"Әркім өзінің бұзылғанына қарай бағамдар": Дина Төлепберген тағы бір "жалаңаш" суретін жариялап елді таңғалдырды

"Әркім өзінің бұзылғанына қарай бағамдар": Дина Төлепберген тағы бір "жалаңаш" суретін жариялап елді таңғалдырды

Қазақстандық тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген тағы да сын астында қалды. Бұған дейін көпшілікпен бірге жастықпен денесін жапқан суретін желіге жүктеген әнші бұл жолы купальникпен түскен суретін жариялады.

"Менің жастықпен түскен суретім соңғы үш күн бойы құдды вирус секілді кеңінен тарап кетіпті. Тіпті ресми бұқаралық ақпарат құралдарының сайттарына шығып, көптің көзайымы болып отырмын. Жұлдызды сәтім осы болады деп кім ойлапты?

"Әркім өзінің бұзылғанына қарай бағамдар": Дина Төлепберген тағы бір "жалаңаш" суретін жариялап елді таңғалдырды

Менің түсінбей отырғаным, «Дина тыр жалаңаш» деп жазасыздар. Неге? Қай жерім көрініп қалыпты? Әлде сол бір суретті түсірерде жанымда болып, мені өз көзіңізбен көрдіңіз бе? Иә, әркімде бар бір қиял, ал қиялды кім тияр?!

Ал мына суретте мен тренеріммен бірге. Жүзген кезде, жақсы есу үшін қолдың позициясын түсіндіріп тұр. Ал Сіз не көріп тұрсыз?
Әркім өзінің бұзылғанына қарай бағамдар", - деп жазды ол Инстаграм парақшасында.

Бұл жолы тележүргізушінің әрекетін қолдағандардан гөрі, ерсі көргендер басым.

"Салмақты, шыншыл ақиқатты батырып айтатын Дина ханымды соңғы кезде танымай жүрмін", "Келесі жолы лыпасыз суретіңізді салайын деп тұрған секілдісіз ғой", "Негізінде маған ұнайтын жүргізушісіз, сыйлаймын, бірақ сол жастық пен осы сурет ұнамады", "Адам біреуден мін табудан бұрын өзіне қараған дұрыс. Айта берсін, құлағыңызға ілмей жүре беріңіз бастысы. Ауырмаңыз. Өткенде "Астарлы ақиқатты" көріп отырып кәдімгідей уайымдап қалдым", "Неңіз бар түсіп халық алдындағы адамсыз", - деп жазды ренішін білдірген көпшілік.

Бұған дейін тележүргізуші де челендж жасаймын деп сынның астында қалды. Тележүргізуші желіде сынға қалған Алматы полициясы басшысының орынбасары Берік Әбілбековті қолдау үшін жастықпен суретке түсіп, челленджді қайталаған еді. Алайда ол әрекеті үшін желі қолданушыларынан сын естіді.
дереккөз
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі