Дипломдық жұмыс: Психология | Мектеп оқушыларының мазасыздануының психологиялық мәселелері

Дипломдық жұмыс: Психология | Мектеп оқушыларының мазасыздануының психологиялық мәселелері казакша Дипломдық жұмыс: Психология | Мектеп оқушыларының мазасыздануының психологиялық мәселелері на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе ……………………………..........………….....…………………………
I –тарау. Бастауыш мектеп окушыларының мазасыздануының теориялық негіздері.............................................................................................
1.1. Баланың мектеп өміріндегі әлеуметтік жаңа ортаға бейімделуі...............
1.2. Бастауыш сынып оқушыларның мазасыздануының физиологиялық дамуы …………………...............…...……………………….....
1.3. Балалардың мазасыздануының себептерінің негіздері................................
II –Тарау. Мазасызданудың эмоционалды қалпына жалпы шолу..............
2.1.Психологиялық эмоционалды қалыптар тарихы ...........................................
2.2. Мазасыздану туралы психолог-ғалымдардың теориялары .…...............….
2.3. Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздану қасиеттеріне арналған зерттеулерге шолу ..........……………...........…………………
III-Тарау.Мазасызданудың психологиялық мәселелеріне эксперименталды зерттеу......................................................................
3.1. Эксперименттің мақсаты, міндеттері, .............................................………..
3.2.Эксперименттің ғылыми өтілу барысы...........................................................
Қорытынды……………………………………………….................…………....
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………….................………………..….
Қосымшалар…………………………………………...................………….……

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңдағы түрлі өзгерістер, жан-жақты карқынды дамуға байланысты кез-келген адам үнемі түрлі стресс жағдайларымен соктығысып отыратындығы жасырын емес. Экономикалық, саяси тұрақсыздық адамның өзіне, өзге адамдарға, ситуацияларға деген сенімділік сезімін жоғалтады.
ХХ-шы ғасырдың басында шетелдік және отандық психологияның өзекті мәселелерінің бірі жағымсыз эмоционалды жағдайларды, яғни ашу, агрессия, кінәлау сезімі, мазасыздану, стресс, дистрессті зерттеу болды.
Психология тарихында мазасыздануды түсіну ең алдымен жеке тұлға туралы түрлі теориялық дамуымен байланысты. Ең алғаш мазасыздануды зерттегендердің бірі З.Фрейд болды. [1,2,3,4]
Ол былай деді: "мазасыздануды бәсеңсіту үшін, адамның психикасы сублимация, регрессия, проекция, үнемдеу деген сияқты қорғаныс механизмдерін қалыптастырады. Мазасыздық сезімі жеке адамның дамуын тежелтеді, себебі онымен күресу үшін көп энергетикалық күш-қуат жұмсалады".
Бірақ, бұл Фрейд бойынша мазасыздануды жоюдың бірiнші тәсілі ғана. Екіншісі, жағдайларға тікелей мойын бұру болып табылады.
Фрейдтің оқушылары, неофрейдистер яғни Э.Фромм, К.Хорни, Г.С.Салливан және т.б мазасыздануды жеке тұлғадағы базалық, яғни негіздік кайта қүрылу, түзіліс деп есептеді. Мысалы, Э.Фромм былай деп жазады, мазасыздық сезімі адам табиғаттан қол үзгенде пайда болады деп, оның әлеуметтік аспектілеріне көңіл бөледі. К.Хорни мен Г.С.Салливандар мазасыздануды ана мен баланың қарым-қатынасы тұрғысында түсіндіреді. Бұл ғалымдар мазасызданудың қайнар көзі деп, Фрейд сияқты биологиялық себептерден емес, әлеуметтік себептерден іздеді. [1,2,3,4,5,6,7,8,].
Мазасыздану проблемасына өте жиі гуманистік бағыттағы психологтар К.Роджерс, В.Франкл, А. Маслоулар мән берді. Олар өзгелерге қарағанда, өзін-өзі дамытуға ұмтылған дені сау жеке тұлғаға катысты түсіндірді. [9,10,11]
Л.С.Выготский өз зерттеулерінде үнемі мына құнды жайтты ескертті: яғни, адам психикасы тұтас процесс ретінде зерттелуі тиіс. Адамның жеке тұлғасының интелектуалды және аффективті жақтары арасында тығыз өзара байланыс болуы тиіс. Кеңестік дәуірде психологтар көбінде интеллектуалды аумақты зерттеуге аса мән берді. Ал, эмоционалды күйлерді зерттеу идеологиялық себептерге орай рұқсат етілмеген еді. Мазасыздануды орыс нейрофизиологтары И. М, Сегенов, И. Павлов, В. М. Бехтеревтер де өз еңбектерінде қарастырып өткен.
Жалпы психологияда эмоционалды күйлердің проблемасы Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, Ф.Е.Василюк, Рубинштейн еңбектерінде де қарастырылды. Олар эмоционалды күйлердің базалық, теориялық негіздерін қарастырды.
Мазасыздануды эксперименттік тұрғыда зерттеуді алғаш С.Д.Спилбергер (С.D.Spielberder) және оның ізбасарлары бастаған. Бірақ әлі күнге дейін мазасыздану детерминациясы мен функциясының механизмдері айқын емес. [12,13]
Жекелеген мазасыздануды біздер, жағдайға қатысты субъект әрекеті құрылымының теріс сигналы деп түсінеміз. Мазасыздану негізінен жеке тұлғаның жағымсыз сипаты емес. Әрбір адамда өзіне тән мазасыздану деңгейі болады. Бұл пайдалы, яғни жеке тұлғаның белсендiлiгінің шарты ретіндегі мазасыздану болады.
Физиологтар еңбектерінде, соның ішінде К. Прибрам зерттеуінде эмоция нейрофизиологиясы бойынша былай дейді: "кез-келген эмоциялық күй, соның ішінде мазасыздану да сыртқы жағдайлардағы жаңа нәрсеге ағзаның реакциясы ретінде физиологиялық деңгейде пайда болады. [14].
Біздің проблемаға қатысты С.Л. Рубинштейннің түрліше эмоционалды күйлерді жіктеуі жайлы айтып кетуге болады. Ол аффектілер, елігулер және көңіл-күйлер деп бөледі де, көңіл-күйлерді сананың бақылауынан тыс-санадан тысқары пайда болады дейді.
Ол В.К. Вилюнас мазасыздану табиғаты туралы ұғымын талдай келе былай дейді: "Мазасыздану - нақты жағдайда мінез-құлықты басқаратын және түзейтін механизм" [15,16].
Біздің зерттеуіміздің басты мақсаты бағдарлану іс-әрекеті ретіндегі бастауыш сынып окушыларындағы мазасыздану байкалуының маңызды механизмдерін белгілеу, анықтау.
Эмоционалды қалыпты зерттей отырып, топ динамикасының кейбір аспектілерін бақылауға болатындықган, оның құрылымы мен принциптерінің өзгерісі әлеуметтік, жас ерекшелік және педагогикалық психология үшін өте маңызды әрі өзекті болады.
Осы мақсаттарға орай, зерттеу болжамдары құрастырылды:
Жалпы болжам: Мазасыздану жеке адамның белгілі бір накты жас кезеңінде оның жетекші әрекетімен өзара байланысты және жас ерекшелік, топтағы социометриялық статус сияқты факторлармен өзара шарттасады. Жалпы болжам төмендегі жеке болжамдармен нақтыланады:
1. Мазасыздану деңгейі бағдарлану әрекетіне жоғары деңгейлі
дайындықты қажет ететін жеке тұлғалық қарым-катынас
құрылымындағы тұрақсыз ситуациялардың байқалу индикаторы болып табылады.
2. Мазасыздану деңгейі мен субъектінің топтағы социометриялық тұрқы арасында белгілі-бір тәуелділік болуы тиiс.
3. Мазасыздану деңгейі мен түрлі жас кезендеріндегі субъекті тұрқы арасындағы байланыстың түрлі сипатын болжауға болады.
Зерттеу объектісі ретінде мазасыздану ерекшеліктері бар бастауыш сынып оқушыларының эмоционалды калпы табылды.
Зерттеу пәні — эмоционалды қалып ретіндегі мазасызданудың пайда болуының психологиялық ерекшеліктері.
Зерттеудің міңдеттері:
1. Эмоция, эмоциялық күйлер, мазасыздану проблемасына
арналған әдебиеттерге тең талдау жүргізу.
2. Мазасыздануды оқып-зерттеуге арналған әдістемелерді
іріктеу және жүргізу.
3. Эксперименттік тұрғыда мазасызданудын деңгейлерін, бағыттылығын және өзге ерекшеліктерін анықгау.
