Тәуелсіздік – халықтың бақ жұлдызы

Талай-талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы.
Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. 1991 жыл – еліміздің тәуелсіз Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері, міне, 25 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдермен деңгейлес. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы – қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік мәселелерді талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын Азия барысы. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып, оқ пен оттың астында өктем биліктен шектен шықпауды сұрауы және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын. Қазіргі таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен, халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым

Барлық игіліктерден ең ұлы – Тәуелсіздік У.Годвин Тәуелсіздік...Осы бір сөз әр қазақтың жүрегін тербелтпей қоймайтыны белгілі.Бүгінгі шуақты күнімізге жету үшін ежелгі дәуірдегі сақтардан бастап, біздің бабаларымыз талай қиындық көрді емес пе?!Қазақтың: «Қаратаудың басынан көш келеді» деп зарлағаны; Қазтуған жыраудың: «Қайран да менің Еділім» деп қабырғасы сөгілгені;Мұрат ақынның «Еділді келіп алғаны – етекке қолды салғаны,Жайықты келіп алғаны – жағаға қолды салғаны» деп азаттықты жырға қосып,халыққа үн тастауы – Тәуелсіздік аңсаған елдің дауысы еді.Бүгінде сан ғасыр күресіп, бабаларымыздың қанымен қол жеткізген Тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр. «Өткенін білмеген халықтың болашағы бұлыңғыр болмақ» демекші, арайлап атқан таңымыздың қалай туғанын әрбір қазақ баласының білгені дұрыс болар. Қазақ халқының небір қайтпас қайсар батырларының жасаған ерліктері тарихта алтын әріптермен жазулы.
Елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, қаншама қазақ батырлары өз өмірлерін қиып,қанды щайқастарда қаза болды. Біз үшін қай замандағы тарихымыз да қымбат,өткен кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың барлығы да құрметті. Исатай, Махамбеттер Ресей патшалығының озбыр саясатына қасқайып қарсы тұра білді.Сан зұламатты өткерген еліміз ұлт-азаттық көтеріліске келгенде де, тосылып қалған жоқ. Бұл күрестер азаттық үшін өткен сан күрестің соңы емес еді.Елін, жерін жау аяғына таптатпай, сол туған жерінің қарсы қадамы үшін басын өлімге тіккен аталарымыздың бойындағы ерен күш пен биік рухқа әр кез таңданамын.Аталарымыздың сол қасиеті елге- мұра,ұрпаққа- ұран болып келе жатыр. Ұлт-азаттық көтерілістер, Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан оқиғалcы, соғыстың қатал сынағынан өткен жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында біздің барлығымыз ашық аспанның астында өмір сүру бақытына ие болдық. Біз оны көрмегенмен, үлкендер мен апайларымыздың айтуларынан, теледидардағы деректі фильмдерден жақсы білеміз.Алматының алаңында өткен желтоқсан оқиғасының жазықсыз жаласына ұшыраған «қасқалдақтай қаны, бозторғайдай жаны» бар жаужүрек жас Қайраттай өр мінезді еріміз болды. Қайрат, Ләззат сияқты ержүрек аға-апаларымыздың желтоқсанның ызғарында жасаған ерліктері мен олардың аттарын айтпай кетуге болмайды. Тас қараңғы қамалда Қайрат ағамыздың жазған өлеңдерін оқығаныңызда, өлеңдері жүрегі «Мен қазақпын» деп соққан әрбір адамның жанына қуат беріп, патриоттық сезімін оятары анық......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздік - ұлттық өрлеудің ұлы күші

Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен,
беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз
Н. Ә. Назарбаев
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі геосаяси кеңістікте танылып, дүниежүзінің саяси картасынан егемен мемлекет ретінде нық орын алды. Қазіргі кезде Қазақстан егеменді ел,тәуелсіз мемлекет ретінде әлемнің көптеген елдерімен саяси, экономикалық және мәдени байланыстарын жүзеге асыруда.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылы 16-желтоқсанда Тәуелсіздік туралы жарлығы жарияланысымен-ақ дүниежүзінің құлағы елең етіп, егемендігін алған ерікті Қазақстанды әлем мойындай бастады. Халықтың өніп-өскен топырағы Отанды қорғау қашанда ең ардақты іс болып саналған. адамның азаматтылығы, рух биіктігінің деңгейі ата-бабасынан қалған асыл мұрасы-Атамекенін, ұлттық келбеті -ана тілін, салт-дәстүрін,өнерін қастерлеумен,осынау ұлттық игіліктердің бөгденің табанына тапталып жойылмауын қамтамасыз ететін мемлекеттік тәуелсіздікті қорғаудағы еңбегіне қарай бағаланбақ. Бұл күнде Қазақстан әлемнің өзге өркениетті елдері сияқты жаңа ғасырдың табалдырығын тең аттап отырған ел. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан - әлемдік аренадан өз орнын ойып алған, Азия мен Еуропаны мойындата білген рухы биік қайсар елдің мекені. Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз. Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп,ой елегінен өткізсек, атабабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз. Тәуелсіздіктің ең басты жемісі-еркіндік. Біз ежелден ер деген даңқы шыққан халықтың ұрпағымыз, ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз. Біз алтын күн бедерленген көк байрағын әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматтарымыз, кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт - ұлыстардан тұратын біртұтас халықпыз! Атабабамыз аңсаған азаттық таң, армандаған тәуелсіз күн арайлап атып, көк байрағымыз көкте желбіреді. .....
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздік-бұл жырдың алдаспаны

