Қазақтың кәсіпкері шексіз байлығымен түріктерді "тәнті" етті

Қазақтың "қазыналы" кәсіпкерінің шексіз мүмкіндігіне түрік журналистері "тәнті" болды. Жергілікті баспасөздің дерегі бойынша, қазақ бизнесмені- әлемдегі ең қымбат кемені ойланбастан жалға алған.
Фото: boatingblog.ru
Фото: boatingblog.ru

Су көлігін жалдағаны үшін, қалталы азамат- аптасына 550 мың еуро төлеген. Отандасымыз бұл қайықты үш аптаға жалдапты. Ал, жағажайға кәсіпкер- тікұшақпен ұшып келген.

Бахуатты кәсіпкер Жерорта теңізінде екі баласымен және зайыбымен демалған. Түркиялық баспасөз, туристер отбасын бір топ оққағардың күзеткені туралы да жарыса жазуда.

Бодрумдағы Яликавак жағалауында бой көрсеткен бұл катердің ұзындығы - 85, ені 23 метр. Қайықтың 6 люкс, 10 мастер каютасы және 36 жатын бөлмесі бар

. Сондай- ақ бұл кеме ашық хауызызымен, фитнес орталығымен, кинотеатр және кішігірім сүңгуір қайығымен де танымал. Ең қымбат қайықты жалдаған қалталы қазақ азаматының аты-жөні аталмай отыр.

Жаңалықтар
Толық

Шетелде жүрген "қазақтың миын" ел игілігіне қалай жұмсаймыз?

Қазір шетелде оқып жатқан Қазақстан жастарының жалпы саны 70 мыңнан асып жығылады. Бұл – үлкен әлеует, ертең өз халқын алға жетелейтін алып күш. Ал осы күшті сақтап қалып, қазірдің өзінде ел игілігіне бағыттау үшін не істеу....
Жаңалықтар
Толық

Қазақтың байырғы қара есептері

Бұл жоба Қазақ халқының байырғы қара есептерін, олардың шешу жолдарын зерттеуге арналған. Қазақ халқының ауызша тараған математикалық есептері ауыз әдебиетінде де, математикада да жинақталып, бір жүйеге түсірілмеген. Бұл әлі астары ашылып, түбегейлі зерттелмеген сала. Бұл ұсынылып отырған еңбек осы бағытта жасалған алғашқы қадам деуге болады. Мұнда байырға есептерді үш топқа бөліа қарастырған. Атап айтсақ, «Алтын қазына», «Ертегілер елінде» және «Теңдеу құрып....
Ғылыми жобалар
Толық

Қазақстан тарихы | Қазақ поэзиясы мен музыка өнері

Мазмұны

1 Қазақтардың поэтикалық өнері
2 Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы
3 Дәулескер күйшілер
4 Айтыс
5 Пайдаланылған әдебиет

Қазақтардың поэтикалық өнері
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы эпикалық шығармалар негізінен халықтың қаһарман батырлары Абылай мен Кенесарының ерлік істерін суреттейді. Қыз ұзату, келін түсіру тойлары, рулар мен тайпа басыларының жиындары әдетте ән салу, күй тарту сияқты салтанатты жағдайда басталатын. Қазақтардың жазға қарай жайлауға, кысқа.......
Рефераттар
Толық