Ғабиден Қожахмет | Құрметті ұстаз

(Ұстазды шәкірттерінің мерекесімен құттықтауы)

Сіз мәнді де мағынаға толы, ұлағат пен ұжданды жанына серік қылған, ой мен ақыл және парасат пен пайымды жүрегіне жақын еткен, руханият пен білімді жас ұрпақтың тәрбиесіне қарай бағыттап отыратын Ұстаздық деп аталатын игі мамандықтың жолын қалап алған жансыз. Сіздің Ұстаздық қызметтегі әрбір жылыңыз Сізге абырой мен табыс, бақ пен береке әкелді, сонымен бірге тағы да жаңа әрі жарқын мүмкіндіктерге жол ашты.

Әрбір басталған жаңа бір оқу жылының күміс қоңырауының сиқырлы үні Сізге қуаныш сыйлады. Бұл нағыз ұстазға ғана тән сезім еді. Сол күміс қоңыраудың үнімен бірге балдырған күлкілері жараса мектепке енген қаншама бүлдіршін Сіздің алдыңыздан тәлім көрді, ұлағатыңызды тыңдады, өз мектебінен қанат қақты. Олар қазір еліміздің әр түкпірінде жүр.

Сіз үнемі ұстазға тән сергек ойдың иесі болдыңыз. Әрбір табыстарыңызға тоқмейілсу мен тоқырау сізге жат еді, керісінше жаңа ізденістерге жол ашты. Сіз өз қоғамыңыздың ұрпақтан не талап етіп отырғандығын жіті аңғара алдыңыз. Өз бойыңыздағы білім мен білік дариясын солай қарай бұрдыңыз, жас шыбықты солай қарай идіңіз. Егер Сіз осы жылдардың ішінде мақтау мен құрмет көрсеңіз, ұстаздық жолыңызда, шынында да, осыған лайықты істер атқара алған едіңіз.

Сіздің өткен құрметті жолыңыздың әрбір иірімінде шәкірт жүрегінің алғыс сезімі жатыр. Олардың әрқайсысы бір әлем еді, олардың әрқайсысы жаңадан ашылар бір дүние еді. Міне, сіз осы бір балдырған жүректердің риясыз досы, ертеңге деген үміті бола алдыңыз. Сізге осы үшін де өз шәкірттеріңіз алғыс айтады.

Сізді шәкірттеріңіз бүгінгі мерекеңізбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыңызға бақыт, ұстаздық жолыңызға шығармашылық табыстар тілейді. Ұстаздық қызметіңізде әр уақытта шәкірттеріңіздің алғысына бөлене беріңіз!

.....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Перзент парызы

Тау тұлғалы, шынар болмыс заңғарлар
Деді ме ұлтқа баба жолын жалғаңдар.
Олар еңбек ортасында шынығып,
Сын сағаттың жауынгері болғандар.

(«Әкелерге арнау» өлеңінен)

1998 жылы Қазалы аудандық «Қазыналы Қазалы» газетінің бетіне осы өлеңді анам Күлжәмиланың рухына арнаймын деген арнаумен «Ана туралы баллада» деген өлеңім жарық көрсе, 2001 жылы Қазалы аудандық «Қазыналы Қазалы» газетінің бетінде осы өлеңді әкем Қолғанаттың рухына арнаймын деген арнаумен ел аузында айтылып жүрген әңгімені негіз етіп алынған осы «Перзент парызы» өлеңі де жарық көрген еді. Тағы да сол арнаумен ұсынылады.

.....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Ұстаздан ұстазға құрмет

Әр сабағы болып өтіп тағылым,
Әр шәкірттің оятатын танымын.
Мейлі, есейіп кетсе де сол ұл-қызы,
Санасында жүре берер әлі күн,
Ұстаз деген – мәртебелі бір есім.

Өмірінің мағыналы шақтары
Мектеп болып, содан бақты тапқаны.
Ұстаз деген – сол ұяның жүрегі,
Ұстаз деген – сол ұжымның мақтаны.

(Ұстаздық қызметтен құрметті демалысына шығып жатқан ұстазға кейінгі буын әріптесінің құттықтау сөзі)

Құрметті Ұстаз!

.....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Қалам және түлек


«Ел болып өлең жырдың тақырыбы, қауышты ауылымен ақын ұлы». Бұл бір кездегі мектеп түлегі, елдің перзенті, белгілі қаламгер, Жазушылар одағының мүшесі, ақын Сейіл Боранбаевпен Қожабақы ауылдық мәдениет Үйінің сахнасында өткен кездесу кешінің тақырыбы еді. Бұл кездесу 2000 жылы ақын Сейіл Боранбаевтың 70 жасқа толу мерейтойына байланысты өткізілген.

