Ертегі: Жүзім жегісі келген қасқыр

Ертегі: Жүзім жегісі келген қасқыр казакша Ертегі: Жүзім жегісі келген қасқыр на казахском языке

Бір түлкі жүзімге лықа тойып, баудан шығып келе жатады. Оны көрген қасқыр:

— Жүзімді қайдан жедің? Айтшы, мен де жейін. Айтпасаң, өзіңді жайратамын! – дейді ақырып.

— Ойбай, қасеке, құлдық, – дейді түлкі жылмаңдап. — Сенен несін жасырайын, анау баудың ішінде сықасып тұр. Жүріңіз, ертіп алып барайын.

Түлкі соны айтады да қасқырды ертіп апарып, өзіне үйреншікті тесіктен бауға кіргізіп жібереді.

Қасқыр таңсық болған жүзіміне әбден тойып, баудан қайта шығайын десе, әлгі тесіктен өте алмай, кептеліп қалады.

Мұны көрген түлкі:

— Қасеке, тым көрсеқызар екенсің. Артын ойламағанға сол керек, – деп жүре беріпті.

Бауға су салып жүрген адам тесікте кептеліп жатқан қасқырды соғып алыпты.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Ертегілер жинағы, ертегі Жүзім жегісі келген қасқыр туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Жүзім жегісі келген қасқыр для детей на казахском языке, балаларга Жүзім жегісі келген қасқыр арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер, ертегилер казакша оку, Жүзім жегісі келген қасқыр, ертегі Жүзім жегісі келген қасқыр туралы ертеги казакша сказка на казахском сказки Жүзім жегісі келген қасқыр для детей на казахском языке балаларга Жүзім жегісі келген қасқыр арналган кызыкты ертегилер 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арнал, Ертегі: Жүзім жегісі келген қасқыр ертегі оқу Қазақша Ертегілер жинағы Қазақша Ертегі казакша ертегилер казакша ертеги сказки на казахском языке сказки на казахском языке онлайн