Сана – объективті шындықты идеалды түрде бейнелеудің адамға ғана тән ең жоғары нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективті дүниенің мән-жайын, мазмұнын, ұғымын білуінде белсенді қызмет атқаратын психикалық процестердің (түйсіну, сезіну, қабылдау, ойлау т.б.) заңды нәтижесі болып табылады. Сана – шындықты бейнелеудің механизмі мен нысандарын тарихи дамудың сатыларына сәйкес айқындайтын философия, социология мен психологияның және жалпы танымның ең басты категорияларының, бірі. Сана негізінен жеке адам санасы және қоғамдық сана болып екіге бөлінеді. Сана адамдардың қоғамдық-өндірістік іс-әрекетімен еңбек процесінде пайда болып, тілдің шығуымен тығыз байланыста қалыптасады. Қай дәуірде болмасын адам туғаннан бастап алдыңғы ұрпақ жасап кеткен заттық дүниеге тап болады да, тек сол заттық дүниені белгілі мақсатта пайдаланып үйренгенде ғана ол саналы адам болып қалыптасады....
Қоғамды ақпараттаңдыру деп басқарудың және ақпаратты өңдеудің компьютерлік жүйелерінде (БАӨКЖ) қолданылатын классификациялау мен техника-экономикалық ақпаратты кодтаудың, құжаттаудың унификацияланған жүйелерінің және ақпараттар массивінің бірыңғай жүйесінің жиынтығын айтамыз. БАӨКЖ қоғамды ақпараттаңдырусы мәліметтердің, мәліметтерді сипаттау тілдерінің, ақпараттық массивтерді өңдеудің программалық құрылғыларының, сондай-ақ оларды ұйымдастыру, сақтау, жинақтау әдістерінің жиынтығы болып табылады. Осы орайда, қолданушыға жүйенің функционалды есептерін және анықтамалық ақпаратын шешу процессінде барлық керекті ақпарат шығысы Қоғамды ақпараттаңдырусыз етіледі. БАӨКЖ – де жүйенің толығымен тиімділігі мәліметтерді ұйымдастыру мәселелерін тиімді шешуінен туындайды. Бірақ, жүйенің күрделілігіне, жүйеде шешілетін есептер санының өсуіне, техникалық және программалық құрылғылардың жетілуіне байланысты жүйеде мәліметтерді ұйымдастыру мәселесі күрделіне түседі. Мәліметтерді формалды сипаттау әдістері мен құрылғыларының жиынтығы, программалық құрылғылар, мәліметтер массивтерін құрастыру мен іске асырудың ұйымдастырылған принциптері Қоғамды ақпараттаңдыруны (АҚ) құрайды. АҚ құрамына: - БАӨКЖ функционалды көмекші жүйелерінде (подсистемы) есептер жиынтығын шешуде қолданылатын ақпарат құрамы, яғни ақпараттық бірліктер (хабарламалар) тізімі; - ақпарат құрылымы және оны түрлендіру заңдылықтары, яғни хабарламаны «кіріс-жүйе-шығыс» тізбегі түріне түрлендіру ережелері; - ақпарат қозғалысының сипаттамалары, яғни ақпараттық ағындар көлемінің және интенсивтілігінің сапалық бағалары, құжаттар маршруттары, құжаталмасу сұлбалары, хабарламаларды түрлендірудің ықтималдық-уақыттық сипаттамалары; - ақпаратты түрлендіру әдістері, оның құрамына іріктеуді, есептер жиынтығын және функционалды АБЖ-нің ерекше есептерін ақпаратпен Қоғамды ақпараттаңдырусыздандыратын сұлбалар жатады. Толығымен қарастырғанда, БАӨКЖ АҚ функционалды, құрылымды, трансформаторлы және методологиялық аспектілермен сипатталуы мүмкін. Функционалды аспект. АҚ сипаттаудың функционалды аспектісі БАӨКЖ әртүрлі есептерін шешуде ереулі орын алады. АҚ келесідей функцияларын ажыратады: аңду (функция слежения), өңдеу жадысы және ақпаратты үйлестіру (распределение). Аңду функциясы объектіні басқару үшін іріктеу, ақпаратты қабылдау және жіберу қызметтерін атқарады. Аңду тұрақты, периодты, оперативті, кешігулі, болжаулы болуы мүмкін. Жады функциясы жүйеде ақпаратты сақтау, іріктеу, сорттау, орналастыру, жаңарту, іздестіру және ақпаратты ұсыну қызметтерін атқарады. Өңдеу функциясы ақпаратты логикалық түрлендіру қызметімен, ал үйлестіру функциясы басқару иерархиясы деңгейлері бойынша ақпаратты жеткізу қызметімен қамтылған. ....
Қоғамдағы әлемдік проблемалар – бұл жағдай өте күрделі мәселе екенін баршамыз түсінеміз.Қазіргі уақытта біздің мемлекетіміз елу дамыған мемлекеттер қатарына қосылмақ, бірақ алдымен өз алдымызда жүк болып тұрған проблемаларды шешпей жатып еш ілгерілей алмаспыз.Және де бұл тек бізге ғана таныс проблема емес, сонымен қатар барша дамыған да, дамушы да, дамымаған да мемлекеттер алдында тұрған қақпа. Осы қақпаның кілтін тауып, түбімен әлі қарастыра алмай келе жатырмыз. Сіздерде қазір бұл қандай проблема деген ой туып отырған шығар? Олар өте көп, мысалы: біріншіден ол – экологиялық жағдай болса, осының әсерінен туындайтын мәселе жұқпалы аурулар болып табылады, тағы бір проблема осы уақытқа дейін естіп, білмеген – терроризм болып отыр. Бұл проблемаларды жіте қарастыруымның себебі сан қилы. Менің ойымша бұл проблемаларды білу бәрімізге қызықты, қызықты болмаса да әркім білуге тиіс. Сіздерге азда болса оыс проблемалар туралы мағлұмат беру, оларды шешудің жолдары барма? Осы проблемаларды шешуде қандай жұмыстар жасалуда? Ол мәселелер бейбіт жолмен шешілуде ме? Мінеки осындай біршама сұрақтарға менің баяндамамнан жауап аларсыздар. ....
Адам құқының даму эволюциясы мемлекет және құқықтың пайда болуымен бірге дамып, сапалы құндылықтар деңгейіне көтерілді. Уақыт адам құқықтарының асқақтауына, тиімді қорғалуына өзінің ықпалын тигізуде. Олай дейтін себебіміз адамзат тарихы, оның прогрессивтік саяси-құқықтық идеялары адам құқықтары қай заманда болмасын қастерлеу қажеттілігін үлкен, маңызы зор проблема етіп ұсынады. Себебі адам жаратылыстың ең саналы, ең нәзік, ең күшті ажырамас бөлігі. Сондықтан адам құқықтарын қорғаудан, асқақтатудан, аяққа таптаудан адамзат өркениетінің қандай бағытта дамитынын болжауға болады. Құл иеленуші мемлекеттерде адам құқықтары ашық, заң жүзінде теңсіздік аясында қалыптасып, құл иеленушілердің құлдар құқықтарын аяққа таптауға, басып-жаншуға тікелей жол ашты. Құлдар заң нормаларында құқықтың субъектісі емес, объектісі, яғни зат, мүлік ретінде танылды. Рим заңгерлері «Құл сөйлейтін құрал» деген қағиданы өмірдің барлық саласында қолданды. Теңсіздік, құл болу туа біткен қасиет ретінде танылды. Феодалдық мемлекеттерде адам құқықтары басқаша көзқараспен бағаланды. Құл иеленуші мемлекеттердегі адам құқықтарының жағдайларына қарағанда біршама прогресс болғанымен феодалдардың шаруаларға деген үстемдігі олардың құқықтарын аяққа таптаулары басқа сипатқа ұласты. Феодализм қалыптастырған құқық жүйе король, дворян, герцог, князь сияқты аз ғана топтардың құқықтарын асқақтатты, шаруалар тек сол феодал¬дардың қол астындағы адамдары болып саналды. Феодалдық құқық «жұдырық құқы», күштілердің ашық түрде теңсіздікті мойындатуы. Адам құқықтарының теңдіқ идеясына көтерілуі буржуазиялық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты. Буржуазия идеологтері абсолюттік монархияда аяққа тапталған адам құқық¬тарын асқақтатып, теңдік, бостандық идеясын адам құқықтарының іргетасы ретінде жариялады. Буржуазиялық қатынастар дамып келе