Биология | Төтенше жағдай ошағында эпидемияға қарсы шаралар және санитарлық гигиеналық ұйымдастырулар

Қалыпты жағдайда сырқаттанушылық деңгейінің жоғарылауына бір немесе бірнеше инфекция тіркелуі себеп болады, өйткені эпидемиялық процесске берілу факторлары қосылады (су, тағам өнімдері, тасымалдаушылар) немесе науқастардың көбеюі мен қоздырғыштың таралуы жоғарылайды, мысалы: ауа арқылы. Жұқпалы аурулардың эпидемиялық "жарылысы” пайда болады. Бұл жағдайда да бір қалада науқас саны тұмау ауруы тіркелсе де, тұрғындардың 1/3-нен аспайды.



Апат немесе зілзәлә нәубәті ауданында эпидемиялық ошақта бірінші инфекция көзін жалпы берілу факторы болса анықтау қиын, яғни эпид. процесстің бірінші звеносы болмайды, зақымдану көздері анықталмайды, тек қана берілу жолы пайда болады. Жұқпалы ауруларда "жарылыс” болады, содан кейін ғана эпидемия "соңын” науқаспен қатынаста болғандарды зақымдайды, тұрғындар тығыз орналасқан жерде, жанұяда, жұмыста, құтқарушылар арасында, науқастар мен зақымданғандарды көшіру жолында зақымдайды. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Химиялық күйіктер

134. Химиялық күйік алу кезінде ұлпалардың зақымдану тереңдігі көп жағдайда химиялық заттың әсер ету ұзақтығына байланысты болады. Химиялық заттардың концентрациясын және оның әсер ету уақытын мүмкіндігінше тез арада азайтады. Бұл үшін зақымданған жерді дереу краннан, резеңке құбыр шек арқылы ағатын ағынды немесе шелектегі суық көп мөлшердегі сумен 15-20 минут көлемінде жуады.



135. Егер қышқыл немесе сілті киім арқылы теріге түссе, оны алдымен сумен киімнің сыртынан жуып, содан кейін абайлап оны кесу және зардап шеккеннен ылғал киімді шешіп, бұдан соң теріні жуады.



136. Адамның денесіне күкірт қышқылы немесе қатты зат күйінде сілті тисе, оны құрғақ мақтамен немесе матаның бөлігімен алып тастау керек. Содан кейін зақымдалған жерді жақсылап сумен жуады.



137. Химиялық күйік алу кезінде химиялық заттарды толығымен сумен жууға болмайды. Сондықтан жуғаннан кейін зақымданған жер оған басатын таңғыш ретінде пайдаланатын тиісті залалсыздандыратын ерітіндімен тазаланады.



138. Химиялық күйік алу кезінде одан әрі көрсетілетін көмек термиялық күйік кезіндегідей.



139. Тері қышқылмен күйген кезде ішетін (бір стакан суға бір шай қасық ұнтақ) ұнтақ қосылған ерітіндіге салынған баса (таңғыш) қойылады.



140. Қышқыл сұйық, бу немесе газ түрінде көзге немесе ауыз қуысына түскен кезде көп мөлшердегі сумен, содан кейін ішетін (бір стакан суға бір шай қасықтың жартысынан) ұнтақ ерітіндісімен шаю керек.



141. Сілтінің әсерінен күйік алу кезінде бор қышқылының (бір стакан суға бір шай қасық қышқыл) ерітіндісі немесе сірке қышқылының (бір стакан суға бір шай қасық ас сірке суы) сұйық ерітіндісі қосылған таңғыш жасалынады.



142. Сілтінің тамшылары немесе булары көзге және ауыз қуысына түскен кезде зақымданған жерді көп мөлшердегі сумен, бұдан кейін бор қышқылының (бір стакан суға бір жарым шай қасық қышқыл) ерітіндісімен жуылады.

.....
Рефераттар
Толық

Биология | Жұлын ми сұйықтығының циркуляциясы

24.02.2014, 16:06
Жұлын ми сұйықтығын зерттеу тарихы

Цереброспиральды сұйықтығын зерттеуді 2 кезеңге бөлуге болады:
1) сұйықтықты тірі адамнан және жануардан алғанға дейін;
2) Алғаннан кейін.
Бірінші кезең анатомиялық болып табылады. Ол кезде физиологиялық көзқарастар сұықтықпен тығыз байланысты жүйке жүйесінің анатомиялық қарым-қатынасына негізделген.
Бұл қорытындылар негізінен мәліметтерге жүргізілген зерттеулерге сүйген. Бұл кезеңде (ликвор) жұлын сұйықтығының анатомиясы және физиологиясы туралы көптеген құнды мәліметтер алынды. Бірінші болып ми қабаттарын қатты және жұмсақ ми қабаттарын, ми .....
Рефераттар
Толық

Биология | Абдоминальдық

Абдоминальдық (лат. abdomen — құрсақ) — адам мен жануарлар денелерінің құрсақ жағы, морфологияның анатомия саласында қолданылатын термин. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Актомиозин

Актомиозин (aktinomyosin; гр. aktis — сәуле, гр. mys — бұлшықет) — ет жасушасы немесе бұлшықет талшығы (симпласт) цитоплазмасындағы актин және миозин миофиламенттерінен құралған жиырылғыш миожіпшелердің (миофибриллалардың) протеинді кешені. Бұлшықет талшығының (ет жасушасының) жиырылу процесі актомиозиннің аденозинтрифосфатпен (АТФ) әрекеттесуі нәтижесінде іс жүзіне асады .....
Рефераттар
Толық

Биология | Амитоз

Амитоз (amitosis; гр. а — жоқ; гр. mitos — жіп) - бөліну кезінде жасуша ядросында күрделі өзгерістер жүрмейтін жасуша бөлінуінің сирек кездесетін түрі. Амитоздық бөліну кезінде жасуша хромосомалары көрінбейді және беліну ұршығы түзілмейді. Алдымен ядро, соңынан цитоплазма бөлініп, бір аналық клеткадан бірнеше жас клеткалар пайда болады. Адам мен жануарлар организмдерінде амитоздың үш: генеративті, дегенеративті және реактивті түрлері кездеседі. Генеративті амитоз нәтижесінде пайда болған жас жасушалар, қалыпты жағдайда, бөлінуден кейін одан әрі қарай митоз арқылы белініп көбейе береді. Реактивті амитоз — адам мен жануарлар организмдеріне кездейсоқ факторлардың эсер етуі нәтижесінде, мысалы, жарақаттану ошақтарында байқалады. Жарақаттанған ұлпа жасушалары жедел реактивті амитоз арқылы бөлініп, жазылғаннан кейін, ұлпа жасушалары одан әрі митоз арқылы бөліне береді. Дегенеративті амитоз ұлпа жасушаларында тіршілік тоқтап, оларда ыдырау процесі басталған кезінде байқалады .....
Рефераттар
Толық

Биология | Анатомия

Анатомия (гр. ἀνα - үстінен + гр. τέμνω- кесем — бөлшектеу, кесу, іреу) — тірі организмдердің үлкейткіш аспаптардың көмегінсіз көзге көрінетін қүрылысын зерттейтін іргелі (фундаментальды) биологиялық морфологиялық ғылым. Анатомия — зертгеу нысандарына байланысты жануарлар және өсімдіктер анатомиясы болып екіге бөлінеді. Жануарлар анатомиясынан адам анатомиясы жеке ғылым саласы ретінде бөлінді. Зерттеу бағыттарына сәйкес анатомия өз кезегінде бірнеше салаларға бөлінеді: .....
Рефераттар
Толық

Биология | Андроспермийлер

Андроспермийлер (androspermium; көне грекше: ἀνδρός — еркек; көне грекше: sperma — аталық түқым) — ядроларында Ү жыныс хромосомалары болатын, ұрықтанғанда еркек жынысын анықтайтын сперматозоидтар. Қар. Гинекоспермийлер.....
Рефераттар
Толық

Биология | Микоплазмалардың морфологиялық сипаттамасы

Микоплазмалардың морфологиялық сипаттамасы.
Микоплазмалар- жасуша қабырғасы жоқ, бірақ үш қабатты липопротеидті цитоплазматикалық мембранадан тұрады. Микоплазмалар пішіні бойынша шар, сопақша, жіпшелі, жұлдыз тәрізді болуы мүмкін. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Актиномицетов морфологиялық сипаттамасы

Актиномицетов морфологиялық сипаттамасы. (ескі жіктелуі бойынша сәулелі саңырауқұлақтар). Актиномицеттердің саңырауқұлақтардан айырмашылығы жасуша құрылысы прокариоттық, жасуша қабырғасында хитин немесе целлюлозасы болмайды Тек жыныссыз жолмен көбейеді.Актиномицеттерді .....
Рефераттар
Толық