Белгілі ақындар Сейіл Боранбаев, Әнес Нарымбетов, Мешітбай Құттықовтар №25 мектептің бір кезгі түлектері еді. Олар мектептің алғашқы түлектерінің қатарынан саналады.

...Сейіл, Әнес, Мешітбай
жырдағы шыққан жүйріктер,
мүшесі еді Одақтың
өлеңде болған даралы.
Көкірегі толы көмбеге,
тарихшы ұстаз әрі ақын,
құрмет тұтты ортасы
Ақанжан сынды ағаны.
Асыл сөздің сырынан
шәкіртке тәлім үйреткен
Файзолладай ақындар
Болмысы болған бағалы.

.....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Рақмет алғашқы ұстаз


Білім жол бәріне аңсарлы,
Ой зерек болса оған ұнадың.
Сендерді күлімдеп қарсы алды
Мектепте мейірімді мұғалім.

Қарсы алды сыныбың, партаң да,
Тәртіппен сен оған ұнадың.
Жүреді күлімдеп ортаңда
Тағы сол мейірімді мұғалім.

Ұстазың, мейірбан үні тым,
Қақпайды тым қатты бетіңді.
Қоғамның кішкентай үмітін
Баптайды жас шыбық секілді. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Мектебім ауылымның мақтанышы


(Қожабақы мектебіне 70 жыл)

Бойында ұлылықтың жатқан ізі,
Келешек ғасырға да мақтан – ісі.
Шуақты, шежірелі тарихы бар
Мектебім – ауылымның мақтанышы.

(«Қожабақы мектебінің вальсі» әнінің өлеңінен)

Қазіргі XXI ғасыр таңындағы әлемдік кеңістікте өз орнын айқындауға ұмтылып отырған Қазақстан үшін де оқушы баланың мектепте орта білім алып шығуы міндетті әрі маңызды іс болып саналады. Ендеше, өткен тарихымыздағы қазақ ауылдарында сондай жалпы білім беретін мектептердің құрыла бастауы – сол кездегі жүргізіліп отырған білім саясаты үшін де және қазіргі орта білім жүйесінің тарихы үшін де елеулі мәні бар дүние. Өйткені қазақтың білімі мен ғылымында, әдебиеті мен өнерінде халқына жарық жұлдыз болып сәулесін шашқан талай ұл-қыздары осындай ауыл мектептерінен қанат қағып шыққан болатын. Сондай мектептердің бірі 1947 жылы іргетасы орта мектеп болып қаланған М.Горький мектебі еді. Бұл – қазіргі №25 орта мектебі. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Мұғалім және өнер


(Мұғалімдердің «Наурыз шапағаты» өнер фестивалі хақында)

Мұғалімдер білімге асқақ кенелген,
Шәкірт кеуде сол арқылы еленген.
Би билесе, ән салса олар – өнерпаз,
Тұлабойын кенде етпеген өнерден.

(«Мұғалімдер» өлеңінен)

Сыр өңірінде бастау алғанына да 20 жыл толған «Наурыз шапағаты» өнер фестивалі туралы республикалық «Халық» газетінің осыдан екі жыл бұрынғы 2015 жыл, 19 наурыздағы санында Арал аудандық мәслихатының депутаты Нұрбай Жүсіп облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Райкүл Мансұрқызы Байназарова жөнінде жазған «Киелі салаға үлес қосқан аяулы жан» атты өзінің мақаласында былай дейді:

«...Райкүл Мансұрқызы ел Тәуел­сіздігінің алғашқы қиын кезеңінде де руханият саласын өркендетуді мықтап қолға алды. Ол өзі ұстаз ретінде, ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деген ұлағатты сөзін әсте естен шығармады. 1995 жылдан бастап білім қызметкерлері арасында өнер дарын­дыларын іздеп тауып, оларға өнерлерін шыңдауға барын­ша көмек көрсету мақсатында 2 жылда бір рет «Наурыз шапағаты» фестивалін үзбей ұйымдастырып келеді...» .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Жас ұстазға тілек