жатқан Англияда 1679 жылы «Хабеас корпус акт», «Құқық туралы билль» (1688) сияқ¬ты құқықтық құжаттарда адам құқықтары теңдік мағанада мойындады. Кейінірек, АҚШ-тың (1787) және Ұлы француз революциясының «Адам және азамат құқықтары декларациясында» (1789) асқан даналықпен адам құқықтарын туа біткен, ен қастері құндылық ретінде жариялады, «адам» және «азамат» ұғымдары енгізілді. «Барлық адамдар туғаннан еркін және тең құқылы. Қоғамдық айырмашылықтар жалпы пайда негізінде болады», — деп атап көрсетілді декларацияда. ....
Адам санасындағы бейнелер бұрын қабылданған заттар мен құбылыстарды ғана қамтып қоймайды. Бейнелер мазмұнына ешқашан тікелей қабылданбаған, мысалы, тарих түңғиығындағы немесе ұзақ болашақтағы суреттемелер; көріп, білмегсн, тіпті болуы мүмкін емес оқиғалар, көрмеген мақұлықтар - енуі мүмкін. Бейнелер арқасында адам уақыт пен кеңістік аясындағы нақты болмыстан шығып, шексіздік әлеміне есік ашады. Адам тәжірибесін түрлендіруші және өзгеріске келтіруші тосын бейнелср қиялдың негізгі сипатын құрайды. Әдетте, күнделікті өмірдегі қиял не фантазия мәні ғылымдағы осы сөздермен берілетін ұғымдардан басқашалау. Тұрмыста біз шындыққа сай келмейтін, практикалық маңыз-мағынаға ие болмағанның бәрін қиял не фантазия деп атай саламыз. Ал, шынында, қиял әрқандай шығармашылық іс-әрекеттің негізі ретінде көркем-өнер, ғылыми және техникалық ой туындыларына арқау болумен мәдени өмірдің барша салаларында көрінеді. Бұл тұрғыдан табиғаттың бергенінен өзгеше адам қолынан өнген өнер, мәдениет әлемінің бәрі дерлік қиял мен осы қиялға негізделген шығармашылықтың жемісі. "Әрқандай бейне, мейлі ірі, мейлі кіші болсын, нақты қалыпқа келіп, орнықты шындыққа айналудың алдын ойда түзілген жаңа байланыстар мен қатынастар негізінде жасалған қиял түрінде іске асады" (Рибо). Алайда, қиял қандай түрде көрініс бермесін, (жеке адам қиялы, не ұжымдық қиял) өздік ерекшелігін жоймайды әрі тек өзіне тән ерекше мазмұнға ие. Қиял бейнелерінің естегі суреттемелерден негізгі айырмашылығы - олардың нақты болмысқа байланысты қатынасынан туындайды. Ес бейнелері-өткен тәжірибенің қайта жаңғыруы, сондықтан да естің, негізгі қызметі өйткені тәжірибе нәтижелерін мүмкіндігінше өзгермеген формада сақтау, ал қиял процесінде қай бейне болмасын, өзгеріске түседі, осынысымен де қиял әрқандай шығармашылық ұмтылыстың міндетті шартын құрайды. Сонымен бірге, қиял арқасында адам өз ісін бастамай тұрып-ақ, болашақ еңбегінің нәтижесін күні бұрын болжастыра алады. Қиял жәрдемімен болашақ нәтижені күтудің өзі адам еңбегінің жануарлар тума қылығынан түпкілікті өзгешелігін танытады. Қиялдың алдағы іс-әрекет өнімін болжастыруға мүмкіндік ашуы адамның еңбекке деген құлшынысына, мақсатқа жетудегі ынта-жігеріне қосымша қуат қосады. Кейде фантазия кері ықпал да жасауы мүмкін. Алдағы күтілген жағымсыз жағдайлар немесе қауіп-қатер мен бақытсыздықтар адамды күшті күйзеліске тап қылып, оны нақты оқиғаға сай келмейтін, шектен тыс, орынсыз қимыл-әрекетке келтіреді. Мұның дәлелі - кенеттен болған өрт кезінде кей адамдар көрініп тұрған көмекті шыдаммен күтудің орнына көп қабат үйлердің жоғарғы қабаттарынан өзін тастап, мерт болғаны. Қиялдың зияны халықта "Қорыққанға қос көрінеді" мәтелінде дәл айтылған. Қиялдың бүгінгі өмірден арқан бойы алда болып, болашақта күтілгсн кей оқиғаларды күні бұрын танытуы қиял мен ойлаудың арасында тығаз байланыстың барын білдіреді. Ойлау сияқты қиял да проблемалық жағдайда, жеке адам қажетсінуінен, қоғамдық сананың даму деңгейіне сай туыңдайды. Мысалы, егер ежелгі дүние адамдары арасында жаратылыстың пайда болуын түсіндіру қажетінен діни бейнелер келіп шықса, бүгінгі күнде бұл үшін космостық келгінділердің фантастикалық көріністері қолданылады. ....
Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:
1) әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады; 2) қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды; 3) қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың қүшағында,—деп жазады М. Жүмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». 4) қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял — мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді; ....
Адам санасындағы бейнелер бұрын қабылданған заттар мен құбылыстарды ғана қамтып қоймайды. Бейнелер мазмұнына ешқашан тікелей қабылданбаған, мысалы, тарих түңғиығындағы немесе ұзақ болашақтағы суреттемелер; көріп, білмегсн, тіпті болуы мүмкін емес оқиғалар, көрмеген мақұлықтар - енуі мүмкін. Бейнелер арқасында адам уақыт пен кеңістік аясындағы нақты болмыстан шығып, шексіздік әлеміне есік ашады. Адам тәжірибесін түрлендіруші және өзгеріске келтіруші тосын бейнелср қиялдың негізгі сипатын құрайды. Әдетте, күнделікті өмірдегі қиял не фантазия мәні ғылымдағы осы сөздермен берілетін ұғымдардан басқашалау. Тұрмыста біз шындыққа сай келмейтін, практикалық маңыз-мағынаға ие болмағанның бәрін қиял не фантазия деп атай саламыз. Ал, шынында, қиял әрқандай шығармашылық іс-әрекеттің негізі ретінде көркем-өнер, ғылыми және техникалық ой туындыларына арқау болумен мәдени өмірдің барша салаларында көрінеді. Бұл тұрғыдан табиғаттың бергенінен өзгеше адам қолынан өнген өнер, мәдениет әлемінің бәрі дерлік қиял мен осы қиялға негізделген шығармашылықтың жемісі. "Әрқандай бейне, мейлі ірі, мейлі кіші болсын, нақты қалыпқа келіп, орнықты шындыққа айналудың алдын ойда түзілген жаңа байланыстар мен қатынастар негізінде жасалған қиял түрінде іске асады" (Рибо). Алайда, қиял қандай түрде көрініс бермесін, (жеке адам қиялы, не ұжымдық қиял) өздік ерекшелігін жоймайды әрі тек өзіне тән ерекше мазмұнға ие. Қиял бейнелерінің естегі суреттемелерден негізгі айырмашылығы - олардың нақты болмысқа байланысты қатынасынан туындайды. Ес бейнелері-өткен тәжірибенің қайта жаңғыруы, сондықтан да естің, негізгі қызметі өйткені тәжірибе нәтижелерін мүмкіндігінше өзгермеген формада сақтау, ал қиял процесінде қай бейне болмасын, өзгеріске түседі, осынысымен де қиял әрқандай шығармашылық ұмтылыстың міндетті шартын құрайды. ....
Қашаған Күржіманұлы 1841 жылы Түрікменстанның Ташауыз қаласның маңында туған.Ол жалшы отбасында дүниеге келіп,жастай жетімдік,жоқшылықтың тауқметін тартқан. Қашағанның шығармалары 1935 жылы «Әдебиет майданы»журналында (№5) жарияланды. «Есқали сұпыға айтқаны» деген өлеңінде қолында билігі барлардың іс-әрекетін,оның жағымсыз қылықтарын әшкерлейді.Онда ақын қыстың бір күні «Еспілдекті»деген жерге келеді. Малшы жігіттердің сілтеуімен Есқали сұпының үйіне келгенде сараңдық пен таяздық танытып алдарын кес-кестей бергендерге ақын: Жаз болса,мен осы үйге қонбас едім, Өлеңім,он төрт жастан жолдас едің, Бай,сұпы,хан-хәкімнен ығар болсаң, Сен-өлең,мен Қашаған болмас едім. Осы үйге қона алмасам,маған сын, Сұпыны шығара алмасаң,саған сын,- дейді.Одан әрі сұпының қуараңдаған тар мінезін көріп,жиылып қалған ел-жұрттың көзін ....
Қазіргі кезде қақтығыс теориясы қосымша нақтылауды иеленді. Қақтығыстану мәселенамасы шамалы нақты сипаттаманы иеленді. Қақтығысты зерттеуде теориялық аспектіні өңдеуде американдық социолог Толкатт Персонспен жүйеленген ұйымның құрылымдық – функционалды үлгі маңызды орын алды. Спенсердің артынша, Соркинннің әсерінсіз (ол 1922 ж. Ресейден кетуге мәжбүр болды, АҚШ – та орнықта, 1930 ж. Гарвард университетінде өзі құрған әлеуметтік факультетті басқарады). Ол қоғамды адамдар арасындағы қарым-қатынас жүйесінде қарастырды, оны байланыстырушы буын қалып пен құндылық деп есептеледі. Парсонс келесі жағдайларды зерттейді: а) кез келген әлеуметттік жүйе беріктік, тұрақтылық және жақсы интегралданған құрылымды ұсынады. б) бұл жүйенің әр элементінің белгілі қызметі бар, соның әсері оның тұрақтылығына үлес қосады; в) әлеуметттік құрылымдары функциялау одақ мүшесінің құнды келісіміне негізделеді, олар қасиетті тұрақтылық пен интеграцияны қамтамасыз етеді. Парсонстың пайымдауынша, әлеуметтік әрекеттің нормативті компоненттері төрт деңгейде айналады: организм, тұлға, әлеуметтік жүйе, мәдениет. Қақтығыстың мүмкіншілігі әлеуметтендіру процесінің өзінде жатыр, нәтижесінде адам тек әлеуметтік жүйе функционалдық әдісіне ғана қатысты емес және сәйкес мәдениетінің құндылықтары мен қарым – қатынастағы организмнің ішкі физиологиялық қасиеттері мен адамның қасиеттіліктерінің әлеуметтендіру нәтижесінде сәйкестікке, белгілі кернеуге өсуі мүмкін. Парсонс әлеуметтік жүйені белгілі типтегі ұйым есебінде түсінеді, ол төрт функционалды тараптарды ұсынады: сыртқы объектілерге бейімдеу мақсатқа жету, жүйені интеграциялау, нормативті – құндылық үлесіндегі құрылымдық формаларды өндіру. Және де, бейімдеу экономикалық қарым – қатанаста мақсатқа жету – саяси жағдайды, интеграция - құқықтық нормалар мен салт – дәстүрлерді, құрылымдарды өндіру әлеуметтік институттар, сенушілік және ізгілікті қамтамасыз етеді деп есептеді. Әлеуметтік Жүйенің ішкі кериарлықтары ауқымды болды, нәтижесінде қақтығыстар пайда болды. Жалпы Парсонс жүйедегі элементтер арасындағы қақтығыссыз «үндісті» қарым – қатынасты жақтаған. Оған қақтығыс әлеуметтік анология, өздігінше дерт , оны жеңу керек деп санаған. ....
Адамдардың бүкіл қоғамдық өмірі мен іс-әрекеттері белгілі бір әлеуметтік-территориялық қауымдастықтар шеңберінде өтеді. Ол қауымдастықтар – жеке адам өмірінің басты формасы мен шарты. Адамзат қауымдастықтарының ру-тайпалық, халықтық, ұлттық және таптық сияқты тарихи формаларынынң бәрінен негізгі бір белгісі әлеуметтік–территориялық бірлестік болып келді, өйткені ол қауымдастықтардағы адамдардың экономикалық, әлеуметтік-саяси, тарихи және рухани-идеологиялық қарым-қатынастары белігілі бір мекенжайларда, яғни географиялық ортада ғана іске асады. Сондықтан адамдардың түрліше мекенжайларының қоғамдық мәнін ашып көрсетудің маңызы зор. Тарихи мәліметтерге қарағанда, адамдардың алғашқы тұрақты мекенжайлары егіншіліктің шығыумен байланысты болған көрінеді, ал одан бұрынғы аң аулаушылық, мал өсірушілік шаруашылықтарымен, т.б. айналысқан кезде көшіп-қонып жүруге байланысты тұрақты мекенжай болмаған. Ірі мекенжай ретінде қала сауда-саттық және қолөнер кәсіптерінің шығуына байланысты пайда болды. Демек, адамзаттың өз мекенжайларын тіршілік қажеттеріне қарай орналастыруын табиғи–тарихи заңдылық процесінің нәтижесі деп қарастыру қажет: алғашқы кездерде мекенжайлардың сипаты мен орналасуы табиғи-географиялық жағдайлармен анықталған болса, ал уақыт озған сайын әлеуметтік-экономикалық факторлармен анықталатын болды. Мекенжай адамның тұрақты өмір сүру орнына айналған сайын оның бұл мекенжайымен екі арадағы тәуелділік механизмі де: жұмыс, жанұя, денсаулық, т.б. жағдайлары да күшейе түсті, ал қоғам дамыған сайын бұл тіршілік механизмдерінің тәуелділік байланысының кейбіреулері нығая түссе, енді берулері әлсіреді. Қазіргі қоғамда мекенжайлардың жоғарыда айтқан негізгі екі түрінен (қала мен ауыл-селодан) басқа түрлері де пайда болды. Атап айтқанда, қала мен ауыл-селодан басқа тағы да қала типтес селолар (поселкалар), қала маңындағы ауыл-селолар дегендер пайда болды. Бұлар өнеркәсіптің дамуының салдары болып табылады. Кейде ондай ауыл-селоларды қаладан айыру қиынға соғады, өйткені олардағы әлеуметтік тұрмыс жағдайлары өте ұқсас болып келеді. Дегенмен, олардың арасында адамдардың тұрмыстық қажеттеріне және объективтік сақсат-мүдделеріне байланысты елеулі айырмашылықтар бар екенің көреміз. ....