Мақтанышым-Әкем!

Ғаламтордан Нұрболат Абдуллиннің көзіне жас алып тұрып орындаған «Менің әкем -ең жақсы адам!» деген әнін естігенде еріксіз менің көзіме де жас келді. «Менің де әкем керемет адам!»,- деп сахнада ән етіп айта алмасам да, сыртқа шығып таныстарыма айтып, айқайлап , бәріне айтқым келді. Бізге ата-ана туралы айтыңдар десе көбіне анамызды бірінші айтатынымыз айдан анық. Оған менің қарсылығым жоқ. Дегенмен мен үшін әкемнің сөзі, отбасындағы орны, анама, ата-әжеме, балаларына қамқорлығы ерекше. Әкеміз кейде үйде болмай жолаушылап кетсе, оның орны ерекше ойсырап тұратын. Ал анамыз бен әкеміз қатар отырып, бірге тамақтанып, бірге әңгімелесіп, ой бөліссек мен үшін одан артық бақыт жоқ тәрізді. Қазір басқа қалада оқуда жүрген апам мен ағам әр телефон шалып сөйлескен сайын «Әкем мен анамды ренжітпе, айтқандарын екі етпей орында, сыйла!» ,-деумен болады. Мүмкін сағынып жүрген болар деп ойлаймын кейде. Ал бір ойым адам қасында жүргенде жақын адамдарының қадірін білмейді,- деген оймен астасып, олар әкем мен анамның қадірін енді біліп жүрген болар деген ой мені мазалайды. Олар оқудан демалысқа келіп, қайтатын күні болғанда - анама таңертеңгі шайға балалардың бәрін оят, бәріміз бірге ауызбіршілік шайын ішейік, -дейтін. Анам сол күнге бола таңертең ерте оянып, бар тәттіні пісіріп, аузымызға тосатын. Бұл да болса әкемнің бірлік пен татулыққа шақырған тәрбиесі деп білемін. Әкемнің асыл қасиеттерін ауызбен айтып жеткізе алмаймын. Қанша шаршап- шалдықса да үйге үнемі күлімсіреп кіреді......
Эсселер
Толық