Дипломдық жұмыс: Психология | Білімгерлерде нейролингвистикалық бағдарламалуды қолдану ерекшеліктері

Дипломдық жұмыс: Психология | Білімгерлерде нейролингвистикалық бағдарламалуды қолдану ерекшеліктері казакша Дипломдық жұмыс: Психология | Білімгерлерде нейролингвистикалық бағдарламалуды қолдану ерекшеліктері на казахском языке

Мазмұны

КІРІСПЕ
І. НЕЙРОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Нейролингвистикалық бағдарламалауға психологиялық негіз
1.2.Жеке тұлғаның бойында субмодальдылықты қалыптастыру
1.3. Нейролингвистикалық бағдарламалуды қолдануда әдіс –тәсілдерді жүйелеу
II БІЛІМГЕРЛЕРДЕ НЕЙРОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАУДЫ ҚАЛЫПТАСУЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ
2.1 Білімгерлерде нейролингвистикалық бағдарламалаудың қалыптасу деңгейін анықтау
2.2. Білімгерлерде нейролингвистикалық бағдарламалаудың тәжірибеде
түзету жолдары
2. 3. Зерттеу нәтижесін жинақтау

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Қазіргі нарықтық заманда адам өз шығармашылығын жүзеге асыру үшін әлеуметтік талаптарды нақты түсініп, кез келген жағдайға ене білуі қажет. Қоғамда қазіргі жастар өміріндегі терең өзгерістер мен саналы жеке тұлғаны қалыптастыруда, ең алдымен назарды ел басы Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақстан – 2030» жолдауында: «…Жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен, болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпаққа сүйене отырып, бұқаралық сананы төзімділікпен жаңғыртуға тиіспіз. Адамның ой –санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді. Бірақ мемлекет өзгерістер процесін обьективті тенденцияларды түсіндіру маңызды ақпаратты халыққа жеткізу жолымен және де, ең бастысы, өзіндік молшылыққа бағытталған әлеуметтік- экономикалық саясатты іске асыру жолымен жеделдетуге қабілетті»,- делінген.[1]
«Бөбек» қорының президенті Сара Алпыс қызы: «Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылық пен қайғыны түсіне білу қасиеттері мен нығайтып, шынайы өмір сүре білуі керек. Біздер мықты маман дайындауды білеміз, ал адамгершілігі зор, ізгі адам қалыптастыру жайында білім беру саласында – жүйелі түрде айтылмайды да, оқылмайды,»- деді.
Осыған байланысты біз білімгерлерге нейролингвистикалық бағдарламалудың (НЛБ) қалыптасу ерекшелігін айтамыз. НЛБ деп – нейро –НЛБ – нің түйсіну, қабылдау, ес, ойлау психикалық процестерінің физиологиялық негіздері мен тығыз ұштасатынын көрсетеді. Лингвистикалық – психикалық, танымды процестерінің тіл арқылы дамуын көрсетеді. Бағдарламалау – ойлау процесін қалыптастыра отырып, оны адамның қажеттліктеріне сай бағыттап, жаңа мақсаттардың қалыптасуына әсер ететін амал тәсілдерді жинақтау болып табылады.
НЛБ –ды Джон Гриндер мен Ричард Бэндлер АҚШ –та Фриц Перлз, Вирджиния Сатир, Милтон Эриксондардың көзқарастарын, тәжірибелік психологиялық әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып негізін салған.[20;3]
Грегори Бэйтсон метафора және тарих әлемін моделдеуді ұсынды.Милтон Эриксон пациенттерін гипнотикалық трансқа түсіріп, фобия мен жарақаттың алдын алуын емдеді.
НЛБ –ды өңдеушілердің бірі болып Роберд Дилтс сенім, динамикалық оқыту, ойлау жүйесі, адам дарындылығы, өнері, көсемділігі және бизнес туралы кітаптар жазған.[12;664]
Ойлау тілге тәуелді деген көзқарастарды Сеймер мен Уорф айтқан. Д.Скиннердің көзқарасынша тілді меңгеру бихевиористік теориясы мен редукционистік теориясының ерекшеліктерін білу.Айбле – Айблесфельд адам мәдениетінде беттің қимылын өте күрделі деп аңғарды.[11;440]
Өнер иелері жестке үлкен көңіл бөлген: әртістер және жазушылар (Гиппиус С.В., Волконский С.М., Станиславский К.С., Кристи Т., Татубаев С.С. және т.б.) Әйгілі совет жазушысы А.Н.Толстой былай деген: «Ым –ишараны көрмейінше –сөзді естімеймін».[42;17] Біз НЛБ- ға жеке тұлғаның қатынасы қалай әсер етуге деген сұрақтар толғандырады, сондықтан осы мәселені зерттеу нысанасы етіп алып отырмыз. Сонымен, біздің қарастырғалы отырған тақырыбымыз: «Білімгерлерде нейролингвистикалық бағдарламалуды қолдану ерекшеліктері»
Зерттеу мақсаты: Білімгерлерде НЛБ-ды қолдану ерекшеліктерін теорияда незідеп, практикада іс –тәжірибеден өткізу.
Зерттеу міндеттері:
1. Білімгерлерде НЛБ –ды қолдану ерекшеліктерін теориялық мәселе ретінде қарастырып, әдебиеттерге талдау жасау.
2. Білімгерлерде НЛБ –ды қолдануда психодиагностикалық әдістемелерді іріктеу және тәжірибелі сынақтан өткізу.
3. Қолдану процесіне эксперимент жүргізу.
4. Зерттеу нәтижесі бойынша психологиялық ұсыныстар беру.
Зерттеу объектісі: Білімгерлерде НЛБ-ң ерекшелігі.
Зерттеу базасы:

Зерттеу болжамы: Білімгерлердің НЛБ –н зерттеуде егерде, болашақ мамандардың кәсіби маңызды қасиеттері анықталса, жеке тұлғаның соңғы мақсаттағы қажеттілігі сыртқы және ішкі стимулдарға сәйкестендірілсе, қақтығыс, үрей, сақталу реакциялары бойынша ішкі реттелу мен жетілдіру жұмыстары жүйелі жүргізілуге күш салынса оң нәтиже беруі мүмкін.
Зерттеудің әдіснамалық негізі: Жеке тұлғаның қарым –қатынас процесінің теориялары мен концепцияларына Л.С.Выготский, Ломов, Шериязданова, Сейпир, Уорфттың негізделе алынды. Ал, психикалық даму ерекшелігіне Р.Бэндлер, Дж.Гриндер, В.Келер, К.Коффка, К.Левин еңбетері қолданылды. Тренингтік топтық жұмыс, психотерапевттік кеңес беруді Ф.Перлз, В.Сатир, М.Эриксон, Р.Дилтс, Г.Бэтсон еңбектері қолданылды.
Зерттеу әдістер: Теориялық талдау әдісі (құжаттық әдіс). Эмперикалық әдістер, әңгіме, интерактивті әдістер, іскерлік ойын, тренинг, терапия, байқау, бақылау әдістері қолданылып, мәнділігі анықталды.
Зерттеу жаңалығы: Білімгерлерде НЛБ-ды қолдану ерекшеліктерін анықтаудың мүмкіндіктері қазіргі талапқа сай неізделді және теориялық талдауды толық лекциялық курсқа пайдалануға болады. Білімгерлердің психологиялық білімін жетілдіруде психологиялық тренингтер арқылы ерекшеліктеріне әсер етуде, мәнін тренинг, кеңес берудің тиімділігі мен анықталды.Эксперимент нәтижелері күнделікті практикада қолдануға ұсынылды.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
I кезеңде. Теориялық негізде психологиялық еңбектерге талдау жасау, библиография түзу, картотека құру.Зерттеу жұмысы бойынша ғылыми аппарат, зерттеу мақсаты, міндеттері, объектісі мен пәні айқындалды.(ж)
ІІ кезеңде. Жинақталған материалдан теориялық тұрғыдан талдау жасалынып, курстық жұмыс қорғалынды.Тақырыбы: «Білімгерлерде нейролингвистикалық бағдарламалауды қолдану»
ІІІ кезеңде. Диагностикалық нәтиже көрсеткіштеріне байланысты түзету жаттығулары қарастырылып, өндірістік практикада іс –тәжірибеден өткізілді және нәтиже көрсеткіші алдын ала хаттамаға түзілді; диплом жұмысы қорғаудан өтілді.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспе, екі тарау, тұжырымдар мен қорытынды, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Диплом жұмысының көлемі -------- бет.

І. НЕЙРОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.2. Нейролингвистикалық бағдарламалауға психологиялық негіз

Оқу әрекетінде психологиялық ықпал қиындықтармен тікелей және жанама байланысқан психотерапиялық техникаларды қолдану.Басқа жағынан, қазіргі қазақстандық қоғамның дамуы адамның өмірінде интенсивті даму оқу әрекетінде белсенділік танытып, психотерапиялық техникаға қатынасы бар жаңа технологияны ендіру.Қазіргі психологиялық – педагогикалық зерттеулердің перспективті бағыттарының бірі – оқу әрекетіндегі оқытушы мен білімгердің қарым – қатынасының заңдылықтарының оқып білу болып табылады. Негізгі педагогикалық шеберлік пен тәжірибенің бағытында оқыту әдістемесін құруда зерттеушілермен үлкен жұмыс жүргізілуде.Дегенмен, М.Эриксонның стратегиялық ыңғайына психотерапиялық техниканы қолдануға арналған жұмыстардың жоқтың қасы [6;3]
Е.Г.Ким өзінің «Применение эриксоновских техник в процессе обучение» деген диссертациясын қорғады.Зерттеудің ғылыми жаңалығы ЖОО – да оқыту тәсілдерінің мәнділігін қолдану және құру, білімгерлердің кәсіби білімінің негізінде жалпы оқу білімін дамытуы мақсатты деп болжаған.Ғылыми жаңалықта сонымен қатар, оқыту үрдісінде эриксондық техниканы қолдану арқылы жеке және танымдық қасиеттердің дамуының негізін жұмыста бірінші рет экспериментте қолданды. Оқыту процесінде эриксондық техниканы педагогикалық – психологиялық құбылыста ерекше және күрделі ретінде қолдану бірінші рет, оның эффективтілігін жоғарылатуының әсер етуіне байланысты [6;5]
Эриксондық гипноз – психотерапияның бір бағыты, сенімінің жаңа түрін және де гипнотикалық трансты қолдануды зерттейді.Бұл бағыттың негізін қалаған американдық психотерапевт Милтон Эриксон (1901- 1980).М.Эриксон гипнотикалық транс туралы ойларын толығымен өзгертті, оны физиология облысынан жеке адамның қатынас облысына ауыстырды.
М.Эриксонның стратегиялық ыңғайы Л.С.Выготскийдің дамуда болып жатқан динамикалық өзгерістер әлеуметтік жағдайдағы даму идеясымен келіседі.Сонымен қатар, қарым – қатынас үрдісінің интериоризациясы болып табылады.
Оқу процесінде эриксондық техниканы қолдану мүмкіндігі әлеуметтік интеллекттің дамуының көтерілу деңгейінен көрінуі мүмкін, мінез – құлық ерекшелігінің дамуының көрінуі, мінез – құлықтың вербальді және бейвербаольді экспрессияның тепе – теңдік көрінуі өзара қарым – қатынастағы күрделі жағдайдағы дамудың түсіну логикасы, болашақ специалист – психологтың прфессионалды белгілері болып табылатын ерекшеліктер.
Теоретикалық зерттеулер, оқу үрдісінде эриксондық техниканы қолдану эффективті қамтамасыз етуі білімгердің жеке және когнитивті ерекшеліктерінің дамуына әсер етуін көрсетеді.Басқаша айтқанда оқу үрдісінде эриксондық техниканы қолдануы білімгердің әлеуметтік интеллекті, рефлексивтілігі және оқу – тәжірибесінің өзін - өзі тануы дамуының факторы болып табылады.Сонымен қатар, білімгерлердің жеке ерекшеліктерінің дамуын анықтауға мүмкіндік бар.[6;7-9]
Әлеуметтік бақылаудың эффективті жүйесі мына принциптерге негізделеді: генезиске әлеуметтік бақылау жүйесінің адекваттылығы және девиантты мінез – құлық неше түрлі формасының заңдылығы, эффективтілікке қарағанда кәдімгі сыртқы бақылаудың регрессивті сферасының төмендеуі; нашақорға мекемеде иілгіш, формализді емес құрылым және әлеуметтік көмек қызметін ұйымдастыру; құқық сақтау мекемесінде, пенитенциарлы мекемеде кадрларды дайындау және де педагогтарды, дәрігерлерді әлеуметтік бақылау жүйесіне кірген.[2;8]
Г.Е.Шлымованың пікірінше, әлеуметтік дезадаптация асоциалды мінез – құлықта мораль мен құқық нормасының бұзылуын көрсетеді.Екі стадиясын көрсетеді: мектептік дезадаптация; әлеуметтік төмендеу.Дезадаптивті мінез жас кезде жиірек көрінеді, өйткені жастарға психиканың қарама – қарсылығы тән.[2;11]
А.Н.Леонтев тұжырымдамасындағы «тұлғаның жүйелі қасиеттерге ие болуға, танымдық қабілеті мен тұлғалық қасиетінің дамып жетілуі, сыртқы ортамен әрекеттестігі жағдайында жүзеге асады».Ғалым ұстанған тұжырымның мазмұны бойынша этномәдени сәйкестіліктің дұрыс қалыптасуы тұлғаның өзін - өзі тануына жеке даралық қасиеттің ашылып, көрінуіне әсер ететін әлеуметтік – психолодгиялық механизм болып табылады.
Ғалым С.Л.Рубинштейн адамның белсенділігін сыртқы орта әсерімен. Оның ішкі жан дүниесінің өзара әрекеттестігі нәтижесінде қарастырса, ал ғалым С.М.Жақыповтың “адамның өмірде сәтті әрекеттенуі қоғамда болып жатқан жаңалықтарға, өзгерістерге бейімделгіштік қасиетімен байланысты ”,- деп тұжырымдайды. [4;4-5 ]
С.М.Жақыпов былай деген: «шешімнің тепе – теңдік әдістің бірі ол – интеқарқынды оқыту әдісі» оқу әрекетіндегі адамның әлеуметтік психологиялық механизмінің біріккен белсенділігінің негізінде.[3;3]
Психолингвистиканың, этнопсихологияның мәселесін тарихи – этностық тұрғыдан зерттеген атақты психологтар: А.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин, М.Г.Ярошевский, М.М.Мұқанов, Б.Б.Жарықбаев, Б.Г.Ананьев, Н.А.Логинова, С.М.Жақыповтың еңбектері басшылыққа алынды.[5;9]
Әлемдік лингвистикалық ой – тұжырымдарда этнос тілінің ұлттық мәдениетпен тығыз байланыстылығы, ұлт мәдениетінің сол этностық тілінде сақталып, дамып, болашақ ұрпаққа жеткізілетіндігі туралы идея атақты ғалым Вфон Гумбольдтың «Тіл – халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрініс табады».Тіл – ойды жарыққа шығаратын негізгі құрал.Тіл мен ой бір тұтас ұғымдар. Әрқайсысы тіл білімімен логика сияқты өз алдына жеке ғылым обьектісі болса да, бірінің қызметі екіншісіне тәуелді категориялар болып табылады.[7;4]
«Тіл мен дүниетаным бірлігі» туралы идеяны алғаш Америка этнолингвистері Ф.Боас, Э.Сепир, Б.Ли Уорф өз еңбектеріне негіз етіп алғаны белгілі.[7;8]
Антропоцентрикалық ыңғай дүние жүзінде және отандық ғылымда кең мағына алды. «Адам тілде» деген қиын жұмысқа Ю.Д.Апресян, Н.Д.Арутюнова, Ю.Н.Каракулова, Ю.С.Степанова, О.Г.Поченцова, А.Г.Зубкова, Э.Д.Сүлейменова, Б.Хасанұлының және т.б. – ның жұмыстары арналған. Антропоцентрикалық ориентировті және қызметтегі ыңғай – ғылымның интегралдауын ұсынатын зерттеу орталығының нысанасына адамның қиындықтарын қояды - әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, когнитивті лингвистика, коммуникативті лингвистика, прагмалингвистика және т.б.
Тіл тек коммуникативті функция емес, ол және де толықтырушы функция екенін полифункционалистер ойлаған. Бұл бағыт лингвистердің арасында кеңінен жайылған, ал олардың пікірі анық, аргументті болған. Осы бағыттың өкілдері тіл функциясының қатынасын белгілей отырып, оны иерархиялық жоспарда көрсеткен (Р.В.Пазухин) [1;5-13]
Баяндина С.Ж. «Функции языка в контексте» атты диссертациясын қорғады. Ғылыми жаңалығы: тіл функциясы және тілдің бірліктері қазіргі лингвистикалық парадигма контексінде зерттеген. Алғаш рет тіл функциясының комплексті зерттелуі жүргізіліп отыр. Тілдің бірлік функциясы білім формасында және жекелік әлеуметтенуде үйретілген.[ 1;6 ]
Қ.Жұбанов ойлау мен сөзді өзара байланыста қарастырған.Лекцияның материалды жеткізуді ойлау әрекеттерінің бинарлық принципіне негіздей отырып, ғалым шәкірттерінің сөз – бейнелік ойлауын дамытуға, фонетика түсінігін терең ұғындыруға, оның ішінде салыстыруды, саналы түрде шәкірттерінің сөз сөйлеу қабілетін, ой»лау қызметін дамыту мақсатында санада сабақтастық байланыстар орнықтыруға, басқа сөзбен айтқанда, ойлаудың бірінші және одан кейінгі деңгейлерінің өзара байланыстылығына сүйене отырып пайымдады.
