"Әркім өзінің бұзылғанына қарай бағамдар": Дина Төлепберген тағы бір "жалаңаш" суретін жариялап елді таңғалдырды

Қазақстандық тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген тағы да сын астында қалды. Бұған дейін көпшілікпен бірге жастықпен денесін жапқан суретін желіге жүктеген әнші бұл жолы купальникпен түскен суретін жариялады.

"Менің жастықпен түскен суретім соңғы үш күн бойы құдды вирус секілді кеңінен тарап кетіпті. Тіпті ресми бұқаралық ақпарат құралдарының сайттарына шығып, көптің көзайымы болып отырмын. Жұлдызды сәтім осы болады деп кім ойлапты?

Менің түсінбей отырғаным, «Дина тыр жалаңаш» деп жазасыздар. Неге? Қай жерім көрініп қалыпты? Әлде сол бір суретті түсірерде жанымда болып, мені өз көзіңізбен көрдіңіз бе? Иә, әркімде бар бір қиял, ал қиялды кім тияр?!
Жаңалықтар
Толық

Айқын Жұлдыз Өмірғалиден бала сүйгенін жоққа шығармады (фото)

Айқын Төлепберген "Кешью" тобының бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғалиден бала сүйгенін жоққа шығармады. Бұл туралы NUR.KZ порталы 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңалықтар
Толық

Төлепберген Байсақалов Тұрсынұлы (1974 жылы 29 наурыз)

Байсақалов Төлепберген Тұрсынұлы - актер.
1974 жылы 29 наурызда Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Михайловка ауылында дүниеге келген.
Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын бітірген (Р. А. Машурованың шеберханасы, 2000); БМИК-ті тәмамдаған (В. Хотиненко, шеберханасы 2010). Фильмдегі дебюті - «Ләйланың зары» (Реж. С. Нарымбетов); Канн кинофестивалінде (2008) «Ерекше көзқарас» аталымы бойынша Гран-приді иеленген «Қызғалдақ» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдады. Үйленген. Бір ұлы, бір қызы бар.
Кинодағы рөлдері:
2014 Тығырықтан жол тапқан | Разрывая замкнутый круг (Қазақстан) - Хәкім
2014 Қазақша тонау | Ограбление по-казахски - Сәкен Ахметов
2014 Нархоз (хикая, Қазақстан) - Айсананың әкесі
2013 Көшбасшы жолы | Путь лидера. Огненная река. Железная гора (Казахстан) - Хәкім
2013 Параллель әлемдер | Параллельные миры (Қазақстан, Ресей) - курьер ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Асылхан Төлепов (21 мамыр 1992 жылы)

Асылхан Сайлауұлы Төлепов (21 мамыр 1992, Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Жетікөл ауылында дүниеге келген) — Қазақстан актеры. 2012 жылғы шыққан «Жаужүрек Мың бала» атты фильмдегі Сартай батырдың рөлін сомдағаннан кейін танымал бола бастады.
Өмірбаяны
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы жанында ашылған колледждің професссор Есім Сегізбаев класын тәмамдаған. 2010 жылы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» шығарған Елбасы туралы түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильмінде президенттің досы Ғалидің рөлін сомдаған.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Дина Төлепберген (9 сәуір 1984 жылы)

Дина Төлепберген Исматуллақызы (төлқұжаты бойынша Дина Тулепбергенова) (9 сәуір 1984 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген) - белгілі тележурналист, тележүргізуші, әлеуметтік жобалар продюсері, радиожурналист, КТК телеарнасының жаңалықтар қызметінің редакторы, ҚР Президентінің журналистік пулының арнайы тілшісі (2006-2009), «Anashym» форумының ұйымдастырушысы.
Білімі
Шымкент қаласындағы №26 Жамбыл атындағы мектеп гимназиясын 2001 жылы «Алтын белгімен» бітірген.
М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 2007 жылы «Режиссура» мамандығы бойынша бітірген.
Қазақ, орыс, ағылшын, араб тілдерін меңгерген.
Қызмет жолы
1996 – 2001 - «Қазақстан – Шымкент» телеарнасында «Ақ желкен» бағдарламасының жүргізушісі;
2001 – 2002 - «Отырар» облыстық арнасында «Ата-анасыз бір сағат» атты балаларға арналған хабардың редакторы;
2002 – 2005 - «Отырар» арнасында «Жас толқын» жастар бағдарламасының жүргізушісі;
2005 - 2006 - «Астана» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің тілшісі, «Осы сағатта» бағдарламасының жүргізушісі;
2006 – 2009 – «КТК» телеарнасы «Астана» бюросының жаңалықтар қызметінің тілшісі (ҚР Президентінің журналистік пулының арнайы тілшісі)....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Айқын Төлепберген (1982 жылы 10 ақпан)

Айқын Төлепберген 1982 жылы 10 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. Оның музыкалық білімі жоқ, Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «баспагер-инженер» мамандығы бойынша бітірген.
Айқын алғаш тыңдарманға «Superstar kz» жобасы арқылы танылды. Әнші бұл жобаға қатыспай тұрғанда, Алматыдағы мейрамханаларда ән салған. Ал, «Суперстарға» ол досының кеңесімен қатысқан. Сондай-ақ, оның жобаға баруына қазылар алқасының құрамында танымал әнші Батырхан Шүкеновтің болғандығы да қатты әсер етіпті.
Айқынды «Superstar kz» жобасынан шыққан әншілердің ішінде сахнада жарқырай көрініп жүрген әртіс деуге болады. Өйткені, ол бүгінге дейін өзінің аудиториясын тауып үлгерді. Айқынның тыңдармандарының арасында кішкентай бүлдіршіннен егде қартқа дейін бар. Эстрадаға келген он жылдан астам уақыт ішінде «Асылым», «Ерке қыз», «Пах, пах!», «Жалаң аяқ қыз», «Үмітің үзілмесін!», «Жалғыз сен», «Корабли» және тағы басқа хит әндерді жарыққа шығарды. Әншінің бұл жетістіктерге жетуіне оның бойындағы талантын тани білген алғашқы продюсері Ерік Тастамбеков те үлкен үлес қосты....
Өмірбаяндар (биография)
Толық