Ертегі: Ақылды лақ

Ертегі: Ақылды лақ казакша Ертегі: Ақылды лақ на казахском языке

Бір бұзау, бір тоқты, лақ ел көшкенде жұртта қалыпты. Үшеуі адам болып қос тұрғызып алыпты. Қосы бір бұлақтың бойында екен, қасында бәйтерегі бар екен. Бұлардың хабарын естіп, бір аю жеймін деп, қостың қасына келген екен. Лақ аюды көріп алдынан жүгіріп шығып, қосына әкеліп, есік ашып енгізеді. Үйге кірген соң: «Аюға не береміз?» – дейді тоқты. Сонда лақ айтады:

– Басқы аюдың басын ас, соңғы аюдың төсін ас, болмаса, осы аюдың өзін сойып ас! – дейді. Бұлар аю жейді екен деп, аю орнынан тұра қашады. Қашып келе жатса, оған қасқыр жолыға кетіп: «Қайдан қаштың?» – деп сұрайды. Аю: «Міне жерде тоқты, лақ, бұзауға барып едім, өзімді жеймін деген соң, қашып әрең құтылдым», – дейді. «Ендеше, екеуіміз де баралық, бірігіп желік», – дейді қасқыр. Аю: «Мен бармаймын», – дейді. Қасқыр бір жіп тауып, бір жағын аюдың мойнынан байлап, бір жағын өзінің мойнына байлап алып жүреді. Қосқа жақындағанда, лақ шығып: «Ол аюға тоймаймыз», – дейді. Бұл сөзден бұрынғыдан жаман қорқып қайта қаша жөнеледі. Қасқыр буынып, жығылып қалады. Бұл жығылып жатқан қасқырға екінші қасқыр келіп: «Сен не қып жатырсың?» – дейді. «Мен не қып жатайын, аю сүйреп кетті», – деп, бастан-аяқ жөнін айтады. Сонымен үшеуі қайтадан барады. Мұны көріп, үшеуі бәйтерекке шығыпты. Лақ басына, тоқты ортасына, бұзау артына тұрыпты. Түбіне келіп қасқыр бал ашып: «Жейміз бе, жоқ па?» – деп тұрғанда, бұтақ сынып, бұзау жерге құлап түседі. Құлаған бұзаудан қорқып қасқырлар бет-бетіне қашып кетеді. Бұзау, лақтың иесі күз айналып келіп, қосты тауып алады. «Бір лақтың ақылы сондай болыпты» деп қазақтың айтатыны осы.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Ертегілер жинағы, ертегі Ақылды лақ туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Ақылды лақ для детей на казахском языке, балаларга арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер, ертегилер Ақылды лақ казакша оку, Ақылды лақ, ертегі Ақылды лақ туралы ертеги казакша сказка на казахском сказки Ақылды лақ для детей на казахском языке балаларга арналган кызыкты ертегилер 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер ертегилер Ақылды лақ казакша оку Ақылды л, Ертегі: Ақылды лақ ертегі оқу Қазақша Ертегілер жинағы Қазақша Ертегі казакша ертегилер казакша ертеги сказки на казахском языке сказки на казахском языке онлайн