В.А.Артемов, И.А,Зимняге, З.И.Клычниковалар ойлау прцесі және оның ұғынумен байланысын, онымен қатар қабылдауды қарастырған.
Сөздік мәндер мен динамикалық мағыналық жүйелердің психологиялық қарым – қатынастағы бірыңғай жүйеде болып саналуын, С.М.Жақыпов «мағыналық құрылым жүйесі» деген терминмен белгілегендігі айтылды. С.М.Жақыпов ойлау мен сөйлеудің, ойлау мен қарым – қатынастың, интеллект пен аффектінің принциптерінің бірыңғай жүйесін нақтылы зерттеп, іс- жүзіне асыруға мүмкіндік алғандығы мәлім.[5;14-15]
Ойлау анықталған түрде тілге тәуелді. Алдымен бұл пікірді екі антрополог Сейпер және Уорф айтқан болатын, бірдеңені ойлау үшін тілде кейбір сөздер болу керек. Сондықтан адамдар үш түрлі түстің атын білсе, одан да көп түсті ажырата алмай немесе оны ойлай алмайды. Бұл теорияның шеткі варианты, лингвистикалық релятивизмнің гипотезасы деп атайды. Дегенмен, көптеген кроссмәдениетті зерттеулер ойлау тек тілде тәуелді емес екендігін көрсетті.[11;219]
Тілге деген бихевиористік ыңғай Скиннердің «Вербальді мінез – құлық» (1957) деген кітабында құрылған.Скиннердің көзқарасынша тілді меңгеріп алу процесін екі басты ерекшелікті білу керек: біріншіден, бұл бихевиористік теория, тілді жай түрлі мінез – құлық ретінде қарастырады. Екіншіден, бұл редукционистік теория «стимул – реакция» типінің элементарлы байланысын тілді меңгеру процесін байқайды.[11;228]
Интонациядан бөлек тілдік қатынаста паралингвистикалық компоненттер бар. 1965 ж Кэси мен Мэйл қобалжыған кезде біздің тілімізде, сөзімізде түсіндіру көп кездеседі, немесе бірнеше рет қайталаймыз. Сонымен қатар, Кэси мен Мэйл біздің дауымыздың тембрі әр түрлі жағдайда неше түрлі болып естілетінін аңғарды.Тембр мысалыға біз ғашық болған кезде ол жұмсақ және терең; ашулы кезде нақты және тез болады.[11;432]
Эрджайлдың (1975) пікірінше көздің қатынасы қарым – қатынасы жасауда негізгі төрт функцияны атқарады: бірінші, сөйлесуді басқарады; екінші, сөйлесушіге кері байланысты атқарады; үшінші, эмоцияны көрсетеді және төртінші, екеуінің арасындағы қарым – қатынасты ақпараттандырады.[11;435]
Айбле – Айблесфельд (1974) адам мәдениетінде өте күрделі беттің қимылын аңғарды және де олар бірдей мағына береді. Көздің төмен қарауы ұялуды немесе қынжылу деген жатады.[11;440 ]
Сакейм (1978) беттің сол жағын, оң жағына қарағанда эмоционалды екенін анықтады.Ол қатты эмоциясы көрінген фотосуреттерді екіге бөліп, сол жақты және оң жақты бірге біріктіреді. Оң жақты біріктірген суретке қарағанда, сол бетті біріктірген суретке қарағанда сол бетті біріктірген фотосурет эмоционалдық екені көрінеді. Сакейм былай түсіндіреді: беттің сол жағы мидың оң жағымен байланысты, ол эмоция мен интуицияаға жауап береді, ал мидың сол жағын психологтар оны логикалық ойлау және тілмен байланыстырады. Сонымен қатар, егер мидың оң жағы эмоционалды аспектімен байланыстырса, онда ол эмоцияның көрінуіне маңызды роль атқарады.[11;442]
Бэндлер мен Гриндердің мақсаты - әрекеттің нәтижелі моделі өзінің бірінші жұмысында «Магияның құрылымы» (The structure of Magic, Vol. І,ІІ, 1975, 1976) олар атақты психотерапевттердің Ф.Пергздің және В.Сатирдің вербальді және мінез – құлық моделін жазды. Олардың келесі жұмысы «Милтон Эриксонның гипноз техникасының моделі» (Patterns of the Hypnotic Technigues of Milton H. Erickson, M.D. Vol, І, ІІ, 1975, 1976) Милтон Эриксонның вербальді және мінез – құлық моделін зерттеуге арналған.
