Жалқаулық, еріншектік Жалқау - өзіне жау.Жалқау жатып ішер, отырып ұйықтар.Жалқау асын жатып ішеді,Қарызға батып ішеді. Мақал-мәтелдер Толық Zharar_4 0 44 196
Қорқақтық Қорқақ көлеңкесінен де қорқады.Қорқақ қол бастамас.Қорқақтың қолы қысқа.Қорқаққа қос көрінеді.Қорқаққа құбыжық көп.Қорқақтың сылтауы қойнында. Мақал-мәтелдер Толық Zharar_4 1 16 343
Дін, иман, Құдай, Алла, сенім, намаз Мұсылманшылық әсте-әсте,Кәпір болу бір пәсте.Зекетсіздің малы сүндетсізге бұйырар.Сайрамда бар сансыз баб.Құдай ұрғанды Пайғамбар асасымен түртеді.Құран сөзі - Құдай сөзі.Құдай қылғанды былай қылма.А, Құдай! А, Қүдай!Сыйынғанның белгісі. Тек! Тәйт! Шәйт!Бұйырғанның белгісі. Мақал-мәтелдер Толық Zharar_4 1 36 338
Бақыт, Бақ Қолыңда жарың болса,Қараңғылық қашады;Даналық көзіңді ашса,Бақытсыздық қашады.Ақыл қонбаған жігітке,Бақыт та қонбайды.Бақ келді деп таспа,Жау келді деп саспа.Батыр - ортақ, бақ- жалқы. Мақал-мәтелдер Толық Zharar_4 1 38 456
Балық Балықтың жаны суда.Балық жоқта бақа да балық.Балықтың тілін бақа біледі.Балық аулай алмаған суды лайлар.Балықтың да сегіз қанаты бар. Мақал-мәтелдер Толық ZHARAR 1 20 242
Базар, сауда Саудагер ажарын сатады,Сұрамсақ назарын сатады.Арзан болса,Алушыдан ынсап кетеді.Қымбат болса,Сатушыдан ынсап кетеді.Сауда сақал сипағанша.Барымен базар,Жоқты қайдан қазар.Базарда мың кісі бар,Әркім танығанына сәлем береді. Мақал-мәтелдер Толық Zharar_4 0 20 181
Аңқаулық Аңқаудың аузы ашық.Аңқау астындағы атын алты ай іздейді.Шыбын да аңқаудың аузын аңдиды.Аузын ашса, сыры көрінеді,Есігін ашса, төрі көрінеді. Мақал-мәтелдер Толық ZHARAR 0 5 738
Ақша, пайда Ақша болса,алақанда сорпа қайнатады.Ақшаның көзі қызыл.Ақша бар жерде албасты бар.Арқан үзіледі, борыш үзілмейді.Жарлының ақшасын жаман тауар құртады.Құмалақтың есебін Құдай біледі.Қарыз күліп кіріп, жылап шығады.Пайда да бір, аққан су да бір. Мақал-мәтелдер Толық Zharar_4 0 49 617
Қайғы, мұң, уайым Бұл дүниенің құсасы о дүниеге кетпейді.Күйесіз қазан жоқ,Қайғысыз адам жоқ.Қайғының жолы құлама.Қайғының уытын қуаныш алады. Мақал-мәтелдер Толық Zharar_4 0 13 534
Хан, патша Патшаның қолтығы кең, құйрығы ұзын.Бақа - көлінде патша,Балық - суында патша,Жігіт - елінде патша.Патшаң соқыр болса, көзіңді қысып сөйле. Мақал-мәтелдер Толық Zharar_4 0 19 805