«Бүгінгі студент – ертеңгі маман» деп жатады. Осы сөздің үдесінен шыққан Қызылорда қаласындағы «Болашақ» оқу орнының ұстаздарының сол кезде, яғни сайыс өткізерде өздерінің оқу орнын педагогикалық мамандықтар бойынша бітіргелі жатқан студенттеріне ендігі жерде жас ұстаз ретінде қарағандығы да сондықтан болса керек. Ұстаздары олардың арасында жас ұстаздардың сайысын өткізеді. Сайыс барысында сайысты ұйымдастырушылар бірнеше сайыскер топтың әрқайсысының өзінің жас ұстаз ретіндегі айтатын әні болу керек деп шешім қабылдайды. Ол бұрыннан белгілі әнге салынып айтылса да болады. Сол кезде осы сайыстың I орнын еншілеген, күні ертең-ақ бастауыштың мұғалімдері болғалы тұрған жас ұстаз қыздардың бір тобы өздерінің жас ұстаз ретіндегі әнін сол сайыста ақын Бәкір Тәжібаевтың өлеңіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтің «Студенттердің қоштасу әні» әнінің әуеніне салып орындаған-ды:

.....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Қыр басына шыққан түлек

Шашқызып шәкіртіне жүрек кенін,
Оятқан ізгілікке жүректерін.
Бұл күнде ел біледі, құрметтейді
Мектептің мақтанышы – Түлектерін.

(«Қожабақы мектебінің вальсі» әнінен)

Мектепті бітіргендеріне 20 жыл толған түлектердің 20 жылдық кездесулерін ұйымдастырмақ мақсатпен алдын ала өзара дастарқан басында ойластықтары өтіп жатыр еді. Бұлар – 1963 жылы дүниеге келген, мектепті 1980 жылы бітіріп кеткен 31-түлектері. Дастарқан басында жиналып отырған ендігі есейіп кеткен кешегі сыныптастардың арасынан төрде отырған Рүстембек Құлжанов сөйледі.

– Біздің орта мектепті бітіргенімізге де 20 жыл уақыт болыпты. Қыр басына шығып кеттік демейміз. Бірақ хал-қадірімізше еңбек еттік. Отбасын құрдық. Бала-шаға өсірдік. Әке, ана болдық. Енді осы төбенің басында 20 жылдық кездесу ұйымдастыруға бастамашы болып отырған жайымыз бар. Осыған бір өлең арналса, – деді Рүстембек Құлжанов.

Рүстембек Құлжановтың сыныптастары, шынында да, 20 жылдық кездесудің бастамышысы болып отырғаны рас еді. Содан кейін-ақ 20 жылдық кездесу өткізу үрдіске айналып жүре берді. Рас, мұндай 20 жылдық кездесу өткізу кеңес заманында дәл сол кездегі мектеп басшысы Амангелді Есетов ағайлардың сыныптастары арасында ұйымдастырылғандығы, оның ауылдық мәдениет Үйінде өткендігі де белгілі. Бірақ нақ осындай кездесулер өткізу тәуелсіздіктен кейін ғана барып үрдіске айналып жүре бергендігі рас.

.....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Бес нәрсеге асық бол


(Жергілікті колледжіде өткен «Бес нәрседен қашық бол...» атты тәлім-тәрбиелік маңызы бар іс-шараға байланысты Абай ата өлеңіндегі ойды негізге ала отырып жазылған).

Өте ерте замандарда Тәңірі Адамды жаратыпты, жер бетіне түсіріпті. Адамнан тараған ұрпақ ол заманда шағын бір ауыл болып қана өмір сүрген деседі. Олардың тынысты тіршілігі мен татулық бірлігіне рақымы мол, құдіреті күшті Құдай мейірленеді.

Құдай адамнан бөлек Ібілісті де жаратады. Бірақ Ібіліс өзінің тәкаппарлығымен Құдайдың мейіріміне бөлене алмапты. Бірде Құдай қаһарланып Ібіліске де жер бетіне түсуге бұйырады.

Жер бетіне түскен сайтан таулар мен өзендерді, көлдер мен шөлдерді басып өтіп Адам ұрпағы мекен ететін шағын ауылға да жетеді. Тыныштық пен бейбітшілік, татулық пен келісім орнаған осынау мекен сайтанға ұнамапты. Сайтан адамзат баласының сыпайылығы мен тату-тәтті өміріне қызыға да, қызғана қарайды. Ішін қызғаныш билеген ол адам баласын осы жолдан тайдырмақ болып қаншама әуреленеді, азғырып та бағады. Бірақ онысынан түк шықпайды. Татулық, бірлігі тасыған ауыл адамдары қайта сайтанды келеке етіп, өзін мазақ қылады. Қамшымен сабап, сайтанды шөл далаға қуып тығады.

.....
Әңгімелер
Толық