлы Жеңісті жақындатуға қосқан үлесі

Туған жер! Бұл осы өңірде туып-өскен ұрпақтың мәңгі есінде қалар сурет екені даусыз. Туған жердің жұпар ауасы кеудеңді керіп, алыс кетсең сағындырады. Туған жерін сүймейтін тіршілік иесі жоқ. Біздің өлкенің жерін сүймейтін тіршілік иесі жоқ. Біздің өлкенің жері бай, тарихы терең. Сол тарихта Атырау облысы, Исатай ауданы, Хамит Ерғалиев (Новобогат, Қамысқала) ауылының алатын орны ерекше. Оның өткеніне көз жіберіп, арғы шежіреге үңілсек, қалың қыпшақ даласы болған, кейін Ноғай ордасы құрамына кірген қалмақтар жайлап, олар Қытайға көшкенде, отыз жылдай жүгірген аң мен ұшқан құстан өзге жан иесі мекендемеген бос жатқан өңір ойға оралады. Еділ мен Жайық аралығындағы осынау кең далаға қоныстануға 1801 жылы орыс патшасынан рұқсат алған Бөкей сұлтан бес мың шаңырақпен көшіп, Жайық өзенінен өтіп, ат басын осы Қазіргі Хамит Ерғалиев ,бұрынғы Новобогат жеріне тіреген Новобогат ауданы еңбекшілерінің ұйымшылдығы мен тамаша патриоттық бастамалары ел басына қатер төнген Ұлы Отан соғысы жылдарында ерекше көрінді. Фашист басқыншыларының айуандық, жауыздық әрекеттеріне ыза болған новобогаттықтар алғашқы күндері-ақ митингілер-жиналыстар өткізіп, берік топтасып, Отанымыздың күш-қуаты мен қорғаныс қабілетін нығайту үшін жан аямай еңбек ететіндіктерін білдірді.
1941 жылы басталған Ұлы Отан соғысы бүкіл елдегі сияқты Новобогат ауданында да қауырт жағдай туғызды. Ер-азаматтар әскери комисариаттың алдында лек-лек болып майданға аттанып жатты.......
Шығармалар
Толық

Жақсылық жеңген Ұлы күн

Ұлы жеңіс... Ұлы Жеңістің 71 жылдығы да жақындап келеді. Уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің авторлары – майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз. Әрбір қазақ жеңістің қандай қиындықпен, қандай күш-жүгерімен келгендігін жастайынан сезініп білген. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық шекарашылар болды. Соғыс Қазақстан үшін кенеттен басталса да, бүкіл Кеңес Одағындағы өзге елдердегідей қазақтар да бірінші күннен соғысқа қатысты.
Осы соғыста қаншама адам қаза тауып, қаншамасы мүгедек атанды. Қаншама ана жесір, балалар жетім қалды. Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен апаларымыз да көп. Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір қазақ батырымызды ешбіріміз ешқашан ұмытпаймыз. Қазір қазақ елдімекендерінде көптеген көшелер, ғимараттар, оқу орындарына Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақтардың есімдері де берілді. Ол деген біз, яғни, кішкентай қазақтар өз ата-апаларының ерліктерін ұмытпасын, біліп жүрсін, мақтан етсін деген ой. Қазіргі кезде сол батырларымыздың қатары сиреп, азайып қалды. Олар - біздің мақтанышымыз! ........
Шығармалар
Толық

Ұлы соғыс – Ұлы жеңіс!

Ұлы ұрыс , қанды майдан даласында,
Жанған от, атылған оқ – борасында
Жатыр бір жас жауынгер жараланып,
Өлім мен өмір көші арасында.
Есіл ер тайсалмаған қалың топтан,
Қайтпаған, қаймықпаған атқан оқтан.
Ерлік пен батырлықтың үлгісіндей,
Ұран сап Отан үшін жауға шапқан.
Бүркіт Ысқақов
Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сол кездегі кеңес одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктерін көрсетті. Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық.......
Шығармалар
Толық

Ұлы Жеңіс жасасын!

1941 жыл 22 маусым ... фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Кеңес Одағына Ұлы Отан соғысы басталды... Қазақ елі үшін ауыр жылдар еді... Фашистер Кеңес үкіметінің жерін басып алу үшін бар күшін салды. Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап-ақ қатарында мыңдаған қазақстандықтар шайқасқан Кеңес жауынгерлері барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізілді. Ұлы Отан соғысы кезінде Батыр атағын шығыс қыздары ішінде алған халқымыздың қаһарман қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметованы , сом білекті атамыз Бауыржан сынды батырларымызды әрдайым да мақтан тұтамыз.Олар – елін қорғап қалу үшін төсін оққа тосқандар. Мәскеу түбінде генерал-майор И.В Панфилов қолбасшылық еткен даңқты 316 атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты. Мәскеу үшін болған шайқастарды еске ала келіп, Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы Бауыржан Момышұлы былай деп жазды: “Біздің жүрегіміз темір емес, бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады...Біздің үрейлі жеңетін қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік”. Ленинград үшін шайқастың ауыр күндерінде қазақтың халық ақыны Жамбыл ленинградтықтарға “Ленинградтық өренім!” деген жырын арнады. .......
Шығармалар
Толық

Қазақтың қос қарлығашы – ұлтымыздың мақтанышы

Мүгедек емес олар! Жаралылар Жеңістің қолдарында жалауы бар. ...Парадтан барады өтіп жаралылар. Ей, Адам, Басыңды и де, қарауыңа ал! М. Мақатаев
Әр халықтың тарихында ерекше қадірлі де үлгі тұтар дара тұлғалар болады. Олар арқылы бүкіл әлемге танылып, олармен мақтана алады. Олардың аты барда халқы әрдайым басын тікке, көкке көтереді... Олардың есімімен, рухымен, аруағымен туған халқы талай асу, талай белестерден өтпек... Қазақта да осындай мақтан тұтуға тұрарлық азаматтары бар. Бұл қырандар өз артына мәңгі өшпес рухани мұра қалдырды. Адамгершілікке сапар шегу үшін ең ізгі жолды таңдап, салып берді. Енді, сол ізгі жолды екі айыр жолдан ажырата білу - біздің міндеткерлік. Сондай бір ерекше өшпес тұлғалардың бірі – Әлия мен Мәншүк... Қазақтың қос қарлығашы...
Қос қарлығаштың есімізде есімі әрқашан да сақтаулы. Ал, олардың бар жасаған ерліктері тарих парақтарында мәңгі қалады. Таста қашалған ОрхонЕнисей жазбаларындай... ...Мәншүктің елі үшін жасаған бар іс-әрекеті мені таң қалдырады. Артық демі қалғанша жалғыз бір өзі болса да, ештеңеден тайынбай, қорықпай қаншама жауға төтеп берді, қарсыластық көрсетті. Қобда, Нева суларын сүйіп өскен даламыздың еркелеген құсы – Әлия да асқан ерлік көрсетті. «Он тоғыз жасар жас қыз оқып жүргенінде оқуынан сұранып, қан сасыған майданға бет алды» деген сөздерді кішкентайымда әкемнен естіген едім. Қазақ халқының қос қарлығашы Азияның ғана емес, әлем мақтанышына айналды. Қаршадай қыздар Отан үшін қасық қандары қалғанша шайқасты. Кішкентайымнан «халық жауының» қызы боп қорлық көрген Әлия, әкесінің жау еместігін дәлелдеймін деген сөзінде тұрды. Оның шын аты-жөні Лая Нұрмағамбетова еді. Әкесі «халық жауы» атанып репрессияға ұшыраған деседі. Кейін нағашы ағасының қолында өскен Әлия, әкеге жазылған қара күйені жоюдың бірден-бір жолы деп осындай әрекетке барады. ......
Шығармалар
Толық

Ұлы жеңіс-ұрпаққа аманат!

Сендердікі-өмір, қоғам,заманда,
Сән түзеген қалаң менен далаңда.
Бейбітшілік мұра болмақ әманда,
Болашақ деп аталатын адамға.
Осыдан 71 жыл бұрын, адамзат тарихындағы ең сұрапыл да жойқын соғыс аяқталды. Елім деп еңіреп жерім деп жанын аямай шайқасқан кешегі аға-апкелеріміздің арқасында біз бүгін адам айтса нанғысыз бейбіт ғұмыр кешудеміз. Ұлы жеңіс- сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке, ол біздің атабабаларымыздың қаны мен терін төгіп, білектің күшімен найзаның ұшымен келген дүние. Қаншама ата- бабаларымыз ерлік көрсетіп, жерлерін, елдерін ешкімге бермей фашистермен айқасқан бабаларымыз үшін қарыздармыз. Осыдан 75 жыл бұрын, сұрапыл соғысқа аға-апкелеріміз аттанған болатын. Егерде бізде мұндай жаужүрек, қайсар, батыр бабаларымыз болмаса біз бейбіт, жарқын өмір сүруші ме едік кім біледі.....
Германдықтардың қол астында жұмыс істеп, егемендігімізді алмай армандайтын ба едік.... Әлде жер бетінен жойылып мұндай ел барын ешкімде білмей қаларма еді... Тәуба қаны қазақ жаны қазақ батыр бабаларымыздың баға жетпес ерлігі, асыл аналарымыздың күндіз түні төккен тері бүгінгі күні өз жемісін беріп Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің ұланғайыр жерінде бейбіт өмір сүріп келеміз! Болашаққа нық сеніммен қарайтын, тарихының тамырынан сыр шертетін бабалар армандаған білімді жастар бой түзеуде. Соғысқа қатысқан қаншама боздақтар Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегелдинов,Төлеген Тоқтарав,Сайн Аманжолов сияқты батырларым өздерінің өшпейтін ерліктерін бізге өнеге ретінде қалдырды .Ол кісілер біздің жүрегімізде...Шын мәнінде біздің абзал жанды ардагер қарияларымыз үлкен ерлік жасады...
Шығармалар
Толық

Әлемнің құлпырған кезі

1941 жыл ақпандатқан,
Сыртта аяз.
Ауылымызды ақ қар жапқан
Үңірейген үрей тұр соғыс дейтін,
Алапат- аспан, жерді аттандатқан.
Мұқағали Мақатаев
1941жылдың жазы! Дүниенің ажары кіріп, әлемнің құлпырған кезі. 22маусым күні неміс басқыншыларының КСРО жеріне басып кіруі жайлы суыт хабар осы мамыражай уақыттың шырқын бұзды. Табиғатқа да , адамзатқа да бұл хабар ауыр соққы болып тиді.
Германия тағылық таңбасын жасыра алмайтын зорлық- зомбылықтың еліне айналды. КСРО халықтары "өлсек өлерміз, бірақ жерімізді неміс басқыншыларына бере алмаспыз",-деп Отанды қорғауға аттанды. Қазақстандық ұл-қыздар соғыстың алғашқы күндерінен-ақ қолдарына қару алып, Отан алдындағы парыздарын өтеуге өтініш білдіріп, өз еркімен майдан даласына аттанды. Қазақстанда құрылған әскери бөлімдер Ұлы Отан Соғысының алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес әскерлерінің құрамында мыңдаған қазақстандықтар Мәскеу, Ленинград, Сталинград, Брест қамалдарын қорғауға қатысты. Ұлы Отан соғысындағы біздің қазақ халқының, қазақстандықтардың ерлігі ғаламат. Жас берендеріміз ата- бабаларымыздың ерлік дәстүрлерін жалғастырды. Ұлы Отан Соғысында қазақ халқының жауынгерлік, Отаншылдық рухы әлемге танылды. Қазақ халқының жауынгерлік рухын көтеруде Алатаудың ақиық ақыны Жамбыл Жабаев :
Шегінгенің - өлгенің, ......
Шығармалар
Толық

Тарихи Ұлы Жеңіс

Менің атам Айтбаев Амантай қазіргі таңда зейнеткерлікте, еңбек ардагері, кезінде жас жеткіншек ұрпаққа әскери даярлық пәнінен ұстаздық еткен ұлағатты ұстаз, парасатты педагог болған. Атам маған туған жеріміздің тарихына байланысты көптеген тарихи әңгімелер айтады. Кей кездері Қазақстан тарихына байланысты да сұрақтар қойғанымда, терең ойлана отырып, пайымдап жауап береді. Міне, биыл да тарихымызда болып өткен Ұлы Отан соғысының басталғанына 75 жыл, аяқталғанына 71 жыл толыпты. Менің шығарма жазуыма себеп болған атамның әңгімесі осылай басталған еді:
«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! Диктордың үні салмақты, әрі сұсты шықты. Күллі әлем құлақ түріп, қалт тына қалды. Сәл үнсіздіктен соң диктор сөзін қайта жалғады. Соғыс басталды. Неміс фашистері Кеңес Одағының шекарасына опасыздықпен басып кірді. Бұл 1941 жылғы маусым айының 22-сі еді. Еуропаның тең жарымнан астам елін қанды табанмен таптап, дандайсып, қаруланған неміс фашистер армиясы біздің елімізге тұтқиылдан баса-көктеп, кіріп кетті. Сол бойда олар таңғы тәтті ұйқы құшағынан оянып үлгермеген шекаралық елді мекендерді бомбалап,оқтың астына алды.
Фашистер шабуылдың алғашқы сәтінде-ақ қалалар мен селоларды аяусыз қиратып, өртеп, бүлдіріп, жазықсыз адамдарды қатыгездікпен азаптап, ішке қарай сұғынып кіре берді. Дүние жүзінде тұңғыш Социалистік ел атанып, бостандық алған Отанымыздың тағдыры қыл үстінде тұрды. Ер азаматтарымыз амалсыз қолдарына қару алып, туған елін қасық қаны қалғанша жаудан қорғауға бекем бел буды. Өйткені, елдің – елдігін, жарқын болашақтың тағдырын шешер сындарлы шақ туған еді. Қаһарланған халқымыз айбаттанып, опырып - жапырып келген озбыр жаудың аяусыз қылығынан сасқан жоқ. Қайта етекжеңін тез жинап, жұдырықтай жұмылып, ынтымақтастықпен бірігіп, туған елдің туын көтеріп, сапқа тұрды. Әскери комиссариатқа халық ағылып, келіп жатты. Алғашқы күннің өзінде өз еріктерімен майданға баруға тілек білдірушілердің ішінде біздің Ақсу ауданының көптеген ұландары болды. .......
Шығармалар
Толық

Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жж

1941 жылы 22 маусымда Фашистік Германия соғыс жарияламастан жасалған келісімді бұзып, КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Гитлерлік Германия осыған дейін Еуропаның көптеген мемлекеттерін басып алған болатын. И. В. Сталин халыққа 1941 жылдың 3 шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады. Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ өздерінің борышын өтеп, майдандағы армияның қатарын толықтырды. Әскери міндеттілерді әскерге алу өте қысқа мерзімде жүзеге асырылды.
Сондай-ақ қазақ жеріне көптеген батыр аталарымыз, апаларымыз, ағаларымыз майданға аттанды. Олардын ішінде аты шыққан батырларымыз Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Әлия Молдағулова, Мәншүк Мәметова тағыда басқа коптеген батырларымыз бар. Елге оралмаған көптеген боздақтарымыз Совет жерінде братский кейбірлерінде жатыр. Қатарында мыңдаған қазақстандықтар да болған кеңес жауынгерлері Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы қиян-кескі шайқастар жүргізді. 1942 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанда армия қатарына 300 мыңдай, ал соғыс кезінде 1 млн 200 мыңнан артық қазақстандық әскери міндеттілер шақырылды.......
Шығармалар
Толық