Ертегі: Түлкі қойшы аю

Ертегі: Түлкі  қойшы  аю казакша Ертегі: Түлкі  қойшы  аю на казахском языке

Бір қойшы қой бағып жүрсе, бір түлкіні бір аю қуып келеді екен, ол бір тамға келіп кіреді. Аю да кірейін дегенде, тамның тар тесігіне кеудесі сыйып, бөксесі сыймай кептеліп қалады. Түлкі тамның бір кішкентай тесігінен жалт етіп шығып, айналып тесікке келеді де тесіктен не әрі кетпей, не қайта шыға алмай, ілініп жатқан аюдың артынан келіп, мазақтап, аюға сарып кетеді. Оны қойшы көріп тұрады. Аю әрең деп қайта шығып, жан-жағына қаранып, қойшыға келеді.

— Е, сен не көрдің? – дейді аю қойшыға. Қойшы:

— Мен не көрейін?.. Бір аюға бір түлкі сарып кетті. Соны ғана көрдім,–дейді.

Аю ашуланып:

— Егер де осыны біреуге айтсаң, сені жеп қоямын! – дейді.

Қойшы:

— Ойбай, ендеше айтпаймын?! – дейді.

— Жарайды. Әйтеуір айтсаң, өлесің! – деп, аю кетіп қалады. Кешке ауылға келген соң, қойшы мұны ауылдағыларға айтады. Ауылдағы бала-шаға мұны өлең қылып айтып, ойнап жүреді. Мұны аю естіп, ыза болып, ертеңіне қой жайып тұрған қойшыға келіп:

— Е,сенің «тірі жанға айтпаймын» дегенің қайда? Енді сені жеймін! – дейді.

Қойшы жылап:

— Үш күнге рұқсат бер, үй ішіммен, ағайын-туысқандарыммен қоштасып келейін! – дейді.

— Жарайды. Үш күнге рұқсат бердім, – деп, аю кетіп қалады. Қойшы далада жылап отырса, түлкі келеді:

— Е, қойшым, неге жылап отырсың? – дейді.

Қойшы:

—Ойбай, осылай да осылай, бәрі сенің кесірің! Енді өлетін болдым, – дейді.

Түлкі:

— Ойбай, үндеме, аюдан құтылудың амалын мен табайын! Не бересің? – дейді.

Қойшы қуанып:

— Ойбай, не қаласаң, соны берейін!–дейді.

Түлкі:

— Маған бір бүйрегіңді бер, – дейді.

— Берейін, – дейді қойшы.

Түлкі айтады:

— Ауылыңа бар да бір үлкен қап әкел! Аю келгенде, анау жерде шаңды бұрқыратып мен жүрейін. Аю сұрар: «Анау не?» – деп, сонда сен: «Ол ханның баласы. Қатыны аюдың жүрегіне жерік болып, соны іздеп жүр», – де аю қорқып: «Ойбай, ендеше мені жасыр. Қайда тығыламын?»–дер, сонда сен: «Мына үлкен қапқа тығыл», – деп, қапқа тығып, қаптың аузын мықтап байла да шоқпармен ұрып өлтір!

Екеуі осыған уәделеседі. Түлкі кетеді. Келем деген күні аю келеді. Аю қойшымен сөйлесіп:

— Енді жеймін! – деп тұрғанда, алыстан бұрқылдаған шаңды көреді.

— Қойшы, анау не? – деп сұрайды аю.

Қойшы:

— Ол - ханның баласы. Қатыны аюдың жүрегіне жерік болып, соны іздеп жүр! – дейді.

— Ойбай, қойшы, мені жасыра гөр! Қайда тығылам? – деп, аю сасады:

Қойшы:

— Ендеше, мұнда тығыла ғой! – деп, аюды қапқа тығып, қаптың аузын шылбырмен мықтап буады да шоқпармен ұрып, өлтіреді.

Енді түлкі келіп, күліп:

— Е, енді бүйрегіңді бер! – дейді қойшыға.

Қойшы қипақтап, жыламсырап, белбеуін шешеді. Белбеуін шешкенде, қойшының іші шұрылдайды.

Түлкі құлағын тіге қойып:

— О не, қыңсылаған? – дейді. Сол арада қойшы:

—Түнеугүні бір тазының күшігін жұтып едім, сол енді үлкен тазы болып, ішімнен шығайын деп, қыңсылап жатыр, – дейді.

Түлкі қорқып:

— Ойбай, қойшы, ендеше дос болайық! Тазы шығып кетпесін, мен қашайын! – деп, қаша жөнеліпті.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Ертегілер жинағы, ертегі Түлкі қойшы аю туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Түлкі қойшы аю для детей на казахском языке, балаларга арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер, ертегилер Түлкі қойшы аю казакша оку, Түлкі қойшы аю, ертегі Түлкі қойшы аю туралы ертеги казакша сказка на казахском сказки Түлкі қойшы аю для детей на казахском языке балаларга арналган кызыкты ертегилер 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер ертегилер Түлкі қойшы аю каз, Ертегі: Түлкі қойшы аю ертегі оқу Қазақша Ертегілер жинағы Қазақша Ертегі казакша ертегилер казакша ертеги сказки на казахском языке сказки на казахском языке онлайн