Инвестициялардың мазмұны, ұғымы және оның жіктелуі

Инвестиция — экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқынын қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді, инфрақұлымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Қазақстан Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған. Республикада инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне бағытталған жеңілдіктер мен преференциялар әзірленіп жасалған.
Қазақстан Республикасының экономикасын көтеруде және оны одан әрі дамытуда шетелдік инвесторлардың атқарар ролі зор. Шетелдік инвестицияларға табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне инвесторлар салып отырған мүліктік құндылықтар және оған қоса олардың құқықтары, яғни интеллектуалдық меншік құқығы да кіреді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне қатысты шаруашылық серіктестігі еншілестікті мойындайды, егер басқа шаруашылық серіктестігіне қатысуын қайта басқару күшіне оның жарғы капиталы немесе олардың арасында қатысты шарт жасау, немесе басқа түрде шешімді анықтау мүмкіндігі осындай серіктестікті қабылдауда, тәуелді акционерлік қоғамның тәуелдігін мойындау, бірлесіп бақыланатын заңды тұлға-бұл серіктестік, яғни басқа заңды тұлға. Әсеріне түскен шарт жасау күші және де инвестицияланған қаржы объект қаржылық пен басқа саясаттын дәрежесі үлкен немесе кіші екенін анықтауға мүмкіндік береді.
Инвестициялардың экономикадағы рөлі мен орны бойынша тікелей инвестициялар ішкі нарық жағдайына тікелей түрде әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын қалыптастырады, басқару мен маркетинттің жаңа формаларының жедел түрде енуін, сонымен бірге ұлттық экономиканың құрылымын өзгертеді. ....

Дипломдық жұмыстар
Толық