4. Мазасызданудың жеке адамның түрліше факторларына (социометриялық статус, жасы) қатысты рөлі мен орнын
анықтау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
Ең алғаш рет мазасызданудың жағымды сиапттамасы зерттелінді. Мазасызданудың адам өмірі бойындағы өзгерісі және бастауыш сынып кезеңі шамасында жетекші іс-әрекетке сай оның байқалу механизмінің өзгерісі көрсетілді. Жас ерекшелік және социометриялық статусқа тәуелді мазасызданудың байқалу механизмінің өзгерісі эксперименталды тұрғыда анықталды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы мынада, дипломдық жұмыстың материалдары жалпы, жас ерекшелік, мектепке дейінгі және әлеуметтік психологияның бөлімдерін мәнді түрде толықтырады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
Жекелеген мазасыздану эмоционалды қалып ретінде ситуацияға
бағдарлану функциясын орындайды.
Жекелеген мазасыздану мен социометриялық статус, жас
ерекшеліктің өзара тәуелділігі анықталды.
Дипломдық зерттеу жұмысының базасы: Алматы қаласындағы №100-ші орта мектептің бастауыш сыныптары.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: ұсынылып отырған диплом жұмысы кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, қосымшалардан және 58 әдебиеттен тұратын тізімнен тұрады.
Жалпы жұмыс көлемі 53 бет.

I ТАРАУ. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОКУШЫЛАРЫНЫҢ МАЗАСЫЗДАНУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Баланың мектеп өміріндегі әлеуметтік жаңа ортаға бейімделуі

Мектепке жаңа келе салып, бала мектеп оқушысы бірден бола қоймайды. В.В.Давыдов пікіріне сай, бұл қалыптасу, яғни мектеп өміріне ену бүкіл бастауыш кезеңі барысында жүзеге асады. Және мектепке дейінгі балалық шақтың сипат-ерекшеліктері бүкіл бастауыш мектеп кезеңін сипаттайтын болады.
Баланың психологиялық қиындықтарға тап болуының алғы шарттарының бірі, оның "әлеуметтік жаңа даму жағдайына" енуі, яғни ішкі жаңа бағыт-бағдарының өзгеруі. Мұның барлығы баладан күрделі психологиялық қайта құрылуды талап етеді.
Ал келесі бір қиындықтар түрі субъективті алғышарттар арқылы туындайды. Ол алғышартгар: бала-бақша мекемелеріне барып жүріп, барғысы келмеу ниеттерінін орнығуы; мектеп оқушысы болып қалыптасуды кешеуілдететін бірқатар жеке-дара ерекшелікгер, яғни тұйықтық, агрессивтілік, мазасыздық, ұқыпсыздық т.б.
Балалардың бастауыш мектептегі түрліше қолайсыздық жағдайлары психиатриядан алынған "дезадаптация" терминімен анықталады. Дезадаптацияны құрайтын шарттардын бірі 3 төменгі оку мотивациясы, үлгерімнің төмен болуы және аса жоғары дөрежедегі мазасыздану проблемасы.
Атақгы психолог Л.С.Выготский 1730-шы жылдары былай деген
болатын: "Бала өлеуметтік ситуацияның бір бөлігі, баланың қоршаған
ортаға және ортаның балаға деген қарым-катынасы бастан кешулер
және баланың өз іс-әрекеті арқылы беріледі. Қоршаған ортаның күші
баланың бастан кешулері арқылы башттаушы маңызға ие болады.Бұл
дегеніміз, баланың бастан кешу жағдайларын терең іштей талдауға
міндеттейді". [38,383]
Міне, кезінде, яғни 1930-шы жылдары, айтып кеткен Л.С.Выготский ой-пікірлері біздің зертгеу жұмысымыздың әдіснамалық негізін құрады.
Бастауыш мектеп окушыларының бойында мазасыздану күйі ұзақ уақытқа созылатын болса, бұл ол баланың жүйке жүйесінің жұмысына өсер етеді. Нәтижесінде уақыт өте келе, астения дамиды, яғни жүйке бірте-бірте тозады, әлсірейді. Астения кезінде шаршау жиілейді, жұмысқа деген бала қабілеттілігі төмендейді, зейін қоюлары нашарлайды, естері әлсірейді. Әрине, бұл кемшіліктердің барлығын жоюға болады, бірақ оларды жоймайынша оку іс-әрекетіңде табыс, нәтиже төмендей беретіні сөзсіз. Бұндай жағдайда көптеген ата-аналар баланың кездескен қиыншылықтарын жою үшін, күнделікті қосымша сабақтар ұйымдастырады. Бұл бала астенизациясын жоғарылатады, бірақ жалпы ситуацияға теріс әсер етіп, дамуды одан ері тежелтеді.
Үнемі бола беретін нәтижесіздік жағдайы уақыт өте келе, шындыққа деген пессимистік қатынасты, көзқарастың пайда болуына және депрессивті күйдің өріс алуына себепші болады.
Әдетте мінез-құлықтық қиыңдықтар дегенді әдебиетте "мектептік мазасыздану" деген терминімен түсіндіріп жүр.
Эмоциялық күй-қалып жөнінде Қазақстанда жазылған еңбектер де бар. Мысалы, айтып кететін болсақ, М.В.Кузубованын "Жасөспірімдік шақтағы мазасыздану жайлы" және АЛ.Ескендірованың "Агрессияға" байланысты кандидаттық диссертация жұмыстары белгілі.
Психология ғылымдарының докторы, профессор С.М.Жақыпов өзінің "Оқыту процесінде студенттердің танымдық іс-ерекетін басқару" еңбегінде мынандай құнды пікірді алға тартады.
"Бірлескен іс-әрекет жағдайында эмоциялар санаға жекелеген ұғымдар жөніндн белгі береді. Бірлескен іс-әрекетте бір субъектінің эмоциясы өзге субъект үшін жеке мән-мағына жайлы белгі ретіңде болуы мүмкін.
Эмоциялардың сигналдық функциясы негізгі үш қарым-қатынас каналы арқылы жүзеге асуы мұкін. Олар: одағай, интонацияны білдіреді, 2-ші: , ым-ишарат, 3-ші мәнерлі қимыл, дене тұрын білдіреді". [39]
Бастауыш сыныпта оқушылардың мазасыздануы туралы зерттелген зерттеулер жоқ. Бірақ, жоғарыдағы еңбектерге, әдебиеттерге терең талдау жасай отырып, мынандай қорытындыға келуге болады.
Бастауыш мектеп кезеңі өте еліктегіштігімен дараланады.
Жан Пиаже айтқандай, бұл кезең – интуитивті ойлау кезеңі, яғни бала нақты әрекет-амалдарды орындай отырып, нағыз ойлау, логикалық ойлауға көшеді. Жөне осы ойлауда міндетті тұрде эмоциялық күй қатар жүреді.
Осы жас кезеңіңде мазасызданудың туындауы түрлі факторларға байланысты, яғни социометриялық статус, жас кезеңі, отбасы жағдайы және т.б.
Мазасыздану өзге эмоционалды қалып сияқты бастауыш мектеп окушысының мінез-құлқына әсер етеді. Және бұл калып түрлі іс-әрекет түрімен, оның ішінде ақыл-ой әрекетімен тығыз байланысты.
Жалпы, педагог, ересек, ата-аналар осы жас кезеңінің тұрлі даму ерекшеліктерін қатаң түрде ескеріп, тиісінше психокоррекциялық жаттығуларды әдістемелік тұрғыда дұрыс өткізе білулері тиіс.
Адамның көптеген психикалық кдсиетгерінің негідері нақ осы бастауыш мектеп жасыңда қалыптасады және әдетке айналады. Мектепке келген бойда кездесетін қиындықтар түрлері, мысалы, мектеп режиміне байланысты, әлеуметтік қарым-катынас (мұғалім, сыныптағылар, отбасындағы). Осы қиындықгармен соқтығыса отырып, балалар мазасыздануды бастан кешіріп отырады.

1.2 Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануының физиологиялық негіздері.

Орта білім берудің әлеуметгік міндеттері мен мазмұны әлі түпкілікті қалыптасқан жоқ. Сондықтан мектептегі бүкіл балалық шақтың бір бөлігі ретінде бастауыш мектеп шағының хроналогиялық шектерін және психологиялық ерекшеліктерін де.
Түпкілікті және өзгермейтін деп есептеуге болмайды. Ғылыми қөзкараспен карағанда, әзірше салыстырмалы түрде тұрақты, осы жасқа неғұрлым тән белгілер туралы сөз болуы мүмкін. Баланың психологиялық дамуындағы оның ролі балабақшадан бастап орта білім беру аяқталғанға дейінгі балаларға қоғамдық тәрбие берудің тарихи қалыптаскан жүйесіндегі бастауыш оқытудың мақсаттары мен мазмұнының өзгеруіне байланысты.
Жеті жастан он жасқа дейінгі кезеңге неғұрлым негізгі тән белгі мынада: бұл жаста мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Бұл бала өз бойында мектеп жасында дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең. Бұл белгілер мінез-құлқында, санасында күрделі, ал кейде қайшылықты үйлесім түрінде катар жүреді. Кез келген өтпелі күй сияқгы бұл шак көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап, қолдап отыру маңызды. Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері тап осы бастауыш мектеп жасында қалыптасады және әдетке айналады. Сондықтан ғалымдардың ерекше назары қазір бастауыш сынып оқушыларын дамытудың резервтерін анықтауға бағытталған. Бұл резервтерді пайдалану балаларды одан арғы оқу және еңбек қызметіне неғұрлым табысты дайыңдауға мүмкіндік береді.
Бұл жаста дененің барлық органдары мен тканьдарында елеулі өзгерістер болады. Мысалы, омыртқаның барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Әйтсе де скелеттін қатаюы өлі де аяқталмайды, оның аса иілгіштігі мен ширақтылығы да осыдан, бұл дұрыс дене тәрбиесін беру жөне спорттың көптеген түрімен айналысу үшін елеулі мүмкіндіктер де ашады, соңдай-ақ теріс зардаптарға да (дене дамуының қалыпты жағдайлары болмаса) әкеліп соғуы мүмкін. Бастауыш сынып оқушысы отыратын мебельдер көлемінің сай болуы, стол мен партаға дұрыс отырғызу — бала денесінің, оның тұлғасының қалыпты дамуының аса маңызды шарты, оның кейінгі бүкіл жұмыс қабілетгілігінің шарты екендігі, осыдан.
Бастауыш сынып оқушыларының бұлшық еттері мен сіңірлері жылдам қатаяды, олардың көлемі ұлғаяды, жалпы бұлшықет күші артады. Ірі бұлшық еттер майдаларынан ерте жетіледі. Сондықтан да балалар салыстымалы түрде алғанда күшті де кең құлашты қимылдар жасауға көбірек кабілетті, алайда оларға дәлдікті талап ететін ұсақ қимылдарды орындау қиынырақ соғады. Саусақ сүйектерінің қатаюы тығыз - он бір, ал білек сүйектерінің қатаюы он-он екі жасқа карай аяқталады. Егер осы жайды ескерсек, онда басауыш сынып оқушысы неліктен әр жазбаша тапсырмаларды үлкен күш жұмсап орындайтыны түсінікті болады. Оның білегі тез талады да, ол өте тез және тым ұзақ жаза алмайды. Бастауыш сынып балаларына, әсіресе I-II сынып оқушыларына жазбаша тапсырмаларды аса көп беруге болмайды. Балаларда ұшырасатын графикалық жағынан нашар орындалған тапсырманы көшіріп алу тілегі кебінесе нәтижені жақсартпайды.
Бастауыш сынып оқушыларының жүрек бұлшық еттері шапшаң өседі және ол қанмен жақсы қамтамасыз етіледі, сондықтан ол салыстырмалы түрде алғанда төзімді болады. Күре тамырларының диаметрі үлкендігі арқасында ми жеткілікті қан алады, бұл оның жұмысқа қабілетгі болуының маңызды шарты болып табылады. Мидың салмағы жеті жастан кейін айтарлықтай артады. Әсіресе, мандай бөліктері өспелі олар адамның психикалық іс-әрекетіңце жоғары әрі неғұрлым күрделi функцияларын қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Көбінесе үш типті қиыншылық жиі байқалады.
Олардың бірінші жаңа мекгеп режимі ерекшеліктеріне байланысты (дер кезінде ояну тұру керек, сабақгы жіберуге болмайды, барлық сабақтарда тыныш отыру талап етіледі, үй тапсырмаларын орындау қажет және т.б.). Тиісті дағдылар болмаса, бала да әдетте тыс шаршау оку жұмысын бұзу, режимдік сәттерді жіберіп қою қанша болады. Жеті жастағы балалардың көпшілігі психикалық-физиологиялық жағынан қажетті дағдыларды қалыптастыруға даяр болады. Тек қана мұғалім мен ата-аналар бала өміріне қойылатын жаңа талаптарлы түсінікті де айқын жеткізу, олардың орындалуын әрдайым тексеріп балалардың жеке - дара ерекшеліктерін есепке ала отырып, мадақтау мен жазалау шараларын қолданып отыруы қажет.
Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың екінші типі мұғалімен, сыныптағы жолдастарымен, семьяда болатын қарым-қатынастардың сипатынан туындайды. Балаларға мүмкіндiгінше жылы шырай таныта және мейірбан бола отырып, мұғалім қайткенмен беделді де қатал тәлімгер болып табылады, ол белгілі бір мінез-құлық ережелерін ұсынып, одан ауытқудың қандайын болса да тоқтата отырып үнемі балалардың еңбегіне баға береді.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык жумыс Мектеп оқушыларының мазасыздануының психологиялық мәселелері дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар психология жобалар дипломдық жұмыстар, дипломдык жумыс Мектеп оқушыларының мазасыздануының психологиялық мәселелері дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипл, Дипломдық жұмыс: Психология | Мектеп оқушыларының мазасыздануының психологиялық мәселелері дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін