Психология | Жеке адам жөнінде түсінік

1.1.Әлеуметтік қатынастар субьекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам – жеке адам болып сипатталады.
«Жеке адам» түсінігімен қатар біздің қолданымызда «адам», «дара адам», «даралық» терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен ажыратылады, бірақ бір - бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігуін – «адам» түсінігі қамтиды. Адам - өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік –тектік мәнге ие болғанмен, ол жалпы табиғат туындысы ретінде – дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесінен бөлектенбейді.
Дара адам – «homo sapiens» тектілердің өкілі, адамдық даму нышандарының иесі – нақты адам.
Даралық – нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған қайталанбас ерекшеліктері мен қасиеттері.
«Жеке адам » түсінігіне байланысты ең алдымен адамның қоғамдық мәнді сапалары еленеді. Адамның әлеуметтік мәні оның қоғаммен байланысында қалыптасады да көрініс береді.
Әрқандай қоғамға орай адамның қасиет, сапа өлшемдері әрқилы келеді. Қоғам социологиясы нақты қоғамның психологиялық типін анықтап отырады.
Жеке адам көп сатылы құрылымға ие. Осыдан жеке адам психологиялық құрылымының ең жоғарғы да жетекші деңгейі қажеттік – себеп аймағы – жеке адамның бағыт-бағдарынан, оның қоғамға, басқа тұлғаларға, өзіне қатынасынан және қоғамдық әрі еңбектік міндеттерінен туындайды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Физика | Күн энергетикасы туралы жалпы түсінік

Адам пайдаланатын энергияның басым бөлігінің көзі ─ Күн. Күн энергиясының есебінен Жер бетінде жылдық орташа температура 150 С шамасында сақталып тұрады. Күннен келетін жылу мен жарық ағыны біздің планетамызда тіршіліктің болып тұруына қолайлы жағдай жасайды.
Бүкіл жер бетіне түсетін күн сәулелерінің қуаты соншалықты зор, оны алмастыру үшін 30 миллиондай қуатты электр станциялары қажет болар еді.
Егер Күн нұрын жер бетіне күн сайын төгіп тұрмаса не болар еді деп ойлап көрейікші. Жер бетінде күн өте нашар жылытатын орындардың бар екендігін білеміз. Бұлар ─ Арктика мен Антарктика. Оларда қақаған аяз, мәңгі мұз бен қар.
Судың жер бетіндегі үздіксіз шыр айналуы Күн энергиясы есебінен атқарылады: теңіздердің, көлдердің және өзендердің суы кебеді, жоғары көтеріліп қоюланып, бұлтқа айналады; бұлтты жел алқап-алқапқа айдап апарады да, ол жауын-шашын түрінде Жер бетіне түседі.
Біз пайдаланатын энергияның әзірше негізгі көзідерінің бірі болып табылатын тас көмір бір кезде жер бетінің үлкен алқаптарында қаулап өскен қалың орманның жер қойнауында тасқа айналған қалдығы. Демек, онда да Күн энергиясының қоры бар.
Біздің елімізде жыл бойы ашық күндері көп болатын аймақтарында, Күн сәулесі тікелей су ысыту үшін, су буын алу үшін пайдаланылады ....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | КХДР ядролық дағдарысын шешуге қатысушы мемлекеттер мүдделерінің қарама қайшылығы

ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында Кеңес Одағының және Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан халықаралық қатынастардың бүкіл тұтас жүйесі құлауымен байланысты әлемдік саясатта ғаламдық өзгерістер орын алды.
Биполярлы жүйе құлауымен байланысты әлемдік екі саяси жүйе арасында әскери және қарулы күштер саласындағы жарыс тоқтатындай көрінді. Алайда, биполярлы жүйелен кейін жекелеген мемлекеттердің ұлттық мүдделерінің алуан түрлілігіне орай геосаяси қарама-қайшылықтың орнады. Сол себепті халықаралық қатынастар тәжірибесінде әскери және қарулы күштер қолданылмайтын жаңа дәуір басталды деп айту қате тұжырым. Халықаралық қатынастардың жаңа заманға өтпелі кезеңінде ядролық қарудың жаңа әскери-саяси жағдайдағы ролін анықтау маңызды мәселеге айналды. Оның себебі, қазіргі ғаламдану жағдайындағы әлем мемлекеттердің арасындағы бұрынғыдай идеологиялық емес, өркениеттік діл және дін қарама-қайшылығының өсуі, дамушы мемлекеттерде тұрақсыздықтың орын алуы. Бүгінгі заманда мемлекетте ядролық қарудың бар болуы ғана емес, сол мемлекеттердің ядролық қару жасауға ниеттелуінің өзі де үлкен мәнге ие болып отыр. Бұл мәселенің жарқын мысалы ретінде КХДР-дың ядролық бағдарламасына байланысты туындаған 2002-2003 жылдары қалыптасқан халықаралық қатынастардың тұрақсыздық жағдайы бола алады. Алайда КХДР-да қалыптасқан тоталитарлық тәртіп пен сыртқы дүниеге жабық саясатын жүргізу саясатына байланысты бұл мемлекеттің ядролық қару жасау мүмкіндігі мен нақты жоспарлары бүгінде анық белгісіз күйінде қалып отыр. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Құқық | Кылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесіндегі сот тергеуінің ролі

Қазақстан Республикасы - өзін толыққанды, зайырлы, құқықтық, демократиялық мемлекет екендігін өз Ата Заңы — Конституцияда түбегейлі бекітіп көрсеткен. Сол себепті Республика өмірінде көптеген өзгерістер болып өтуде. Соныың ішінде құқық қорғау саласы да көптеген өзгеріске ұшырады. Атап айтқанда, көптеген заң актілері мен ережелерге өзгерістер мен толықгырулар енгізілу арқылы сот, прокуротура, полиция органдарының қызметі жаңа арнага түсті.
Қүқықгық реформага дейінгі күқық қорғау органдарының жұмысы, олардың қызметінің негізгі багыттары құқыктық реформа талаптарына толыққанды жауап бере алмайтын еді. Сондықтан да мемлекет өз күштеу органдарының жұмысын жетіддіруді, оның жұмысына жаңа багыт беруді өз міндеті ретінде қарастырды. Соттардың қызметінің жақсартылуы, олардың тәуелсіздігі, тергеу жүйесінің жетілдірілуі, әрине, қылмысты ашуға, ашылған қылмысқа әділ нүкте қоюға эсер етіп, қөп жұмыс жасады.
Құқық қорғау органдарының өзара жүмыс үйлесімділігін камтамасыз етуді , қылмысты ашуда біріккен нәтижелерге қол жеткізуді күқықтық реформаның оң қадамдары арқылы қол жеткізуге болатынын түсіндік. Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі және соттар мәртебесі туралы» заңының дер кезіңде қабылдануы сот қызметіне ерекше қарқыын мен белсенділік алып келді.
Сот қызметінің дүрыс үйымдастырылуы, әділ соттылықты толығымен қамтамасыз етуі — ол құқықтық мемлеқеттің негізгі талаптарының бірі болып саналады.
Президенттің қол қоюымен 1997 жылғы 13 желтоқсанда күшіне енген Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодеқсі - қылмыстық істер жүргізудегі өзгерістер, соның ішінде басты сот талқылауын жүргізу тәртібінің басқаша сипаттаумен ерекзпеленеді.
Істі мәні бойынша қарау, қорғау, айыптау қызметтерінің бөлінуі — сот тергеуіне ерекше серпін беріп қана қоймай, бүрынғы сот тергеуін реттейтін нормалардың күшін жоюға әкеліп соқгы.
Мемлекеттің қылмыстық іс жүргізу саясаты — соның ішінде осы саясатты өз заңцары арқылы жүзеге асыру — ол демократиялық талаптарға толығымен сай келіп, қылмыстық процестің қандай қатысушысы болмасын, өз Ісұқықтары мен занды мүдделерін толығымен қорғауға мүмкіндік беріліп отыр деуге болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Қазақ Баспасөзінің Бағдары

Бүгінгі таңда әлемде сан түрлі жыныстық аурулардың өршіп отырған кезінде, жыныстық тәрбие жайындағы басылымдардың да қажет екені ақиқат. Бұл салада арнайы жыныстық қатынасты емес, тәлім - тәрбиелік ниеттегі, махаббат, неке және отбасы қарым- қатынастары төңірегіндегі мәселелерді кеңінен қозғап отырған «Адам ата Хауа ана» газетінің аяқ алысын құптаған жөн.
Бұл аталған басылымдардан басқа саяси науқандар кезінде арнайы мақсаттарда шығарылған «Дат» және «СолДат» сияқты мемлекеттік емес басылымдар да жарық көрді. Бірақ, бұл газеттер белгілі бір топтың мүддесін көздеп, мемлекет басшысын, үкімет мүшелерін қаралаудан тұратын субъективт жарияланымдары арқылы халықтық басылымға айнала алмаған еді. Еліміздегі қазақ тілінде жарық көретін тәуелсіз басылымдар туралы айтқанда, «Алтын Орда» гезетін ерекше атап өтуге лайық. Алтын Орда газетінің бір жылдан аса мерзім ішінде тиражы өсіп, өткір қалам қайрауымен, тың пікірлер көтеруімен, республикамыздағы келеңсіз құбылыстарды жоғары жаққа батыл жеткізе білуімен халықтың көңілінен шығып келеді.
Президентіміз Н. Назарбаев: «Қазақстаның егеменді мемлекет ретінде қалыптасыуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде саяси демократия - тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарынсыз ақылға қонымсыз болар еді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Компьютерлік фирма менеджментінің ақпараттық жүйесі

Менің курстық жұмыс тақырыбы «Компьютерлік фирма менеджментінің ақпараттық жүйесі» болып келеді. Жұмыс мақсатына келетін болсақ, ол қазіргі кезге сай менеджер жұмыстарын автоматтандыру үшін қажет.
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриялды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Ақпарат – қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түрінің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады
Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңі қоғамдық құрылыспен қатар экономикалық, шаруашылық және қаржылық салаларда түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Экономикадағы және шаруашылық салалардағы зандарды және нарық заңнамаларын қолданудағы нарықтық қатынасқа көшу, нарықтық құрылымды құру мен іске асыру біздің көзқарасымыз бен ісімізді түбегейлі өзгертеді.
XX және XXI ғасырлар тоғысуындағы ғылыми-техникалық прогрестің адамзат алдындағы басты жетістіктерінің бірі – ақпартты басқару құралына, ал ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып және оны тиімді өңдеу құралы – комьютерлік техниканы қоғамдағы барлық салаларға жаппай ендіру болып отыр. Басқару үрдісіндегі негізгі элемент болып саналатын ақпарат жүйесінің және оған қатысты жаңа технологиялардың даму қарқыны - оны жобалаудыға жаңаша ыңғайларды қалыптастыруда. Ақпарат жүйесін күрделі динамикалық жүйе ретінде қарастырып, оны жүйелік ыңғаймен зерттеу қолға алынды.
«Менеджмент» түсінігі шетел тілінен аударғанда - өндірісті басқару, басқаша айтқанда, өндірісті басқару қағидалары мен әдістері, құралддары мен формалары жиынтығы деген мағынаны білдіреді. Олар өндірістің тиімділігін арттыру және пайданы көбейту мақсатымен жасалынып қабылданады. Ал соы түсініктемеге сәйкес «менеджмент» дегеніміз - өндіріс, өткізу және қызмет көрсету саласындағы ұйымдастыру және басқару жөніндегі шаруашылық дербестігі бас іскер адам, өз ісін егжей-тегжелі білетін мамандандырылған басшы.
Менеджмент – кәсіпорынды ұйымдастырудың принциптері (заң жағынан) туралы, оны дамытуды стратегиясы (идеологиялық бөлігі) туралы, қызметкерлерді іріктеу (әлеуметтік жағы) туралы және олардың жұмысын оңтайландырудың тәсілдері (психологиялық бөлігі) туралы ілімдерді қамтитын кәсіпорынды тиімді басқару ғылымы.
Менеджментте басты нәрсе кез келген адамдық қарым-қатынастарға жарайтын баршаға ортақ басқару принциптерін іс жүзінде бөлу, анықтау және қолдану болып табылады ....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Компьютерлік желілер туралы жалпы түсінік

Заман талабына сәйкес білімді ақпараттандыру өмірдің талабы болып отыр. 70-шы жылдар басында компьютерлік бөлшектер шығару саласында үлкен технологиялық жаңалық ашылды – үлкен интегралдық үлгілер пайда болды. 80-шы жалдар ортасында жергілікті желілер дами бастады.
Компьютерлік желілердің пайда болуы мәліметтерді бірігіп пайдалануға көп көмегін тигізеді. Дербес компьютер – құжат құруда, кесте дайындауда, графикалық мәліметтер және басқа да ақпараттардың түрлерімен танысуда тиімді құрал. Бірақ ол сіздің жұмысыңыздың нәтижесін тез арада басқа біреумен бөлісуіңізді қамтамасыз етпейді. Желі болмаған жағдайда жасалынған жұмыспен басқа қолданушылар жұмыс жасау үшін әрбір құжатты қағаз бетіне шығаруға немесе дискетке көшірмесін түсіруге тура келеді. Сонымен қатар барлық қолданушылар құжаттың көшірмелерін өзгертіп-түзеткенде, ол құжатты қайта жинап өңдеу қиындық туғызатын. Жұмыстың мұндай схемасы автономиялық ортадағы (автономная среда) жұмыс деп аталады. Егер де осындай ортадағы әрбір қолданушы өзінің компьютерін басқа компьютерлердің желісіне қосса, онда ол қолданушы олардың құжаттарымен де, принтерімен де ортақ жұмыс істей алар еді.
Компьютерлерді желілерге біріктіру технологияларының стандарты бекітілді – Ethernet, ArcNet, Token Ring. Олардың дамуына дербес компьютер әсер етті. Бүгінде есептеуіш желілер қарқынды дамуда. Жергілікті және ауқымды желілер арасындағы алшақтық, кабельдік жүйедегі жергілікті желілер сапасынан кем түспейтін жоғары жылдамдықтағы аумақтық байланыс арналарының пайда болуына байланысты барынша азаюда. Ауқымды желілер ресурс қызметтерінде жергілікті желілер қазметтері сәйкес ыңғайлы болуда. Бұған кең тараған Internet ауқымды желісі мысал бола алады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Компьютерлік желі түсінігі

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құруға еніп, көкейтесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа (қорға) айналып, ақпарттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.
Қазіргі кездегі қоғам индустриялдық кезеңнен кейінгі дамудың ақпараттық кезеңіне аяқ басты. Ақпарттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Оның басты сипаттарына – ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану адамдардың көптеген қызмет түрлерін компьютерлендіру, коммуникациялардың бірыңғай халықаралық жүйелерін жасау істері жатады. Қазіргі кездегі адамдар үшін «компьютерлік сауаттылық» дегеніміз кешегі жай сауаттылық (оқып жаза білу) тәрізді міндетті түрде іске асырылатын шара болып саналуы тиіс.
Соңғы кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында да біраз өзгерістердің туындауына себепші болып отыр. Қазақстанда жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Білім жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге де презиндентіміз Н. Ә. Назарбаев та назар аударып, ол Республикалық мұғалімдер съезінде: «ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі болған нәрсе – ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады», - деген болатын.
Қазіргі кезеңде білім жүйесінің барлық салаларын нақты түрде ақпараттандырудың кешенді жоспары жасалуда. Информатикадан мемлекеттік білім стандартында көрсетілгендей бүгінгі таңда оқу мақсатын тек компьютерлік сауаттылық шеңберінде ғана анықтау жеткіліксіз. Қазір «Интернет» желісіне ену қажеттігі туындап отыр. Біздің елімізде барлық мектептер компьютерлендіріліп жатыр. Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі Интернет желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе күн жаңаларымен толықтырылуда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Ақпараттардың көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді, қазір де Интернет жалпыға бірдей ақпараттық қор тәрізді ертегідегі «ханшалардан» күнделікті «күніңізге» айналып барады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Компьютерлік вирустарға түсініктеме

Компьютерлік вирус – арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен –басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды ‘’бүлдіруге’’ кіріседі және компьютерде
тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа ’’ауру жұққан’’ немесе ‘’бүлінген’’ деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус іске кірісіп, оның негізгі фукциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да ‘’жұғады’’ және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды ( мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т.с.с).
Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекетін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс жасай береді. Сөйтіп программа бұрынғысынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге ’’вирус жұққандығы’’ бастапқы кезде байқалмай қалады.
Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадында DOS-ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады.
Вирустың зиянды іс әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компьютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады.
Компьютерде ‘’ вирус жұққан’’ програмалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екенісырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін:
- кейбір програмалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді
- экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т.б. шығады.
- компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды .
- көптеген файлдардың бүлінгені байқалады.
Компьютерге вирус жұққанын байқаған кезде кейбір файлдар мен каталогтар, дискідегі мәліметтер бұзылып үлгереді, оның үстіне пайдаланылған дискеттер арқылы немесе жергілікті байланыс желілері бойымен компьютердегі вирус басқа компьютерлерге таралып кеткені байқалмай да қалады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Коммерциялық ұйымдар банкроттығы оның қызметінің тоқтатылу негізі ретінде

Экономикалық және әлеуметтік өзара байланыстардың жалпы жуйесінде әрқайсысы өз функцияларын орындайтын жеке және мемлекеттік меншіктің үйлесуі мен өзара әрекеттесуімен бәсекелестік бастауларға негізделген әлеуметтік нарықтық экономиканы қалыптастыруға мемлекетіміздің ұстанған бағыты тиісті инфрақұрылымдық және соның ішінде нарықтық құқықтық қатынастардың аса маңызды қатысушылары - за ңды тұлғалардың мәнін өркениетті ыңғайларды құру міндетін алға тартады.
ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында : “Біз қазіргі кәсіпорындардың қалпына келтірілуін және шағын және орта бизнестен жаңа кәсіпорындардың құрылуын тоқтатып тұратын құрылымдық кедергілерді жойып,соңғы жеті жылда қалыптасқан нарықтық экономикамызға серпін беретін шараларды қабылдаумыз қажет.Бұл шаралар өсіп-есейіп, әрі қарай өркендей беруіміз үшін біздің экономикамызға ауадай қажет” деп атап өтті.Президенттің.
Экономикасы дамыған өркениетті елдердің барлығында да рыноктық қатынастарды құқықтық реттеу механизімінің негізгі элементтерінің бірі – банкроттық туралы заңдылық болып табылады. Қазіргі таңда біздің рыноктық экономика жағдайында өнеркәсіптің құлдырауы, экономикалық тоқырау, инвестициялардың болмауы, ақша-несие қатынастарын қайтала түсу, сөз жоқ, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарды банкроттыққа әкеліп соқтырады.
Осы диплом тақырыбының көкейтестілігі мен іс жүзіндегі маңыздылығы мынадай бірқатар себептермен негізделген:
Біріншіден, қазіргі уақытта экономикада төлемдердің тоқырауға ұшырауы ең өзекті проблема болып,
Екіншіден, заңгерлер банкроттық проблемасына неғұрлым жиі ұшырасып жүр, ал бұл жөніндегі әдебиеттер мүлдем тапшы.
Бұл дипломдық жұмыста қолданыстағы нормативтік құжаттарды негізге ала отырып, қазақстан республикасында күшіне енгізілген Банкроттық туралы Заңның жүзеге асырылуына талдау жасалынды.
Бұл жұмыстың мақсаты – коммерциялық ұйымдардың банкротқа ұшырау себептері мен оларды тарату мәселесіне талдау жасау.
Диплом жұмысы кіріспіден, үш негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізбесінен тұрады.
Қазақстанда бұл мәселелерге Басин Ю.Г.,Грешников И.П., Диденко А.Г., Жакенов В.А., Жанайдаров И.У.,Маметова Р.А.,Мукашева К.В., Сулейменов М.К.,Худяков А.И. және басқа авторлар өз еңбектерін арнаған. ....
Курстық жұмыстар
Толық