Шеге тағаны сақтайды, Таға тұлпарды сақтайды. Тұлпар ерiн сақтайды, Ер елiн сақтайды.

Ердің елін сақтауының арқасында біздер бүгінгі күнге жетіп отырмыз. Тарихымызға көз жүгіртіп көріңізші. Қазақ халқының ұлан байтақ жерін
жаудан қорғауда ер азамат пен тұлпардың рөлі ерекше болды. Халық даналығы осы бір ауыз сөзбен халқымыздың тарихынан да, тіршілігінен де хабар беретіндей.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Адамды тұрар адам қып, Ақжүректiлiк пен адалдық.

Адам баласының жақсы қасиеттері көп. Солардың ішінде ақжүректілік дегені қандай қасиет деп ойлайсыз? Ақжүрек адамдар көп жағдайда өздері көп қиындық көріп жатпай ма? Сіздің ойыңыз қандай?

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Бiр тауды төңкеретiн де бар, Бiр дәндi зiл көретiн де бар.

Адамдардың адамгершілік қасиеттері еңбекке қатысынан білінеді. Біреулер бар кішкентай шаруа тапсырсаңыз, соны таудай етіп, қабығы түсіп
жүріп орындайды. Сондай кескін-келбетін көргенде сол кісіге аз шаруаны тапсырғаныңызға өкінесіз. Ал кейбіреулер аз тапсырмаңызды молынан орындайды. Жоғарыдағы халық даналығы сондай адамдарға айтылған сөз болса керек.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Түйеқұсқа: - Жүк артамын, ­ десе, – Мен құспын, ­ дептi. – Ұш, ­ десе, – Мен түйемiн, ­ дептi

Түйеқұстың тіл қатып сөйлей алмайтынын бәріміз білеміз. Мұндағы айтылмақ ой біздерге, адамдарға қатысты. Мойны еш жұмысқа жар
бермейтін, жалқау адамның сөзі де, сылтауы да көп болады емес пе? Кейде өзіміздің бойымыздан да жалқаулықты көреміз. Егер сол жалқаулық болмаса, біз қаншама істерді атқарар едік, талай биіктерге де көтеріліп қалар едік...
Келісесіз бе?

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Араға ерсең балдан татарсың, Қоңызға ерсең қиға батарсың

Мына тіршілікте аралардың өмір сүру тәртібі өте ерекше көрінеді. Олардың ортасында жалқау аралар болса, олар оны қатты жазалап, тіптім
өлтіріп тастайды екен. Аралар тынбай гүлден нәр тасып, еңбек етеді. «Араға ерсең» дегенде адамның араға ермейтіні – түсінікті. Ара сияқты еңбекқор адаммен бірге жүрсең, бірге еңбек етсең деген мағынада айтылып тұр. Қоңыз да еңбекқор ғой дерсіз. Бірақ қоңыз әрекеті өз қарабасының игілігі үшін. Ол бал арасы сияқты адамдарға тамақ әзірлемейді.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Әр күннiң өз таңы бар, Әр жанның өз қамы бар

Тіршілікте адамдар бір-біріне жүк артып, міндет қылып жүреді. Жалпы ол дұрыс емес. Әр адам «мен бір-ақ рет айтқанда істей қоймады, келісе қоймады»,– деп ренжіп жатады. Сіз бір рет айтсаңыз, басқа қаншама адамдар да бір рет айтқан болады. Сол себепті де сол адамның орнына өзіңізді қойып көріңіз. Егер сіз сол жақсылықты, сол істі қиналмай жасайтын болсаңыз, сонда өкпелеңіз. Олай ете алмаған жағдайда, ренжімеңіз. Әр адамда өз тіршілігі, өз қамы бар.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Ақылды қайғырған жерде, Ақымақ той қылады

Қайғы әр түрлі болады, ел қайғысы да болады, ер қайғысы да болады. Яғни, қайғы жалпы да, жеке де болады. Қайғы мен қуаныш бір-біріне антоним сөдер, антоним ұғымдар. Бір біріне жанаспайтыны да сондықтан.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Жақсы жолдас ерттiм дегенше, Жарты жолдан өттiм де

Адамның жас күнінде жолдастары көп болады. Бірге ойнаған да жолдас, бірге жүрген де жолдас. Егер баланың сол жолдастары жақсы болса,
талапты, мәдениетті болса, бала соларға еліктеп, өзі де жақсы болуға тырысады. Ал егер керісінше тәртіпсіз, бұзақы болса, ол қиын жағдайға
ұшыратуы мүмкін. Сондықтан әр ата-ана баласының жанындағы жолдастарын танып, біліп жүргені абзал. Жора-жолдастары жақсы болса,
көмектессе, қиындықты жеңуге болды. Мақалдың бізге айтпағы да мүмкін сол шығар.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Ұясын ұнатпаған құс – оңбас

«Ұясын ұнатпаған құс – оңбас»


Қазақ халқы тұрақтылықты, адалдықты жақсы көреді. Құсқа байланысты да олардың қалыптасқан пікірлері бар: Сауысқанды бірлігі жоқ деп ұнатпайды, қарғаны тілеуі жаман деп ұнатпайды, көкекті өз атын өзі шақырады дейді, қарлығаш құстың еңбекқорлығын, адалдығын ұнатады, қараторғайды, бозторғайды әнге қосады, бұлбұлды, қыранды үкіні қатты бағалайды. Құс тіршілігін бақылаған бабаларымыз, адамдардың жөнсіз, өз үйінен безген жаман әрекетін бетіне айтпай, құстың жаман қасиетін айту арқылы түсіндіреді.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы