Экономика | Қазақстан Республикасындағы ормандар орман экономикалық ресурсы

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында сандық телерадио-хабарларын таратуды дамыту бағдарламасы әзірленуде. Осы бағдарламаның негізгі мақсаты мемлекеттік құралдарды ұсынатын бұқаралық ақпараттық қызмет көрсету сапасының артуын қамтамасыз ету болады.
Қоршаған ортаны қорғауға шығыстардың құрамында халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты және Қазақстан Республикасы экологиялық жүйелерін іске асыруға бағытталған, мынадай негізгі бағыттарда қаражат құрайтын болады:
қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның орнықты экологиялық дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу;
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаның сапасын тұрақтандырудың теориялық және технологиялық негіздерін қалыптастыру, табиғи ортаға арта түсіп отырған антропогенді әсерді азайту;
жердің шөлейттену және құнарсыздану үдерісін тоқтату және алдын алу;
тұтастай алғанда Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеу және енгізу жолымен қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік басқаруды дамытудың институционалдық негіздерін құру, оның ішінде жекелеген өңірлер мен республиканың экологиялық жай-күйінің автоматтандырылған мониторингін жетілдіру;
елдің экономикалық әлеуетін дамытуды ұтымды аумақтық ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау.
Су ресурстарын, орман мен жануарлар дүниесін сақтау және ұтымды пайдалану бойынша 2010 жылға дейінгі бағдарламасы және “Жасыл мұнай” жүйелерін енгізу бойынша шаралар кешені әзірленетін болады.
Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік бойынша Картахен хаттамасы бойынша, биологиялық әралуандық бойынша БҰҰ Конвенциясына және климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ Негіздемелік конвенциясына Киот хаттамасына қол қою мәселелерін пысықтау жоспарланып отыр.
2008-2010 жылдары орман қорын, жануарлар әлемін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау мен тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған шығыстар құрылымында ормандардың экологиялық және ресурстық әлеуетін арттыру үшін, орман ресурстарын ұтымды және жүдетпей пайдалану, оларды қорғау, сақтау және молықтыру, орман шаруашылығына жаңа технологияларды енгізу, мемлекеттік табиғи-қорықтық және орман қоры объектілерінің қызметі мен дамуын қамтамасыз ету, тұяқты жабайы жануарлар мен киіктердің сирек және жоғалып бара жатқан түрлерінің олардың кәсіпшілік санына және жыл сайынғы өсімінің биологиялық негізділігіне қол жеткізу үшін табиғи еркіндік жағдайында таралымын сақтауға жағдайлар жасау бойынша шығындар негізгі орын алатын болады. ....
Рефераттар
Толық