Қазіргі заманғы күрделі және қайшылықтарға толы, мемлекет, әлеуметтік топтар мен жеке индивидтер дәрежесінде жүзеге асып отырған, әлемнің мәндік белгісі- жаһандану процесі. Бүгінде, әлемдік қоғамдастық өмірінің барлық жақтарын қамтуға бет алған жаһандану процесі дүниежүзілік саясат факторына айналып келеді. Жаһандану қай кезде басталды, оның табиғаты қандай екендігі жайында ғалымдар мен саясаттанушылардың әрқилы пікірлеріне қарамастан, қазіргі заманғы трихта бұл процесті ғылыми-техникалық революцияның күрт дамуына орай 1960 жылдардың басымен байланыстырады. Өзектілігі – жаһандану процесінің бүкіл әлемге кең етек жайып, қоғам өмірінің барлық салаларына: экономикалық, саяси, мәдени, әлеуметтік салаларға өз әсерін тигізуде. Әсіресе жаһандану дүниесі басқа елдердің алдына қойғаны секілді біздің еліміз алдына да өте күрделі де принципті мәселелер қойып отыр. Және де осы мәселелердің қалай шешілетіндігіне болашақта жас мемлекетімізде көп нәрсе байланысты болмақ. ....
Кіріспе Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңдағы түрлі өзгерістер, жан-жақты карқынды дамуға байланысты кез-келген адам үнемі түрлі стресс жағдайларымен соктығысып отыратындығы жасырын емес. Экономикалық, саяси тұрақсыздық адамның өзіне, өзге адамдарға, ситуацияларға деген сенімділік сезімін жоғалтады. ХХ-шы ғасырдың басында шетелдік және отандық психологияның өзекті мәселелерінің бірі жағымсыз эмоционалды жағдайларды, яғни ашу, агрессия, кінәлау сезімі, мазасыздану, стресс, дистрессті зерттеу болды. Психология тарихында мазасыздануды түсіну ең алдымен жеке тұлға туралы түрлі теориялық дамуымен байланысты. Ең алғаш мазасыздануды зерттегендердің бірі З.Фрейд болды. [1,2,3,4] Ол былай деді: "мазасыздануды бәсеңсіту үшін, адамның психикасы сублимация, регрессия, проекция, үнемдеу деген сияқты қорғаныс механизмдерін қалыптастырады. Мазасыздық сезімі жеке адамның дамуын тежелтеді, себебі онымен күресу үшін көп энергетикалық күш-қуат жұмсалады". Бірақ, бұл Фрейд бойынша мазасыздануды жоюдың бірiнші тәсілі ғана. Екіншісі, жағдайларға тікелей мойын бұру болып табылады. Фрейдтің оқушылары, неофрейдистер яғни Э.Фромм, К.Хорни, Г.С.Салливан және т.б мазасыздануды жеке тұлғадағы базалық, яғни негіздік кайта қүрылу, түзіліс деп есептеді. Мысалы, Э.Фромм былай деп жазады, мазасыздық сезімі адам табиғаттан қол үзгенде пайда болады деп, оның әлеуметтік аспектілеріне көңіл бөледі. К.Хорни мен Г.С.Салливандар мазасыздануды ана мен баланың қарым-қатынасы тұрғысында түсіндіреді. Бұл ғалымдар мазасызданудың қайнар көзі деп, Фрейд сияқты биологиялық себептерден емес, әлеуметтік себептерден іздеді. [1,2,3,4,5,6,7,8,]. Мазасыздану проблемасына өте жиі гуманистік бағыттағы психологтар К.Роджерс, В.Франкл, А. Маслоулар мән берді. Олар өзгелерге қарағанда, өзін-өзі дамытуға ұмтылған дені сау жеке тұлғаға катысты түсіндірді. [9,10,11] Л.С.Выготский өз зерттеулерінде үнемі мына құнды жайтты ескертті: яғни, адам психикасы тұтас процесс ретінде зерттелуі тиіс. Адамның жеке тұлғасының интелектуалды және аффективті жақтары арасында тығыз өзара байланыс болуы тиіс. Кеңестік дәуірде психологтар көбінде интеллектуалды аумақты зерттеуге аса мән берді. Ал, эмоционалды күйлерді зерттеу идеологиялық себептерге орай рұқсат етілмеген еді. Мазасыздануды орыс нейрофизиологтары И. М, Сегенов, И. Павлов, В. М. Бехтеревтер де өз еңбектерінде қарастырып өткен. Жалпы психологияда эмоционалды күйлердің проблемасы Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, Ф.Е.Василюк, Рубинштейн еңбектерінде де қарастырылды. Олар эмоционалды күйлердің базалық, теориялық негіздерін қарастырды. Мазасыздануды эксперименттік тұрғыда зерттеуді алғаш С.Д.Спилбергер (С.D.Spielberder) және оның ізбасарлары бастаған. Бірақ әлі күнге дейін мазасыздану детерминациясы мен функциясының механизмдері айқын емес. [12,13]....