Осы бастапқы жұмыстардың негізінде Гриндер мен Бэндлер өздерінің модельдерінде анықтама берді, әр атының өзін жеке анықтады: «Нейролингвистикалық бағдарламалау», ми, тіл және дене қарым- қатынасты символдап көрсетеді.Негізгі жағдайлар келесі баспаларда көрсетілген: «Из лягушек в принцы» (Бэндлер, Гриндер, 1992) «Нейролингвистикалық бағдарламалау (1980) «Рехфрейлинг» (Бэндлер, Гриндер, 1995); «Используйте свой мозг – дия изменений (Бэндлер, 1998)
Бұл жаңа психотерапиялық мектеп болған емес, практикалық бөлім және жұмыс тәжірибесін терапевттер интуициямен қолданған.
Бэндлер мен Гриндердің коллегасы ағылшын философ Григори Бэйтсон метафора және тарих әлемін модельдеуді ұсынды. Милтон Эриксон пациенттерін гипнотикалық трансқа түсіріп, фобиямен жарақаттың алдын алуын емдеді.
Нейролингвистикалық бағдарламалауды (НЛБ) өңдеушілердің арасында ерекше Роберт Дилтсті атауға болады, ол қырықтан астам кітаптар жазған, сенім, динамикалық оқыту, ойлау жүйесі, адам дарындылығы, өнері, көсемділігі және бизнес жайында. [12;664-665]
Гештальт – терапия (нем. сөзі Gestalt - түр, құрылым, грек сөзі therapeia – емдеу) – психотерапияның бір түрі, Ф.Перлздің гештальт – психология рамкасында құрылған.Гештальт – терапия – бұл психотерапияның бір бағыты, адам өзінің мақсатын санасының кеңеюіне қояды, осы оймен өзін адам ретінде түсінуі, қабылдауы, сыртқы ортамен жақсы қарым – қатынаста болуы және де қоршаған адаммен.[12;307]
Гештальт – психология өтіп жатқан тәжірибенің феноменологиясының маңызын түсінуге көмектеседі. Оның негізін қалағандар В.Келер, К.Коффка, М.Ветгеймер дискретті жағдайды құрылымдайтын және оған ой беретін қабылдаушының белсенділігін айтады.[14;326]
Гештальтпсихолог Курт Левин психологиялық кеңістіктің теориясын құрды. Оның мәні, адам өмірінің кеңістік конфигурациясында жалпы мінез – құлықпен анықтайды.
Гештальтпсихологияның теориялық ашылуын психотерапияның тәжірибе жүзінде XX ғ. 40 ж әйгілі психоаналитик Фриц (Фредерик Соламон) Перлз қолданған. Сол уақытта оны психоанализдің көптеген жағдайына қанағаттанбаған. Фредерик Перлз өзінің психотерапия жүйесін құруға ойланған. Сонымен 40 ж ол гештальт – терапия ұғымын ендірген.[12;308]
Жанұя психотерапиясының психотерапиялық практикасынан өзінше бөлініп шығуы XX ғ. 60ж басында басталған. Оның бастау алуы адамның мінез – құлқындағы қиындықтарды түсіндіру жүйесіне теориялардың дамуы. Жаймен жанұяға ыңғай жасауы психологиялық анализ бірлігіне және психологиялық қатынасқа көптеп белгілі болуы. Жанұя терапиясы жанұялық мекеменің функционалдық түрін шартпен құрүын жұмыс жасайды. (Черников, 1999).....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык жумыс Білімгерлерде нейролингвистикалық бағдарламалуды қолдану ерекшеліктері дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар психология жобалар дипломдық жұмыстар, дипломдык жумыс Білімгерлерде нейролингвистикалық бағдарламалуды қолдану ерекшеліктері дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском , Дипломдық жұмыс: Психология | Білімгерлерде нейролингвистикалық бағдарламалуды қолдану ерекшеліктері дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін