Өлең; Ғабит Мүсірепов

Қуаныш жан толқытпай жай шыға ма,
Жұлдыз бар мақташыда, қойшыда да,
Ойпыр-ай, сен алғаның бақыт болды-ау
Қазақтың қадірлі ұлы, ойшыл аға!
«Шүйінші, шүйінші! — деп тоқталмай-ақ
Сол күні жүгірумен көп талды аяқ.
Мен-дағы омырауьмды сипай берем
Жап-жаңа өзіме әкеп таққандай-ақ!
Халықтың сонда....
Өлеңдер
Толық

Сатиралық ертегі: Тоғыз тоңқылдақ, бір қиқылдақ

Бұрынғы уақытта тоғыз Тоңқылдақ, бір Қиқылдақ болыпты. Тоңқылдақтың тоғызының тоғыз танасы, тоғыз шешесі бар екен. Бір Қиқылдақтың бір танасы, бір шешесі бар екен де, Тоңқылдақтар (Қиқылдаққа) һәрқайсысы өзінің бір-бір танасын бақтырып жүреді екен. Бір күні Қиқылдақтың етігі жыртылып қалыпты. Қиқылдақ танасын Тоңқылдақтарға қосып жіберіпті. Тоңқылдақтар бір күн бағады, екі күн бағады. Бір күні Тоңқылдақтар ақылдасып, Қиқылдақты құртамыз деп, бірігіп алып, Қиқылдақтың танасын бәрі жабылып, батпаққа тығып кетеді.
Кешкітұрым ауылына барса, нашар Қиқылдақ сорлының танасы жоқ. Қиқылдақ жүгіріп келіп, Тоңқылдақтардан сұраса, Тоңқылдақтар:
– Сенің танаңды бағып, біз саған малай ма едік? Бақпағаннан кейін батпаққа тығып кеттік, – дейді.
Қиқылдақ[тың] Тоңқылдаққа күші жетпейді. Олар дәу һәм үлкен, Қиқылдақтың күші жетпейді. Қиқылдақ оларға күші жетпегеннен кейін барып, танасын сойып жатса, бес ақ бас атан келе жатыр екен. Бес ақ бас атанды. Қиқылдақ ұстап алып, тананың қанын басына жағып, етін артып, ауылына келіп:....
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Ұры

Баяғыда бір кедей өмір сүріпті. Оның үш баласы болыпты. Бір күні кедей балаларын шақырып алып:
– Осы уақытқа дейін мен сендерді асырадым, енді қартайдым, әлім бітті. Сендер болсаңдар, әлі жассыңдар, қалай күн көрер екенсіңдер, – дейді.
– Байдың малын бағамыз, – дейді үлкен ұлы мен ортаншы ұлы.
– Сен ше? – дейді кедей кіші ұлына.
Сонда кіші ұлы тұрып:
– Мен байдың малын ұрлап, күн көрем, – деген екен.
Оның бұл сөзіне әкесі ашуланып:
– Ұры болсаң, менен кет, – деп, үйден қуып жібереді.
Бала үйінен кеткен соң жолмен жүріп келе жатса, бір ауыл көшіп келеді екен. Ол көштің артынан қалмай, жүріп отырады.
Кеш бата көш бір тоғайдың жанына қонады. Баланы ешкім елемейді.
Бір кезде байдың үйі ет асады. Әйелдер үйге кіріп кеткенде қарны ашқан бала қазандағы етті қотарып алып, жегенін жеп, жемегенін тастап кетіп қалады.....
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Көктелпек, Жамантелпек

Ол бір заманда Көктелпек, Жамантелпек дейтін ұрылар болыпты. Көктелпек – әкесі, оның баласы – Жамантелпек.
– Әке, сенің ұрлыққа шеберлігің қандай? – депті Жамантелпек.
– Не қандайын сұрайсың, балам, мен ұя басқан сауысқанның астынан жұмыртқасын сездірмей аламын, – депті Көктелпек.
Көктелпек тау басындағы ұя басып жатқан сауысқанның жұмыртқасын ұрлауға өрмелегенде, баласы әкесінің станын ұрлап алып қалады.
Қайтып келіп, Көктелпек баласына:
– Қалай, ұшырмастан сауысқанның астындағы жұмыртқасын ала алдым, – деп, мақтана сөйлейді. Баласы да:
– Я, сіз өте шебер екеніңіз рас, ал мен сіздің станыңызды қалай білдірмей алдым, – дегенде, Көктелпек өз бойына қарап, киімінің жоқ екенін көріп, ұялып:
– Я, балам, сенің ептілігің артық екеніне көзім жаңа жетті, – депті әкесі.
Ханның атақты арғымақ аты болады. Атты тас сарайға аузына кілт салып, бағады. Ұрылар ханның атын ұрлап әкетуге қанша аңдыса да, шығарып әкете алмайды.....
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Тазшаның хан болуы

Ерте кезде хан болыпты. Ханның қырық уәзірі болған. Бұл қырық уәзір хан не айтса, соны орындап отыратын еді. Бір күні хан шалқасынан жатып, өзінің ордасында өз-өзінен «тап» деді. Қырық уәзір тегіс жиналған болатын. Бұлар да жаман састы. «Не деп?» сұрай да алмады, ханнан қорыққанынан «қазір, қазір», – дей беріпті.

Хан:

– Егер таппаған күнде жарық көрейін деп, үміт етпеңдер, тез табу жағын көздеңдер, – деп, әмір берді.

Қырық уәзір жиналып: «Қой, қарап өлмейік, іздеп көрейік», – деп, атқа мініп, тұс-тұс жақтан іздеуге әрекетке кірісті. Барлық түсінгені сол – хан шалқасынан жатқанда айтты, ат жетер жерді тегіс аралады, ешбір «білемін» деген адам шықпады. Қырық уәзірдің салы суға кетіп, өлді деген осы ғой деп, еліне қайтқан. Ханның ордасына таянған кезде алдында бір қора қой бар бір қойшы жүр екен.....
Ертегілер
Толық