КІРІСПЕ Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер білім беру саласын жетілдіруді талап етеді. Әсіресе қоғамдағы оқу-ағарту, білім беру салаларындағы гуманитарландыру мен демократияландыру процестері, ең алдымен, білім мазмұнын жаңартуды қазіргі заман талаптарына сәйкес болуын қажет етіп отыр. “Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек жай зерттеу обьектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субьектісі құдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген, әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субьект ретінде көрінуімен бедерленеді”- делінген Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында. Міне, мынадай мақсатқа жету - білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс- тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру міндетін жүзеге асыруды қажет етеді. Ұлы ғалым-педагогтар (Әл-Фараби, Я.А.Коменский, И.Г. Песталоцци, Ж.Ж.Руссо, И.Герберт, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин т.б) оқыту әдістері арқылы оқушылардың ақыл-ой қабілеттері мен дербестігін дамытуға баса назар аударғаны тегін емес. Жалпы оқыту әдістерінің өзіне тән тарихы бар, оған үлес қосқандар да баршылық. 20-жылдары Ресейлік Б.Е.Райков, К.И.Ягодовский, М.М.Пистрак оқытудың түсіндірме, практикалық, еңбек, эвристикалық, зерттеу, лабораториялық әдістерін ұсынды. 30-жылдары Ресейлік М.М.Пистрак, П.Н.Щимбириев, И.Т.Огородников оқытудың жаңа әдістерін: әңгіме, әңгімелесу, көрсету, демонстрация, лекция, кітаппен жұмыс, лабораториялық жұмысты ұсынды. 50-жылдары Д.О.Лордкипанидзе әдістерді топтастырып үш түрін берді: сөздік, кітаппен жұмыс, оқыту-практикалық. 60-жылдары Е.Я.Голант, С.Г.Шаповаленко, Н.М.Верзилин білім көзін негізге алып, оқыту әдістерінің жаңа жіктеуін енгізді: сөздік, көрнекілік, практикалық. И.А.Данилов пен Б.П.Есипов әдістер классификациясын (жіктеп-топтау) жасағанда оқыту процесінде іске асырылатын дидактикалық міндеттерді негіз етіп алды: жаңа білімді меңгеру, білікті, дағдыны қалыптастыру, білімді қолдану, бекіту, шығармашылық іс-әрекетін дамыту. Дидактикаға оның ішінде оқыту әдістеріне үлес қосқандар: С.Т.Шацкий, Н.А.Менчинская, В.В.Краевский, М.И.Паламарчук, С.Г.Шаповаленко, А.Н.Леонтьев, Г.И.Щукина, И.Д.Зверев, М.Н.Скаткин, Ю.К.Бабанский, Б.Т.Лихачев, И.Ф.Харламов, Р.Г.Лемберг, Н.А.Сорокин т.б. Ал Қазақстанда оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістерін тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты Р.Г.Лемберг, Т.С.Сабыров, Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев және тағы басқалардың еңбектерін атауға болады. Дидактикалық түрде негізделген оқыту әдістері танымдық қатынастың жолдары арқылы күнделікті танымдық әдістер мен ғылыми танымдық әдістерді байланыстыру арқылы іске асады. 1997-98 оқу жылынан бастап мектептер оқытудың жаңа мазмұнына көше бастады. Осыған орай жалпы мекткпте берілетін білімнің тұжырымдамасы, мемлекеттік стандарты, жаңа типтік оқу жоспары мен бағдарламалары жасалды. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру стандартында көрсетілгендей білімнің мазмұны өзгерумен бірге әр пән бойынша білім мазмұнын оқытудың әдістемесі де түбегейлі өзгеріп отыр. Мектеп тәжірибесінен енгізіліп отырған төл оқулықтардың жаңа толқынында дамыта оқыту технологиясының мүмкін бір нұсқасы берілген. Сол себептен жаңа материалды түсіндіру кезеңдерінде қолданылатын әр алуан әдістерді де жетілдіру қажеттігі байқалады.....
