Ми тамырларын тазарту остеохондроз, бас ауруы, атеросклерозды емдеп, көңіл-күйді көтереді. Назарларыңызға ми тамырларын тазартатын 5 әдіс ұсынамыз. 1-әдіс: бал мен грек жаңғағы Бес шақты грек жаңғағын 1 ас қасық табиғи балмен араластырыңыз. Оған бір шымшым даршын мен жанжабіл қосып, араластырыңыз. Қоспаны бір тәулікке тоңазытқышқа салыңыз. Тамақтануға жарты сағат қалғанда күніне 3 рет бір ас қасықтан жеп тұру керек.......
1. Қойылған мақсатты қағазға жазу, қағазға жазылмаған мақсат бір күнде ұмытылып кету ғажап емес.
2. Қойылған мақсатқа қалай жетуге болады сұрақ қойыңыз, қашан жету керек және қайда жасау керектігін қағазға түртіп қойыңыз.
3. Қойылған мақсатқа жетудің мерзімі, яғни қойылған мақсатқа жетудің уақытын жазу, қойылған мақсатқа уақыт қоймау жәй ғана арман болып қалай береді. Бұныда қағазға түртіп қойыңыз.......
25 жасқа дейін адамның бойы өсетінін жақсы білетін шығарсыздар. Ал одан кейін бойыңыз отырмаса, өсуі екіталай. Ал егер сіз 25 жасқа толып, ұсынғалы отырған қағидаларымызды ұстансаңыз, сіздің ағзаңызда үлкен өзгеріс пайда болып, бойыңызды бір қалыпта ұстай аласыз. Белтемірге көп тартылатын адамның бойы тез өседі деген сөзді жиі естиміз. Алайда бойдың өсуі тек белтемірге байланысты емес. Егер салауатты өмір салтын ұстанып, денеңіз бен бұлшықетіңізді қатайтатын жаттығулар жасасаңыз, бойыңыз өзгелерден ұзын болып өседі.......
Бөкеннің бір мінезі кімнің жанына жақын жүрсем, абыройды көбірек жинаймын, кімнің жанында көбірек сөйлесіп тұрсам, абыройлы көрініп тұрамын, кіммен байланыс орнатсам, абыройым асқақтай түседі деп жүруші еді. Кейде осы адам баласын алалағандай болғаным несі деп Бөкен өз-өзіне іштей ренжісе де, бала кезден қалыптасып кеткен осы әдетін қоя алмады.
Бөкен дәл қазір клубқа концертке келіп тұр. Бірақ концертке кірместен бұрын клубтың есігінен сығалап, кімнің жанында отырсам, абыройды көбірек жинаймын деп ойланып тұр. Көпшілік жинала бастаса да, концерт әлі бастала қоймаған кез. Бөкен сондықтан асықпай ойланып тұр. Көзі алдымен алдыңғы орындықта отырған Нүкеңе түсті. Нүкең - ел ағасы болып жүрген азамат. Нүкеңнің жанында отырғаннан абыройсыз бола қоймас еді. Бірақ Нүкеңнің өзі "әй, Бөкен, бері кел, менің жаныма отыр" деп шақырып жатпағасын, Нүкеңдей адамдардың жанына барып, әй жоқ, шәй жоқ, жайғаса кеткені абырой бола қояр ма екен? Мұндайда Нүкең не ойлайды, қарап отырған сырт жұрт не ойлайды? Жоқ, отыра алмас. Нүкеңдей кісілерге жақындау жүрудің де бір ыңғайы келер. Бөкен осылай ойланып тұрып, көзімен балуан жігіт Сейтекті де, дәрігер жігіт Қапарды да, сатушы кербез келіншек Ақбілекті де, кішілерге үнемі тәлім айтып жүретін құрметті демалыстағы зейнеткер Салиха апайды да, мұғалім жігіт Зейнелді де, өзімен құрдас есепші Халидолланы да бір-бір шолып өтті. Бәрінің де жанында отырғаннан абыройсыз бола қоймас еді.
Киелі Ертіс-Баян өңірінің табиғаты қаншалықты сұлу болса, осы елде өсіп-өнген ақындары да соншалықты сырлы болып келеді. Баянтау баурайындағы қарапайым малшылар отбасында өмірге келіп, туа біткен табиғи талантымен әдебиет әлемінен өзінің орнын тапқан ақын, журналист, сатирик Сүлеймен Баязитовтің есімі жұртшылыққа жақсы таныс. Оның журналистік жолдағы еңбегі алғаш Баянауыл аудандық «Баянтау» газетінде басталды.
Одан соң облыстық «Сарыарқа самалы» газетінде қызмет істеп, кейін ұстаздық жолға түскен. «Жасыбай батыр», «Хан ием», «Құдіреті күшті бір Алла» сынды он шақты кітаптың авторы. Сонымен қоса, үстіміздегі жылы Қазақстан Жазушылар одағы мен «Қазақмыс» корпорациясының бірлескен жобасы – республикалық «Балауса» жыр мүшәйрасының үшінші орын иегері. Ақын ағамыз биыл асқаралы 70 жасқа толып, ұрпағының қызығын көріп отыр. Осыған орай жерлес жазушымен жүздесіп, сұхбаттасып қайтқан едік.
- Ассалаумағалейкум, Сүлеймен аға! Алдымен балалық шағыңызға бір сәт саяхат жасасақ?
- Мен 1944 жылы Баянауыл ауданына қарасты Ж.Шанин атындағы елді мекенде колхоздың малшысы Баязит ақсақалдың отбасында өмірге келіппін. Мен туғанда қар аралас жаңбыр жауып, тас балағанның төбесінен су ағып тұрыпты. Ол кезде қойшылар қандай жөні дұрыс үйде тұрды дейсің? Әйтеуір баспана деген аты болмаса...
Ал балалық шағың қалай өтті дейтін болсаң, өмірдің соқпағына ерте түстім, кішкентайымнан қара шаруаға жегіліп өстім. Өзім өмірге келген жердегі жеті жылдық мектепті тәмамдадым. Мектеп бітірген соң біраз уақыт қой бағып, сиыр өсіріп, малшыларға көмекші болдым. Бұл сол тұстағы кез келген баланың өмірінен өтетін үлкен сындардың бірі еді. Сол арқылы көндігіп, өмірдің сырын ұқтық, қиындыққа төзуді үйрендік. .....