Саясаттану | Саяси режим

Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің механизмі – белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады.
Негізінен, олар – құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық – оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы – бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамассыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады. ....
Рефераттар
Толық

Саясаттану | Қазақстан Республикасының демографиялық құрылымы

Бүкіл ғаламшардың халықтары, яғни жалпы адамзат дегеніміз – бүкіл әлемдік адам популяциясы. Адам популяциясының құрылымы мен санының өзгеруін демография зерттейді. Демография (грек. демос –халық)- халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін (туу, өлім, өмірінің ұзақтығы) қоғамдық-тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым.
Адамзаттың саны туу қарқынымен анықталады. Бұл жағынан адам кез келген биологиялық түрге ұқсайды.
Қазақстан Республикасы халқының саны , 1997 жылғы дерек бойынша 15 млн. 33,4 мың болды. Ал, 1999 жылғы санақ қорытындысы бойынша 14 млн. 953 мың 126 адам, оның ішінде қазақтардың саны – 7 млн. 984 мың адам. Яғни табиғи өсімнің төмендігі байқалған. Табиғи өсім дегеніміз – 1000 адамға шаққанда туғандар мен өлгендердің айырмасы. Қазіргі таңда Қазақстандағы орташа табиғи өсімнің көрсеткіші - 13 адамға тең болып отыр. Ең жоғарғы Қазақстандағы табиғи өсімнің көрсеткіші 60 жылдардың ортасынан бастап 70 жылдардың басында байқалды.. Ол кездегі табиғи өсімнің көрсеткіші 32 адамға тең болған. Халықтың табиғи өсімі республика территориясы бойынша әртүрлі болып келеді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстанда – 16 адам, Қызылорда облысы бойынша – 14, Маңғыстауда – 12 адам болса, табиғи өсім бойынша төменгі көрсеткіштер Ақмола облысы – 2 адам, Алматы облысы бойынша – 5 адамды көрсетеді.
Халық санының кемуі туылғандар санының кемуі мен мигранттардың санының артуына байланысты болып отыр. 5 жылдағы жалпы туылу коэффициенті 1000 адамға 19,1-ден 14,7-ге төмендеген. Осының нәтижесінде табиғи өсім 2,1 есеге кеміді.
Қазақстандағы халық санының өзгерісіне әртүрлі себептер әсер етті. Мысалы, 1927 жылғы болжам бойынша 1932 жылғы халық саны 4,2 миллион адам болуы тиіс болатын, бірақ 1932-1937 жылдардағы ашаршылықтан 2,5 миллион адам қырғынға ұшыраған, соның ішінде қазақтар 32 пайыз, украиндар 30 пайыз, ұйғырлар 50 пайыз, өзбектер 68 пйызға дейін азайып кеткен, халық саны 57 пайызға кеміді. Ал 1926-59 жылдардың арасындағы жүргізілген конфискілеу, коллективтендіру және индустрияландыру кезеңдерінде жер аударғандармен Қазақстандағы тың игерушілердің көптеп келуімен халық саны тағы өзгеріске ұшырады. ....
Рефераттар
Толық

Саясаттану | Демократия туралы жалпы түсінік

Демократия деген сөз гректің «демос» - халық және «кратос» - билік деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді.
Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
1) мемлекеттің типі мен жалпы жүйесі;
2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез-келген ұйымның ұйымдастырылу түрі;
3) қоғамдық құрылымның мұраты және соған көзқарастар.
Демократияның көпшілік таныған біріңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлттық, тарихи т. б. Ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады.
1. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден-бірбастауы саналуы. Ол мемлекетте ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне көз жеткізеді. Бірталай мемлекеттерде халықтың бастамасымен және референдум арқылы заңдар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АҚШ-тың төртінші президенті А. Линкольн демократияға «халық үшін халық билігін» жатқызды.
2. Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай теңдік болған жерде ғана болады. Б.з.д. 5- ғасырда өмір сүрген гректің атақты тарихшысы Геродот сол кездің өзінде демократия деп теңдікке негізделген мемлекетті айтады деген болатын. Теңдік барлық салада – халық жиналысында, мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда, оны орындауда және т.т. болуға тиіс.
3. Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдени және т.с.с. ерекшеліктеріне байланысты адамдар әр түрлі болды. Солардың бәрін қалай теңдестіруге болады? Ол үшін заң, құқық алдындағы теңдік болуы керек. Заң және құқық – жалпы және барлығына бірдей қоғамдық және саяси өмірдегі демократиялықтыңнегізі және қорғаушысы. Олар қоғамдағы қатынастарды реттейді, жүріс-тұрыс, іс-әрекеттер ережелерін орнатады. Бірақ қоғам біреулерге рұқсат етілгенді екіншілерге рұқсат етпеуі,біреулерге басымдық беріп, басқаларға қысым көрсетуі мүмкін. Билік иелері заң мен құқықты өз мақсатында пайдаланғылары келеді. Сондықтан құқықтық теңсіздікті болдырмау керек. Оны қалай жасауға болады?
4. Оның кепілі - әділеттілік. Әділеттіліктің де біріңғай ұғымы жоқ. Ол жөнінде әр түрлі тарихи дәуірлерде әр қоғамның өзіндік түсінігі болады. Кеңес заманында еріксіз ұжымдастыру барысында қазақ халқының жартысына жуығы қырылып, біразы босап кетті. 1986 жылы желтоқсанда жастарды қырғынға ұшырату біреулерге әділетті көрінді. Сайып келгенде, әділеттілік қоғамдық қатынастармен, қоғамдағы саяси құрылыспен, оның мемлекеттілігінің тұрпатымен, саяси мәдениетінің дәрежесімен айқындалады. ....
Рефераттар
Толық

Саясаттану | Жеке тұлғаны саяси әлеуметтендіру процесіне білім мен саяси құндылықтардың ықпалы

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қоғам өмірінің барлық салаларында түбірлі өзгерістер жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осыған орай еліміздің білім беру жүйесінде де түбегейлі жаңарулар орын алуда. Демек, бүгінде Қазақстан КСРО кезіндегі бірыңғай және қатал мемлекеттік білім беру жүйесінен білім алудың плюралистік түріне өту үстінде. Яғни, елімізде білім беруді демократияландыру мен егемен мемлекеттің білім беру саясаты қалыптасуда.
Білім беру саласын дамыту еліміздің тәуелсіздігі мен дербес мемлекеттігін нығайту жолындағы басты басымдықтардың бірі болып саналады. ....
Рефераттар
Толық

Саясаттану | Әйелдер саясаты

Әйел-Ана. Осы бір құлаққа жағымды естілер сөздердің аясына дүние ғаламдағы ең жақсы, ең әдемі ұғым сипап тұрғандай. Себебі - әйел тішілікің тұтқасы, айнасы, ана өмірді өз қолымен жасап, өзі қорғап, қоршап отыр. Кез – келген қоғамда әйел-ананың орны ерекше, оларға деген ықылас та, ниет те өзгеше. Соның бір болмыс -нышанын өз алдына іргелі мемлекет болып отырған біздің елімізден де көруге, байқауға болады.
Әйелдің қоғамдағы орнына келер болсақ, ол өз алды әңгіме. Жасыратыны жоқ, әйелдердің қоғамдағы рөлі мен орыны туралы әңгіме қозғалса біз әлі де алдымен олардың жұмысбастылығы, білімі, оларға қатысты басқа да деректерді тілге тиек етіп жатамыз.
Қазақ әйелдерінің қоғамдық -саяси ортадан аз көрінуі қазақтың ежелден сақталып келе жатқан патриархаттық менталитетіне байланысты болуы мүмкін. Жекелеген тұлғалар болмаса, қазақ халқы қоғамдағы әйел рөлін негізінен отбасының ұйтқысы алыптар мен данышпандарды дүниеге әкеліп, тәрбие беру үшін ана ретінде елестетеді. Бұрынғы мәселені найзаның ұшымен шешетін заман үшін бұл кешірімді.
Берідегі әйелдер “теңдік” алған кездің өзінде шектен тыс саясаттандырылған қоғамда “әйелдің тең құқылығын” көрсету үшін аса бір жауапкершілік жүктелмейтін, мемлекеттік “қайраткерлікпен” ғана шектелетін ұсақ –түйек билік беріп, көз алдаушылық жасалғаны белгілі, Қазақ әйелдері, өздерін үлкен қоғамдық-саяси күш ретінде сезініп, мемлекеттік билікке ұмтылатындай саяси қондырғы да, ахуал да болған жоқ. Міне, сондықтанда қазақ әйелдері арасында Маргарет Тэтчер, Индира Ганди, Беназир Бхуттодан кем түспейтін елге билеуге лайық тұлғалар болғанымен жеме –жемге келгенде “байтал шауып бәйге алмастың” деңгейінде қалып келеді. ....
Рефераттар
Толық