Кіріспе Тақырыптың өзектілігі: Олжас Сүлейменов - ХХ ғасырдың ірі қоғам қайраткерлерінің бірі. Заманымыздың аса ірі қаламгері, мемлекет және қоғам қайраткері әр шығармасында түркі дүниесінің әлемдік мәдениетке жасаған ықпалын тарихи лингвистика арқылы бұлтартпастай етіп дәлелдеп келеді. Ақынның соңғы жылдар бедерінде адамзат өркениетінің қандай жолдармен дамығаны, ұлттардың бағзы замандардан бергі бір-біріне ықпалы, мәдениеттер сабақтастығы, салт-дәстүрге жұғыстығы туралы түбегейлі әрі ауқымды зерттеулері ешкімді де бей-жай қалдыра алмайды. Оның түркітану ғылымына қатысты зерттеулері мен зерттеу барысында қолданған әдістері, жасаған тұжырымдарының дәстүрлі емес түркітануда маңызы зор. Жұмыстың мақсаты: Олжас Сүлейменовтың түркітанудағы көзқарастарын жүйелеу. Осы мақсатты айқындауда мынадай міндеттер анықталды: - Ғалымның түркітануға қатысты еңбектерін қарастыру; - О.Сүлейменовтің түркітанудағы пікірлерін, жұмысын анықтау; - Түркітану ғалымдар мен О.Сүлейменовтің зерттеулеріндегі әдістер сабақтастығы мен көзқарас, тұжырым айырмашылықтарын қарастыру. Жұмыстың жаңалығы: Берілген жұмыста ғалымның түркітанудағы алатын орны туралы кең ашылып айтылған. Бүкіл түркі ғылымы мен славистика ғылымын дүр сілкіндірген “Аз и Я” кітабының құндылығы бүгінгі күнде де өзекті. Еңбектің негізгі зерттеу нысаны – орыстың әйгілі “Игорь полкі туралы жыр” болып табылады. Бұдан кейін ғалымның түркітануға байланысты көптеген мақалалары газет-журнал, басқа мерзімді баспаларда жарық көріп отырған. Ғалымның тағы бір еңбегі “Таңбалар тілі. “1001 сөз” деп аталады. Бұл еңбек “1001 сөз” деп аталатын этимологиялық сөздікке дайындық ретінде жазған. Мұнда автор дәстүрлі қалыптан өзгеше әдіспен, яғни сөздің тууын алғашқы сызылған таңба белгісімен тамырлас байланыстыра қарастырып, түсіндіреді. Жазушының келесі еңбегі “Тарихқа дейінгі түркілер” деп аталады. Атаулы еңбекте түркітану мен славистикатану ғылымдарының арақатынасы мен бір-бірімен тығыз байланысы айқын берілген. Негізгі дерек көздер: Жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде түркітану бойынша зерттеулер, О.Сүлейменовтің “Аз и Я”, “Таңбалар тілі. “1001 сөз”, “Тарихқа дейінгі түркілер” еңбектері, түрлі мақалалары және баспасөэ беттерінде жарияланып отырған сыни-мақалалар алынды. Жұмыстың құрылымы: Берілген диплом жұмысы кіріспе бөлімнен, үш тараудан, қорытынды бөлімнен және әдебиеттер тізімінен тұрады.....
КІРІСПЕ Жұмыстың өзектілігі. Бітіру жұмысымызда тіл таңдау мәселесін және оның қолданылу салаларын қарастырамыз. Зерттеу нысаны қоғамдағы тіл таңдау және оның қолданылу салалары болғандықтан, оның анықтамасын кең көлемде аша отырып, тілдік таңдау салаларын өмірдің әртүрлі жағдайында пайдалануын қарастыра келіп, тіл таңдау мәселесін нақты мәліметтер негізінде бір жүйеге біріктіру арқылы қарастыруды мақсат еттік. Тіл таңдау қоғамның кез-келген адамына тиесілі құбылыс. Себебі, әрбір адамның ең бірінші қарым-қатынас құралы тіл деп танимыз. Мысалы: кез-келген тұлға қызмет бабында, оқу орындарында, көшеде, көпшілік жерлерде, дүкенде, теледидар көргенде, газет-журнал оқығанда міндетті түрде тіл таңдайды. Қоғамда бірнеше тілдер қатар өмір сүріп жатқан кезде, бір немесе бірнеше тілге таңдау жасалатыны анық. Тіл адамның негізгі қарым-қатынас құралы болғандықтан тіл таңдау қоғамда ерекше орны бар құбылыс. Тіл таңдау тілдің белгілі бір жағдайларға байланысты қолданысқа алынуы, тұлғаның тілге көзқарасы кезінде анықталады. Көпұлтты мемлекеттерде тіл таңдау тілдік саясат мәселесі болып тұр. Сондықтан, осы бітіру жұмысымыздың өзектілігі қазіргі өмір сүріп отырған қоғамымыздағы тіл таңдау мәселесі, тілдің қолданылу салалары төңірегінде. Республикамыздағы қалалық және ауылдық елді мекендер халықтарының тіл таңдау құбылысы, тіл таңдағандағы негізгі алға қойған мақсаттарының өзектілігі қарастырылды. Қоғамдағы үстемдікке ие, таңдаудағы негізгі тіл пайыз көрсеткіші бойынша анықталды. Тіл таңдау кезінде үстемдікке ие болатын тіл қоғамның көп бөлігі сөйлейтін, ол тілдің саяси және экономикалық жағдайы, өмірдің барлық салаларында қолданыс таба білуі есепке алынады. Зерттеу нысаны - жаңа этнодемографиялық және геосаясат жағдайлары ықпалымен қарқынды өзгеріп жатқан Қазақстан Республикасындағы тіл таңдау мәселесі; тіл таңдау және оның қолданылу салаларын кең көлемде зерттеп анықтау. Зерттеудің пәні - Қазақстан Республикасының аумағындағы қалалық және ауылдық елді мекендердегі тіл таңдау көрсеткіштерін бақылау. Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Сауалнама жүргізу, статистикалық, талдау, сипаттау. Қоғамдағы тұлғалардың тұрғылықты орындары, қызметі, жас ерекшеліктеріне байланысты тіл таңдауды анықтайтын әлеуметтік зерделеу барысында алынған сараптау әдісі. Қалалық және ауылдық елді мекендер арасындағы тіл таңдау құбылысын салыстырмалы әдіс арқылы бердік.....
КІРІСПЕ Жұмыстың жалпы сипаты. Халық құндылығы атадан балаға мирас болып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп дамып, сана төрінде сақталып қалуы бүгінде қазақ халық әдебиетінің арқасы. Көшпелі қазақ елінің ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі де осы қазақ халық әдебиеті. Бұл орайда, баға жетпес байлық, құнды да құнарлы дерек көзі - халық әдебиеті. Халық әдебиеті – барша ұлттың мәдениетінің қайнар бұлағы, халық тарихының дәстүрлі дүниетанымының жинақталған алтын қоры. Халықтың рухани айнасы, сонымен қатар, ол өткеннің елесі ғана емес, бүгінгінің сәулесі, халық тұрмысында өмір сүріп мәңгі жанданған мұра десек қателеспейміз. Ұлы дариядай шалқыған, құнарлы қазақ халық әдебиетінің жанрлық құрамы да аса күрделі, көрікті әлем. Халық әдебиеті арқылы ұлттығымыз жоғалмай кейінгіге мирас болып келе жатқан салт дәстүрдің де жемісі зор. Соның ішінде халықтың көреген көзі мен киелі сөзі біте қайнасқан ұлттық салт-дәстүр ғұрып, жырлары өзінше арнайы сала құрайды. Халқымыздың ежелден желісі үзілмей келе жатқан көне дәстүр мен әдет-ғұрыптары рухани, мәдени қымбат та құнды қазыналарымыздың бірі. Онда халықтың сан ғасырлық өмірі, тәжірибесі мен зердесі, адамзаттың даму жолындағы күресі, жеңісі, ізденісі мен таным түсінігі жинақталған. «Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл» демекші, салт-дәстүрлерден этностың мінез-құлқы, өнегесі, даналығы, шешендік ақыл-ойының ұшқырлығын көреміз. Бір сөзбен айтқанда салт-дәстүр – халықтың рухани мәдениетінің дінгегі, тілінің тірегі. Салт-дәстүрдің барынша байлығы, бағалылығы ұлттық құндылықта.
Тақырыптың өзектілігі. Ұлттық салт пен дәстүрлердің тууы ұлт болып қалыптасуына байланысты. Ұлт дегеніміз – адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік, қауымдық бірлестігінің жоғарғы түрі. Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін құрамына енген адамдардың тұрмыстық жағдайлары, территориясы мен экономикалық өмірінің тілі мен мәдениеті, әлеуметтік хал-ахуалдағы сол ұлтқа тән ерекшелігі ортақтығы болып табылады. Көне дәуірден бері қарай қазақтың көптеген әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі қалыптасып дамыды. Халықты өзгешелендіріп тұратын, өзіндік өзгешеліктерге толы өшпес мұра, әрине өзіне тән салт-дәстүрі, ғұрпы болып келеді. Салт-дәстүр көне тарихи процесс. Көптеген дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуынан бұрын пайда болған. Сондықтан кейбір ұлттарға ортақ мәнді дәстүрлерде кездесіп жататынын көреміз. Салт-дәстүр – халықтар тіршілігінің кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген құштарлығына байланысты туып, қалыптасқан. Жаңа ұрпақ жадында жаңғырып сақталуы да осының айғағы. Мысалы: қазақтар жаугершілік заманда бір-бірімен анттасып достасқан. Достықты бұзғанды ант атсын деп те серттескен. Бертін келе жаңа қоғамның дамуына байланысты анттасу салты мүлдем жойылды. Бірақ сол салттың елесі ретінде, бүгінгі күндері де ерлі-зайыпты қариялардың алтын, күміс тойларын өткізудегі тәрбиелік мәні жаңарған түрі секілді. Оның ұрпақ тәрбиесі үшін тәрбиелік мәнінің зорлығында.....
Кіріспе Зерттеу өзектілігі: Қазіргі нарықтық заманда адам өз шығармашылығын жүзеге асыру үшін әлеуметтік талаптарды нақты түсініп, кез келген жағдайға ене білуі қажет. Қоғамда қазіргі жастар өміріндегі терең өзгерістер мен саналы жеке тұлғаны қалыптастыруда, ең алдымен назарды ел басы Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақстан – 2030» жолдауында: «…Жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен, болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпаққа сүйене отырып, бұқаралық сананы төзімділікпен жаңғыртуға тиіспіз. Адамның ой –санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді. Бірақ мемлекет өзгерістер процесін обьективті тенденцияларды түсіндіру маңызды ақпаратты халыққа жеткізу жолымен және де, ең бастысы, өзіндік молшылыққа бағытталған әлеуметтік- экономикалық саясатты іске асыру жолымен жеделдетуге қабілетті»,- делінген.[1] «Бөбек» қорының президенті Сара Алпыс қызы: «Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылық пен қайғыны түсіне білу қасиеттері мен нығайтып, шынайы өмір сүре білуі керек. Біздер мықты маман дайындауды білеміз, ал адамгершілігі зор, ізгі адам қалыптастыру жайында білім беру саласында – жүйелі түрде айтылмайды да, оқылмайды,»- деді. Осыған байланысты біз білімгерлерге нейролингвистикалық бағдарламалудың (НЛБ) қалыптасу ерекшелігін айтамыз. НЛБ деп – нейро –НЛБ – нің түйсіну, қабылдау, ес, ойлау психикалық процестерінің физиологиялық негіздері мен тығыз ұштасатынын көрсетеді. Лингвистикалық – психикалық, танымды процестерінің тіл арқылы дамуын көрсетеді. Бағдарламалау – ойлау процесін қалыптастыра отырып, оны адамның қажеттліктеріне сай бағыттап, жаңа мақсаттардың қалыптасуына әсер ететін амал тәсілдерді жинақтау болып табылады. НЛБ –ды Джон Гриндер мен Ричард Бэндлер АҚШ –та Фриц Перлз, Вирджиния Сатир, Милтон Эриксондардың көзқарастарын, тәжірибелік психологиялық әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып негізін салған.[20;3] Грегори Бэйтсон метафора және тарих әлемін моделдеуді ұсынды.Милтон Эриксон пациенттерін гипнотикалық трансқа түсіріп, фобия мен жарақаттың алдын алуын емдеді. НЛБ –ды өңдеушілердің бірі болып Роберд Дилтс сенім, динамикалық оқыту, ойлау жүйесі, адам дарындылығы, өнері, көсемділігі және бизнес туралы кітаптар жазған.[12;664] Ойлау тілге тәуелді деген көзқарастарды Сеймер мен Уорф айтқан. Д.Скиннердің көзқарасынша тілді меңгеру бихевиористік теориясы мен редукционистік теориясының ерекшеліктерін білу.Айбле – Айблесфельд адам мәдениетінде беттің қимылын өте күрделі деп аңғарды.[11;440] Өнер иелері жестке үлкен көңіл бөлген: әртістер және жазушылар (Гиппиус С.В., Волконский С.М., Станиславский К.С., Кристи Т., Татубаев С.С. және т.б.) Әйгілі совет жазушысы А.Н.Толстой былай деген: «Ым –ишараны көрмейінше –сөзді естімеймін».[42;17] Біз НЛБ- ға жеке тұлғаның қатынасы қалай әсер етуге деген сұрақтар толғандырады, сондықтан осы мәселені зерттеу нысанасы етіп алып отырмыз. Сонымен, біздің қарастырғалы отырған тақырыбымыз: «Білімгерлерде нейролингвистикалық бағдарламалуды қолдану ерекшеліктері» Зерттеу мақсаты: Білімгерлерде НЛБ-ды қолдану ерекшеліктерін теорияда незідеп, практикада іс –тәжірибеден өткізу.....
КІРІСПЕ Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда Қазақстанда тұлғаның қалыптасу шарттарында күрделі өзгерістер болып жатыр. Жеке тұлға – бұл адам болмысы, ең негізгісі адами бейнесі басқа биологиялық түрде ажыратылуы. Адам әлеуметтену процесінде жеке тұлға болып қалыптасады және индивид әлеуметтік қатынасқа түскенде жеке тұлға болып қалыптасады. Әлеуметтену индивид әлеуметтік «Мен»-нің қалыптасу процесі. Ол индивидтің барлық формаларды мәдениетті, тәрбие мен оқытуды меңгергенін қарастырады. Бұл процесс тәрбие нәтижесі ретінде болады. Яғни әлеуметтенудің екі жақты бағыттары болады: адамның өзі әлеуметтік дағдыларды игеру үшін барлық күш жігерін салады, және қоғам тәрбиелеу мен оқыту арқылы мәдениетке оны қалыптастырады. Адам дүниеге биологиялық тіршілік иесі ретінде келеді. Оның әлеуметтік тіршілік иесі болуға барлық нышандары болады. Ал тұлға әлеуметтенуіне ықпал ететін бірнеше факторлар бар. Бірінші топ- макрофакторлар (ғарыш, планета, әлем, ел, қоғам, мемлекет). Екінші топ-мезафакторлар (аймақ, қала, ауыл). Аталған факторлардың арқасында әлеуметтік тәрбие жүзеге асады. Бала дүниеге келе салысымен, әлеуметтік қатынастар әлеміне тап болады- бір емес бірнеше роль ойнайтын адамдар арасындағы қатынас әлеміне. Осы рөлдерді меңгере отырып адам әлеуметтенеді, тұлға ретінде қалыптасады. Әлеуметтік қатынастар жүйесіне тек белсенді әрі толыққанды қатыса отырып өмір сүру барысында ойнауға тура келетін әлеуметтік феномен ретінде адам пайда болады. Бала дұрыс дамуы үшін оны қоршаған жағдайлар бұған ықпал етуі қажет, атап айтқанда дұрыс ұйымдастырылған тұрмыстық жағдай, дұрыс тамақтану, қатарластарымен қарым-қатынас, қоршаған орта адамдарының қабылдауы, жақын туыстарының сүйіспеншілігі.. Тұлға жөнінде тұжырым дамудың әлеуметтік факторы жөнінде тұжырымсыз мүмкін емес. Бала дүниеге келе үлкен потенциалдық мүмкіндігі бар индивид ретінде қалыптасады Сол күшті олар қалай жүзеге асыратындығы, ол қандай тұлға болып қалыптасатындығы қоғамдық ортаға, тәрбие мен оқытудың жүйесіне, ересектермен қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне, баланың өз белсенділігіне тәуелді болады. Белгілі психолог Л. И. Божович әсер алуға деген қажеттілік бала психикасының дамуында басты рөл атқаратындығы жайлы болжам жасаған.. Баланың бойында дүниеге деген базалық сенімнің пайда болуы үшін міндетті түрде екі шарт құрайды: аналық мейірім мен оның тұрақтылығы. Өз баласын жақсы көретін кейбір аналар ерке болып кетпей, дербес бала болып өсуі үшін қатаң тәрбиелейді. Мұндай тәрбиенің нәтижесі ретінде бала 7-8 жасқа толғанда жиі жағдайда эмоциялық бұзылыстарға шағымданып, психологиялық, медициналық кеңеске жүгініп жатады. Ана қолдауының жоқтығы ауыр психосоматикалық бұзылыстарға алып келеді. Баланың даму тарихы жөніндегі мәліметтерді ескере отырып, А.Валлонның психикалық даму теориясына назар аударсақ психикалық қалай органикалыққа айналатынын түсіндірген. А. Валлон төрт түрлі ұғымдардың байланысын қарастырады, ол -эмоция, моторика (қозғалыс), социум және еліктеу.....
Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі таңдағы халық бастан кешіп отырған дағдарысты жеңудің ең маңызды шарттарының бірі ― біздің қоғамымыздың интеллектуалды ресурстарын белсендіру қажеттілігі болып отыр. Жекелеген жағдайда, ол адамның өзін-өзі және өзге адамдарды, қоршаған адамдармен қарым-қатынасын түсіне алу қабілеті, тұлғааралық қарым-қатынастарды болжай алу қабілеті ретінде қабылданатын қоғамдық интеллекттің даму мәселесін болжайды. Заманауи ғылыми білім тұлғаның мазасыздану мәселесіне асқан қызығушылық танытуда. Бұл қызығушылық ғылыми зерттеулерде көрініс беруде, онда бұл мәселе психологиялық және өзге де көптеген аспектілерде талданып, негізгі мәселе болып отыр. Жеке тұлғаның қалыптасуымен тығыз байланыста болатын жеке тұлғаның эмоционалды-еріктік аумағының қалыптасуы ― психикалық дамуды анықтайтын ұзақ және қиын үрдіс. Ол қоршаған адамдар, әсіресе бала тәрбиесімен айналысатын ересектер тарапынан болатын ықпалдың әсерімен жүзеге асады. Баланың эмоционалды аумағының ерекшеліктерін біле алмайынша, олардың әрекеттеріне тиісінше жауап қайтару, сәйкесінше жазалау мен мадақтау таңдау, тәрбиені мақсатқа сай басқару қиын. Мазасыздану ― біздің заманымыздың өте кең тараған психологиялық феномені. Ол көбіне невроздар мен функционалды психоздардың симптомы болып табылады және де басқа аурулардың синдромологиясына енеді немесе жеке тұлғаның эмоционалды аумағының бұзылуының негізгі түрткісі болып табылады. Мазасызданудың әлеуметтік шарттандырылған фактор ретіндегі мәні Американдық психологтар мен психопатологтар ассоциациясы өткізетін жыл сайынғы симпозиумдардың ең алғашқыларында атап өтілді. Ол зерттеу тақырыбын таңдау мен оны жүргізуге негіз болып отыр. Зерттеу мақсаты: жеткіншек жастағы эмоционалды мазасыздануды қалыпты жағдайда және ауытқуда зерттеу. Зерттеу пәні: жеткіншек жаста мазасызданудың көрініс беруі. Зерттеу объектісі: жеткіншек жаста мазасызданудың қалыпты жағдайда және ауытқуда көрініс беру ерекшеліктері. Зерттеудің негізгі болжамы: жеткіншектердің қалыпты жағдайдағы және ауытқудағы мазасыздануының сандық және сапалық ерекшеліктері бар деп болжанды. Жеке болжамдар: 1) Психикалық дамуы кешеуілдеген балаларда мазасыздану деңгейі қалыпты жағдайдағы балаларға қарағанда төмен. 2) Сөйлеуінің қарқыны, ырғағы және жатықтығы бұзылған балаларда мазасыздану деңгейі қалыпты жағдайдағы балаларға қарағанда жоғары.....
КІРІСПЕ Қазіргі таңда Қазақстанда тұлғаның қалыптасу шарттарында күрделі өзгерістер болып жатыр. Жеке тұлға – бұл адам болмысы, ең негізгісі адами бейнесі басқа биологиялық түрде ажыратылуы. Адам әлеуметтену процесінде жеке тұлға болып қалыптасады және индивид әлеуметтік қатынасқа түскенде жеке тұлға болып қалыптасады. Әлеуметтену индивид әлеуметтік «Мен»-нің қалыптасу процесі. Ол индивидтің барлық формаларды мәдениетті, тәрбие мен оқытуды меңгергенін қарастырады. Бұл процесс тәрбие нәтижесі ретінде болады. Яғни әлеуметтенудің екі жақты бағыттары болады: адамның өзі әлеуметтік дағдыларды игеру үшін барлық күш жігерін салады, және қоғам тәрбиелеу мен оқыту арқылы мәдениетке оны қалыптастырады. Жеткіншек өмірінде болып жатқандардың барлығын әлеуметтену факторы ретінде қарастыруға болады. Қазіргі таңда түрлі қоғамдық институттар мен ұйымдардың қарастыратыны жастардың қоғамдық және рухани дағдарыс шарттарына бейімделу мәселесі болып отыр. Бұл заңды да, өйткені нақ осы жастардың жағдайы қоғамның болашағына және оны дамытуына әсері айтарлықтай жеткілікті қоғамның сақталынып қалуы үшін әлеуметтік рольдерді дұрыс орындау үшін қажетті сапаларды түсіну үшін өсіп келе жатқан ұрпақтарға білімнің көмегі зор. Өзгерген әлеуметтік-экономикалық шарттарда бұл мәселе өзекті болып келеді. Осымен байланысты жеткіншектің тұлғалық дамуының белсенділігі үшін практикалық психология аумағында жинақталған әдістер мен топтық әдістемелер қорын қолдану ұсынылады. Әлеуметтендіру шартындағы бұл жұмысты біз әлеуметтік – белгілі бағалы бағдардың және жеткіншектің үрейлену деңгейінің көрінуімен түсінеміз. Зерттеу мақсаты: жеткіншектің әлеуметтенуіне психологиялық әсер ететін топтық әдістерді анықтау. Зерттеу нысанасы: жеткіншектің әлеуметтену процесі. Зерттеу пәні: жеткіншектің әлеуметтенуіне топтық әдістердің психологиялық әсері. Болжам: тұлғалық өлшемдегі тренинг жеткіншектердің үрейлік деңгейін түсіруі мен әлеуметтік-белгілі бағалы бағдардың қалыптасуына әсер етеді. Зерттеу міндеттері: 1. Жеткіншек жаста әлеуметтену процесін қарастыру. 2. Әсер ететін топтық әдістердің әлеуметтік-психологиялық сипаттамасын біліп, оларды жастармен жұмыс істеуде қолдануды үйрену. 3. Әсер ететін топтық әдістерге әлеуметтік психологиялық сипаттамасын құрастыру. Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі – жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мәдени-тарихи теориясы Л.С.Выготский; іс-әрекет теориясы А.Н.Леонтьев; мотивациялық процесс Дж-Арткинсон, Х.Хекхазуент негіздерінен алынды. Ал психикалық даму ерекшелігі Е.Е.Климов, М.Р.Гинзбург, Э.Штрангер еңбектері колданылды. Тренингті топтық жұмыс Ф.Ферлз, В.Саттир, М.Эриксон, Р.Дилтс еңбектері құрайды.....