Тәуелсізбін! Бар ма мұң?
Тәйелі болсын талғамым!
Өркені өссін қазақтың –
Осы- менің арманым!
Н.Ә.Назарбаев
Қазақ елі, қазақ жері қашанда өз тарихын – өзі жазған көреген халықтардың бірі де, бірегейі. Тасқа қашап жазарлықтай тарих қазақ жерін ешқашан айналып өткен емес. Қазақтың басына бақ біткені, осыдан аттай 25 жыл бұрын еліміз өз алдына дербес ел атанып, өзге елдермен терезесі тең, керегесі кең болған күн еді. Осындай бақ исі қазақтың маңдайына біткен күні еңкейген қарт пен еңбектеген баланың да қуанышында шек болмаған. Бұл күні кеудеде «қазақ» деп соққан жүректердің бұлқынған күн, тамырдағы қан бойға сыймай тулаған күн. Елімізде бұл қуаныштың болғанын шет елдерде қуана құптаған. Еліміз егемендік алғаннан кейін өзінің тұңғыш Елбасын ақ киізге отырғызып хан сайлады. Сөйтіп, қазақ перзенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ елінің президенті болып сайланды. Қазақ елінің болашағын өз қолына алып, барша қазақ жерінің ертеңі үшін жанын құрбан ететін Нұрсұлтандай асыл тұлға бізге керек еді.Үш жүздің басын біріктірген Абылайдай болған Нұр аға күні бүгін ел бірлігінің мызғымас тірегіне айналды.Ол өзінің барлық өмірін осы елмен байланыстырды.Өзінің барлық күш-жігерін осы елді дамытуға сарп етті. Еліміз дербестік алғаннан кейін өзінің рәміздерін дүниеге әкелді. Төл теңгесі де дүниеге келіп, қолданысқа енді. Сол күндерден бастап Тәуелсіз еліміз қарыштап дамып, кеңге құлаш жайды......
Шығармалар
Толық

Ұлттық патриотизм!

Еліміздің тұтастығын, оның тынышытығын,
яғни мемлекетімізге қауіп төндіретін қандай да
болсын ішкі және сыртқы күштерден сақтау
міндетінің өзі жастарымызды патриоттық
рухта тәрбиелеуді жүктейді
Н.Ә.Назарбаев

Патриотизмнің негізгі элементтерінің бірі – рух не болмаса ұлттық патриотизм.
Патриотизм әр пенденің өз Еліне, халқына деген сүйспеншілікке негізделеді. Патриотизм
өзінің шыққан тегінің бірлігі мен ортақтылығы, туған жеріне, тіліне, өскен ортасына
тарихи ұлттық дәстүрмен тығыз байланысты. Әрбір патриот өз отанын қорғауға, халқы
мен отбасына тіреу болуға міндетті.....
Шығармалар
Толық

Тұлданған киімге қарап жылау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өрнегін өрген іздеп пендемін, ашып көмбеген,
Жылады деп сөкпе, жұрт, иесі кетті төрдегі.
Жасым тоқсанға келді, жылайын, сөксең де, халқым,
Бұрынғы заман маған жоқ, арпаға бидай ексең де!

Жылқы ішінде алады алаға тоқым салады.
Жылады деп сөкпе, жұрт, отырмын жетім баладай. ....
Өлеңдер
Толық

Баймолла Қареке ұлын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Биссимилла сөзді бастайын,
Асығып айтып саспайын.
Көңілдегі шерімді
Ақтарып, жұртым, тастайын.
Арманда кеткен сабазым,
Аузымнан қайтып тастайын.
Жылаудан басқа шарам жоқ,
Қолымнан келер шамам жоқ.
Жыламайын десемде,
Қорланды көңілім амал жоқ.
Алдымда үлкен аға жоқ,
Бас болған әке, пана жоқ.
Кек алатын дұшпаннан
Ата менен баба жоқ.
Тым болмаса ақ, нақақ,
Айыратын адам жоқ.
Отыз да үш мың сахаба....
Өлеңдер
Толық

Әбіт Ыразақұлын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Дәм бұйырып біз келдік
Қожағұл деген ауылға-ай.
Берекелі ел екен,
Орманы қалың тауында-ай.
Сөртінің ұлы болғандай,
Жасынан шыққан дәрубай.
Атағы жеткен алысқа,
Мұзарттың биік тауындай.
Озып жүрген шын жүйрік,
Бәйгесін алған шабылмай.
Азып келген халыққа,
Сүйеніш болған бауырдай.
Жер-суменен қамдады,
Мініс көлік, сауынды-ай.
Той-жиында халыққа
Мәтел сөзі сарындай.....
Өлеңдер
Толық

Ананың қос ұлын жоқтауы (Серік пен Қалиға) (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жазмыштың жолынан кім шегінбеген
Өшігіп қайта бастым өмірге мен.
.... сол өмірдің арасынан.
Ем табар шерлі көңіл жарасынан.
Жақсылар, құлақ салып тыңдасаңыз,
Сөз айтам сол жүректің жарасынан.
Адамның алды жарық тілегі бар,
Қуанып, күйінетін жүрегі бар.
Ажалдан басқа қиындық қолдың кірі,
Әй, Алла-ай, әрбір істің тірегі бар.
Өз елін кім шығыпты іздеп басып,
Сүруге шаттық өмірге әркім ғашық.
Жігітке әр уақытта Алла пана,
Бейбіттік болғай еді-ау, есік ашық.....
Өлеңдер
Толық

Қаламқан Жұбанған ұлын шешесінің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ескіден сөзді бастайын,
Асығыс айтып саспайын.
Төредей болған қарағым-ай!
Аузымнан қайтып тастайын.
Ертістің сойы салқын-ды.
Жан еді қалқам тартымды.
Жыламай қайтып тұрайын,
Жоғалттым жерге алтынды.
Биссимилла сөздің басы екен,
Пайғамбар құдай досы екен.....
Өлеңдер
Толық