Алты айға созылған пандемия салдарынан 2020-2021 оқу жылы қалай басталатыны бастауыш сыныптарда оқитын, әсіресе бірінші сыныпқа баратын балалары бар ата-аналарды алаңдатқан болатын. Алайда министрлік тарапынан оңтайлы амалдар ойластырылып, білім беру саласына бірқатар өзгерістер енетіні мәлім болды.
Пән: Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-сынып алгебра курсын қайталау Сабақ тақырыбы: Статистика элементтері. Абсолютті жиілік және салыстырмалы жиілік. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.3.3.2 нұсқалықтың абсолютті және салыстырмалы жиіліктерін есептеу; 7.3.3.3 статистикалық деректерді жинау және оны кесте түрінде көрсету; 7.3.3.4 таңдаманы жиілік кестесі түрінде көрсету 7.3.3.5 кестедегі деректердің дұрыстығын тексеру; 7.3.3.6 таңдама нәтижесін жиілік алқабы түрінде көрсету; 7.3.3.7 кесте немесе жиіліктер алқабы түрінде берілген статистикалық ақпаратты талдау; Сабақ мақсаттары: Оқушылар: - нұсқалықтың абсолютті және салыстырмалы жиіліктерін есептей алады; - статистикалық деректерді жинай алады және оны кесте түрінде көрсетеді; - таңдаманы жиілік кестесі түрінде көрсетеді; - кестедегі деректердің дұрыстығын тексеру; - таңдама нәтижесін жиілік алқабы түрінде көрсетеді; - кесте немесе жиіліктер алқабы түрінде берілген статистикалық ақпаратты талдау;.........
Қорқыт - композитор, жыршы, ақын, музыкант, ойшыл, бақсылардың қамқоршысы. Халық оны «қобыз атасы» деп те атаған. Қорқыт ата түрік дәстүрін, салтын, әдетін, сенімдерін, басқа халықтардан айырмашылығын, қысқасы, қоғамдық мінездемесін ертегілерінде айтқан, оны бүгінге дейін әдемілеп жеткізген ұлы өнерпаз. Туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Өмір сүрген ғасыры да даулы.
Қорқыт ата VII ғасырда Сырдария өзенінің бойындағы бұрынғы Жанкент қаласында өмір сүрген. Кемеңгер тұлға дүниеге келмес бұрын анасы оны құрсағында үш жыл көтерген деген аңыз әңгіме....
Дәстүрлі емшілер ауыз қуысындағы барлық патогенді микробтардан арылу үшін күніне бір рет пияз шайнау жеткілікті дейді. Оны үнемі жеу асқазан - ішек моторикасын түзеуге, дисбактериозды, диарея мен асқазан ауырсынуын жеңілдетеді.
Қожанасыр өте қиял әпенді кісі болған екен. Қожанасыр бір күні үйде жатса, патша шақырыпты. – Менің тісім ауырып қалды, Қожанасыр келіп, тісіме ем қылсын, – депті. Жігіттер келіп: – Қожеке, жүр, сізді патша шақырады, – депті. Қожа айтыпты: – Бармаймын, патша өзі келсін және маған керосин май беріп жіберсін, – деп, жігіттерге айтыпты. Жігіттер барып, патшаға айтқан екен Қожа келмеймін дейді, маған май берсін деп, айтып жібереді, – деді. Патша айтты: – Бір бөтелкеге сиіп, толтырып, Қожаға алып бара беріңдер. Оның май емес екенін білген соң Қожа ашуланып, өзі келеді, онан соң тісімді қаратып алайын, – деді. Жігіттер бөтелкеге сиіп, Қожаға алып барып, беріпті. Алып барған жерінен танып, Қожа біліп, сыр бермей, қала беріпті. Екінші күн: – Қожаны шақырып кел, келмеді ғой, келмесе, байлап алып келіңдер, – деп, патша жігіт жұмсады. Қожа адамның кепкен бір тезегін бір шүберекке таңып алып, дайын болып отыр екен. Жігіттер келіп, Қожаны ертіп, патшаға барыпты. Патша қол қусырып: – Қожеке, неге кеше келмедіңіз? Кешелі бері тісім ауырып, көрмеген қорлық көрдім. Маған бір дәрі-барыңыз болса, берсеңіз екен. Не дүние болса, мен сізге берер едім, – деді......
Бұл кәдімгі Тобықты деген рудың, оның ішінде Қарамырза деген топтан атақты Тәуке батырдың туысқаны Құлжатай Қорыға баласы деген азамат, осының әңгімесі шығыс әңгімесінен де қызығырақ. Осылар екі атаның баласы, бір жағы – Жақып баласы Байғали, Нұрғали, Қали, екінші жағы – Қорыға баласы Мұсатай, Жолдатай, Құлжатай болып, Ақшоқы деген жерде жерге таласып, екі жақ болып, төбелеске шығады. Бір жағының батыры атақты Тәуке, екінші жағынан қашқын Әділқан деген Байтен деген рудан апрель айының аяқ кезінде талтүсте сарт та сұрт, ал соғыс. Бұл соғыста Қорыға жағы мегдетіп, Жақып баладарының көбі қашып, түсіп қалады. Басты орамалмен мықтап тартып алған, қолда Ақтабаннан нән бір-бір сойыл шоқпар еді. Жерге талас түс мезгілінде Құлжатай мырза тоқтап, Ақшоқының басына шығып, желпініп, насыбайын атайын деп, қалтадан шақшаны суырып ап, ердің қасына тық-тық еткізіп қақса, ері тілге келеді. – Кенже-ау, басымды жардың ғой, – дейді. Құлжатай мырза сасып, тап ерінің қасына қараса, тақымынан бір бас қылтиып шығып тұр, қараса, алғашқы кездескенде сасып жүріп, жауырынынан жұлып алып, Әділқан батырды тақымына қысып ап кеткен екен. Оны ұмытып кетіпті. Әлгі ердің қайысы деп, шақша қаққаны осы Әділқан батырдың басы екен. Ыржиып күледі......
Бұрынғы замандарда екі соқыр жолдас болып, бір-бірінен айрылмай, күннен күн екеуі дос болыпты. Һәр адам тең теңімен, тезек қабымен, екеуміз бір-бірімізге теңдеспіз ғой деп. Сол бейшаралардың достығы біреуісіз бірі тамақ жеместей болып, жанын да, тәнін де ортаға салып, қол ұстасып, ауқат қылып жүріпті. Біздің бұрынғы ең үлкен атамыз Адамға дұшпан болған бір шайтан атты біреу бар дейді ғой, сол осы екі соқырдың ұйымдасып, ауқат қылғанын да күндеп, екеуін ажыратудың шарасына кірісіпті. Бұған ажырату айласын таба алмай, не қыларын білмей тұрғанда бір адам:
– Нағып тұрсың сілейіп? – деп сұрапты.
– Ойбай, мен жетісіп тұрғам жоқ. Осы екі соқырдың достығын бұзудың кепілін алып едім. Енді сорым құрып, соны бұзудың ақылын таба алмай тұрмын, – дейді.
– Ой, сол ма? Мен оны боқтан оңай ажыратып берем, – деп, екі соқырдың біреуін «Мә, жолдасыңа!» – деп, бір ұрады.
Алдар жерошаққа аунап, ұйықтап қалған екен, бір уақытта оянып, көзін ашса: Елбектейді ақырын, Елестейді ақырын Дәл өзінің үстінде Дәл көргендей түсінде… Бірдеңелердің жүргенін сезеді. «Шайтан дегендерің осы екен» деп, көзін қайта жұма қояды. Түлен түртпек түленбек, Біздің қазақ тілінде. Бәле үстіне бәле өнбек Бір бәлеге ілінбе. Ескілердің айтуынша, Түлен, Құлан дейтін екі шайтан бар. Осы шайтандар Ебілістен бата алып, әдейі қазақты алдауға шығыпты. «Түлен түртті» дегендегі Түлен осы Түлен болса керек. Секектесіп желісіп, Қап тауынан қадаңдап. Түрлеріне келісіп, Жетіп кепті жалаңдап.......
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.