Жұмағали Саин | Біздің заманның геройы


(Аударма. М. Ю. Лермонтовтан)

Барлық кітаптарда алғысөз әрі бірінші, әрі ең соңғы нәрсе; ол не кітаптың жазылу мақсатын түсіндіреді де, не дәлелдер айтып сынға жауап береді. Әдетте оқушылардың рухани жағында да, журналдардың сөккенінде де жұмыстары болмайды, сондықтан олар алғысөзді оқымайды да. Әсіресе бізде мұның былай болуы өте күйінішті. Біздің халқымыз сондай жас, сондай ақкөңіл ғой, мысалдың аяғынан ақыл айтқан сәуегейлікті таппаса оны ұға алмайды. Олар қалжыңды түсінбейді, мысқылды сезбейді; олар асылында қисық тәрбиеленген. Олар осы күнгі білімпаздық бұрынғыдан гөрі өткір және көзге түсе қоймайтын, мақтау пердесін жамылып отырып, қарсыласуға мұршасын келтірмей тура соғатын құрал тапқанын, сондықтан тәуір орта мен тәуір кітапта балағатқа орын болмайтынын әлі білмейді. Біздің халық біріне-бірі қарсы екі орданың төңірегіне жататын екі дипломаттың әңгімесін естігеннен кейін, е, бұлар өздерінің сыпайы достығы үшін әрқайсысы өз үкіметін алдап жүр екен ғой деген қорытындыға келетін провинциалдарға ұқсайды.

Бұл кітап жуық арада бірқатар оқушылардың, тіпті, журналдардың сөздің тікелей мағынасына сену зардабын тартты. Біздің заманның геройы тәрізді адамгершіліктен жұрдай біреуді бізге үлгі етіп тартты деп біреулер өте қатты намыстанды, ал, енді біреулер шығарушы өз портретін және өзінің таныстарының портретін суреттеген екен десті... Тым ескі, бишаралық қалжың! Шамасы, өзіндегінің бәрі жаңарып жатқанда осы бір сандырақтары жаңармайтын болған-ау, русь тегінде солайша дүниеге келген ғой. Сиқырлы әңгімелердің ішіндегі ең барып тұрған сиқырлысының өзі де бізде біреуді балағаттау үшін жазылыпты деген даудан аулақ бола қояр ма екен! .....
Әңгімелер
Толық

Тоқаш Бердияров | Тойда


Күмбірлеген жана үйдің ішінде Қонысбайдың үйлену тойы басталып та кетті. Ерлі-зайыптылардың денсаулығы үшін және олардың бақытты өмірі үшін дүркін-дүркін тостар көтеріліп, жас семьяға инабатты құттықтау сөздер айтылып жатты.

Жаңа әлгінде ғана пешке салынған көмір қып-қызыл шоқ боп, салқын үйді қыздырып барады. Сол сияқты қызғылт түсті ішімдіктер де тым-тырыс отырған жұртты қыздыра бастады. «Т » әрпіне ұқсас ұзын столды жағалай отырған қонақтар дабырласып, өзара ду-ду әңгімеге кірісті. Мұндай көңілді шақта әркім ағынан жарылып өз мансабын, тұрмыс-күйін немесе күнделікті тіршілігін сөз етеді емес пе?!

Босағада отырған екі қатынның ауыздары сүйреңдей жөнелді:

— Бетім-ау, Шайзада айрылысып кетіпті!

— Жиырма бес жыл отасқан күйеуімен бе?

— Ия.

— Тәуба!.. Алиментін алып тұра ма екен?

— Алғанда қандай, үш баласына елу процент!..

—Мен өзім сауатты әйелдерді жек көремін.

— Е, неге?

— Байының үстінен арызды бұрқыратады да жатады... Қыздарды тек қана шағым жазу үшін оқытпайды ғой, құдағи-ау!..

Бір бұрышта отырған екі дүкенші де өзара жайлап сырласа бастады.

— Ойбай, Үмеке-ау, саудадан пайда түсіру қиындап кетті. Бір кезде таңсық болған тігін машинесі мен түбіт орамал дегендеріңе қазір жұрт пысқырып та қарамайды.

— Несін айтасың,— деп ауыр күрсінді екіншісі,— бес-алты кәмпитті таразыға сылқ еткізіп салып жіберіп, бес-он тиынды жылп еткізіп қалтаға жымқыратын заман әлдеқашан өтті ғой... Екінің бірі — тексеруші. Қымқырғаныңды сезе қойса, әкеңді танытады. Басы ауырған қызыл мұрындарға «ақ телпекті» құйып сатып, там-тұмдап пайда түсіруші едік, оны да құдай көп көрді. Біздің сорымызға ішермендер де азайып барады... .....
Әңгімелер
Толық

Шерхан Мұртаза | Жаңбырлы той


Күні бойы көзі жұмулы тұрған намазшам гүлдің қауашағы ашылып, бақшаның айналасы жұлдызды аспандай жайнап сала берген кезде, думанды жерге Әбдібек те жеткен еді. Әбекең тойға дәу қара ешкіні мүйізінен сүйреп әкелді. Бір қолында той-анаға деген тартуы, бір қолында көне балдақ. Маңдайындағы жыра-жыра әжімнен шып-шып тер шығып тұр. Басындағы киіз қалпағы бір шекелеп қисайып кеткен. Тырысқақ кебенектің азабы аз болмағанға ұқсайды.

Әбдібек бұл тойға қара ешкіні емес, тайдай қызыл қойды әкелмекші еді, Гүлайым көнбеді.

— Байғұс-ау, ертең оқу бітіріп балаң келеді, сонда соймаймыз ба, — деп жолатпады.

Жегжаты қара ешкіге көңілі тоя қоймасын Әбдібек білетін. Бірақ, мұны елеп, шақыру қағазын жіберген соң, қыз ұзату тойына құр алақан баруды ұят көрді де, осы, бір сиырдың сүтін бір өзі беретін дәу қара ешкіге көзі түсті.

Ұзатылған қыздың әкесі сыр бермеген болды.

— О, Әбеке, хош келдіңіз! Әп-бәрекелде-е! — десе де, шәушиген көсе беті тыржиыңқырап, шегір көзі өтірік күлімдеп, Әбдібектің құттықтауын жүре тыңдап, алдына екпіндей келіп тоқтаған «Жигули» жаққа елпеңдей басып кете барды.

Әбдібек қара ешкіні мал қора түбіндегі қазыққа өзі апарып байлады.

Мейман көп келді. Дені «Москвич», «Жигули» мініп, осы заманның тұлпарларынан түсіп жатты. Олардың ішінде ешкі жетектеп келген бөтен ешкім болған жоқ. Әкелген сыйлары: телевизор, тоңазытқыш, кілем, ең жоқ дегені электр самаурын. Тіпті қыздың біp жездесі мың сомдық импорт гарнитур сыйлапты деп те сөз тарап кетті.

Намазшам байып бара жатқан мамыр айының аяқ шені. Hay теректер басында құс атаулы той боларын сезгендей у да шу. Гүлдеген жиде тоғай жатқан самал желмен жұпар иісі аңқиды. Қаладан «Волга» мініп келген қалыңдық қыздың жездесі костюмінің омырауын ашып тастап, самалға төсін тосып:

.....
Әңгімелер
Толық

Бердібек Соқпақбаев | Қой өңгерген


Біз ол кезде аудан орталығында тұратынбыз. Әлжуаз науқасшаң шешем екеуміз ғанамыз. Әкем енбек армиясында да, Хасен ағайым майданда.

Күз кезі. Аз күнде оқу басталады. Аман болсам, биыл жетінші оқимын.

Бітпейтін ұзақ соғыс халықтың титығына мықтап жеткен. Ел жесе асқа, кисе киімге жарымай, шықпа жаным шықпа деп, әрең жан бағып отырған қиын кез.

Бір күні біздің үйге осы аудандағы Октябрь колхозының шофері, шешеммен ағайындас Әкімжан дейтін адам келіп қонды. Қасында екі-үш жолдасы, бір жарым тонналық газиктің кузовына басып алған он бес шақты қойлары бар.

Әкімжан Алматыға барады екен. Колхозға оны-мұны бұл арада табылмайтын заттар әкелмек. Қой колхоздың және жеке меншіктің базарға сатуға алып бара жатқан қойлары.

Қазір ел ішінде машина аз. Алматыға әдейілеп барып қайту кімге де болса оңайға түспейді.

Шай үстінде шешем Әкімжанға:

— Сен мына Шәкіржанды ала кетсең қалай болады? Барып, қала көріп келсін. Қойшыларға қосып қойған бірді-екілі қой бар еді. Соның бірін ала барып сатып, үстіне киім алып келсін. Аз күнде оқуы басталады, не сырт киім, не аяқ киімі жөнді емес, — деді.

— Барсын. Тек машинаға ақша төлесе болғаны, — деп Әкімжан күлді. .....
Әңгімелер
Толық

Қой мен қасқыр

  Өрісте бір арық қой жалғыз қалыпты. Қалың шілік арасынан шыққан қасқыр жалпақ даланы аралап келе жатып, әлгі қойға тап болады. Қуанып кетіп:
— Ее-е, жерік асым, қайдан жүрсің? Іздеп таба алмаушы едім. Бұйырған асым екенсің, аузыма өзің келіп түсіп тұрсың. Енді асықпай бір тояйын, – дейді.
— Ажалым жетсе, амал бар ма? – дейді қой мұңайып. –Бірақ өзің де мал танығыш едің ғой, қарашы түріме. Аузың толар етім жоқ, тұла бойым шандыр. Мені қайтесің, босат. Қойға барып, қозымды әкеліп берейін....... 

Ертегілер
Толық

Түлкі қойшы аю

Бір қойшы қой бағып жүрсе, бір түлкіні бір аю қуып келеді екен, ол бір тамға келіп кіреді. Аю да кірейін дегенде, тамның тар тесігіне кеудесі сыйып, бөксесі сыймай кептеліп қалады. Түлкі тамның бір кішкентай тесігінен жалт етіп шығып, айналып тесікке келеді де тесіктен не әрі кетпей, не қайта шыға алмай, ілініп жатқан аюдың артынан келіп, мазақтап, аюға сарып кетеді. Оны қойшы көріп тұрады. Аю әрең деп қайта шығып, жан-жағына қаранып, қойшыға келеді.......
Ертегілер
Толық

Джек Лондон | Ойын


Бірінші тарау

Алдарында қызылды-жасылды көркем кілемдер жаюлы жатыр. Coның ішінен бұлар екі Брюссель кілемін бірден ұнатқанымен, өзгелерінің де бояуы мен өрнегі ерекше еліктірді. Қызықтырмай, сірә, қояр емес, әттең бағасы тым қымбат. Бөлім бастығы бұларға ерекше сый көрсеткісі келгендей басы-қасында өзі болды; әйтсе де қыз осыншама құрмет өзіне емес, Джоға бола көрсетіліп жатқанын біліп тұр, жаңа ғана екеуі жоғары көтерілген кезде лифтер бала Джодан көзін ала алмай аңырайып қарап қалған жоқ па. Тіпті қаланың батыс жағындағы өздері тұратын кварталдың бойымен екеуі өте қалса, көшедегі бала-шаға, жастар тап осылай таңырқаушы еді ғой.

Бөлім бастығын телефонға шақырып әкеткен кезде қыз көңілін де бағанадан арпалысқан екі ой — әдемі кілем алсам деген арман мен көп ақшам кетіп қалады-ау деген қызғаныш сәл серпілгендей болды да, оның орнына жүрегіне тікенше қадалған бір түйткіл тағы оралды.

— Мен түсіне алмадым, Джо, соншама сен қызығатын не бар еді онда,— деді қыз ақырын ғана, бірақ өжет үнменен бұл тегі екеуінің осының алдында ғана келісе алмаған бір талас сөзінің жалғасы болу керек.

Жас балуанның бала сықылды сүп-сүйкімді жүзінен болар-болмас реніш колеңкесі жылжып өткендей болды да қас қаққанша қабағы жадырап сала берді. Жаңа салған ұясына жасау іздеп, өмірдің табалдырығынан енді ғана аттағалы тұрған бұл екі жан өндірдей жас еді, жігіт әлі жас бала тәрізді науша болса, қызды сары ауыз балапан десе болғандай.

— Ренжімесең қайтеді? — деді жігіт.— Бұл менің ең, соңғы. тіпті ең ақыры кезегім ғой.

Ол осы сөзді айтты да, жымиып күлді, бірақ қыздың құлағы оның күлкісінен болар-болмас өкініш лебін шалғандай болып, әлденеге жүрегі қысылды; ғашығын қызғыштай қоритын әйел затының қызғаншақтық әдеті жеңген қыз өзі үшін жұмбақ болып жүрген, бірақ жігіттің аусарын аударып әкеткен осы бір құмарынан секем алып сескене беруші еді.

— Өзің білесің ғой, О'Нейльмен кездескеннен кейін мен мамамның үйіне бересі борышын түгел төлеп құтылдым.— Сөйтіп бір уайымнан арылдым. Ал Понтамен бүгін кездессем, жүз доллар жүлде тағы алам, жүз доллар дегенге түсінемісің! Оны түгелімен жасауға жұмсаймыз.

Қыз бұл арада тиын есептеу ерсі ғой дегендей қолын бір сермеді.

— Сен рингіге соншама құмарсың. Соның себебін білуге бола ма?

Жігіт сөзге шорқақ долаң еді. Жұмыста тілі орнына қолы жүрсе, рингіде де бұлтылдаған бұлшық еттері мен бүткіл денесі түсінгенге ойнай сөйлейтін, бірақ рингіге неге құмар болғанын өзі де айта алмайды. Дегенмен бар білген-сезгенін айтпақ болып, күмілжи, тұттыға сөз бастады, күрес кезінде, әсіресе айғай-сүрен көтеріліп, арқасы қозғанда өзінің қандай халде болатынын түсіндірді.

.....
Әңгімелер
Толық

Құламойын Құлеке

Ертеде Садық деген қаһарлы, жемқор хан болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Тағы бір перзент көрсем деген ойы көкейінен кетпепті. Әйелі баласы Құлекеден кейін, жиырма бес жыл өткен соң, жүкті болады. Айы-күні жақындағанда хан екі жігітті шақырып алып, бұйрық береді: «Әйелім ұл туса, Құлекемнің серігі, қыз туса, өлтіріңдер!» – дейді. Екі жігіт ханның әйеліне келсе, қыз туған екен. Туған қызды Құлеке өлтіртпепті.......
Ертегілер
Толық

Бөдененің түлкіні тойғызуы

Бір түлкі тоғайды аралап келе жатып, қалың шалғынның арасында жүрген бөденені ұстап алыпты. Үрейі ұшқан бөдене:
– Түлкіжан, тимеші, екеуіміз дос болайық, – депті, құтылудың амалын іздеп.
– Ендеше, мені тойғыз, – депті түлкі.
– Онда ер соңымнан, анау қыздарға барайық, – депті, бөдене жаңа қонып жатқан бір ауылға ерулік алып бара жатқан қыздарды көрсетіп. Оны көріп:
– Ал, баста! – дейді де түлкі соңынан ілеседі.......
Ертегілер
Толық

«Алтын қақпа» ойыны туралы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағида атап көрсетілген. Бұл білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануына, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен құра беруіне мүмкіндік береді. Қазіргі уақыттағы оқу- тәрбие үрдісінің ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқу технологияларын ұтымды қолданысқа алуы.

Білім алу - адамзат әрекетінің ең маңызды бір түрі. Ол білім мен тәрбиенің негізін қалайды. Білім алуда адамның ішкі мүмкіндігі мен қабілетінің дамуы, қалыптасу үрдісі байқалады. Қабілет, бір жағынан, адамның.......
Баяндамалар
Толық