Тұрғын үй саясатының мемлекетік бағдарламасы және оны жүзеге асыру механизмдері

Міне, тәуелсіздік алғанымызға 17 жыл толып отыр. Алайда баспана тапшылығы қазақ жастарының қыр соңынан қалар емес. Халқымыздың саны жөнінен де мақтана алмаймыз. Тәуелсіздігімізді одан әрі баянды ету үшін ең бірінші, халықтың санын өсіруге баса мән беруіміз қажет. Ол үшін президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай арзан үйлерді көптеп салып, үйленген әр отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге қол жеткізсек, тіпті, салынған үйлерді тегін берсекте артық болмайды дер едім.
Сондықтан тұрғын үй саясатының тарихтарына қысқаша тоқталып өтейік.
Тұрғын үй саясатының тарихына қысқаша тоқталып өтейік. 1917 жылғы октябрь революциясынан кейінгі және КСРО-ның өмір сүрген кезеңінде тұрғын үй мәселесін шешудің өртүрлі жолдарын бөліп көрсетуге болады. Бастапқы кезде еңбекші халық түрғын үймен байларға тиесілі түрғын үйлерді кайта бөлу есебінен қамтамасыз етілді. Кейіннен XX ғасырдың отызыншы жылдарында КСРО-да индустриалдық негізде түрғын үй қүрылысы басталды. Алғашқы уақытта барлыгын тегін түрғын үймен қамтамасыз ету ойластырылды. Бірақ азаматтарға түрғын үй бергеннен кейін бірден оған ақы төлеу бойынша белгілі бір пормаланған ставкалар енгізілді, өйткені экономикалық турғыдан толығымен тегін түрғын үй беру ойға қонымсыз еді.
Монымен бірге, тұрғын үймен қамтамасыз ету барлығын тегін тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы үран сақталғандықтан жоспарлы жүйснің бслгілері басым болған аялардың бірі еді. 'Гұрғын үймен тегін қамтамасыз ету социализмнің идеологиялық жалауының бір элементі болды, өйткені ол жалпы халықтық өндірілген өнімді жеке тәртіпте бөлуді көздеген аз ғана аялардың бірі болған еді.
1987 жылы жасалды. Сол жылы "Тұрғын үй — 91" Бағдарламасы
Қабылданған болатын. Ол алғашқы бес жыл ішінде 1987 жылдың
1 қаңтарында кезекте тұрған қалалардағы барлық жанүяларды тұрғын үймен қамтамасыз етуді көздеді.
Ауылда тұрғын үйгс мүқтаждардың әрқайсысы бір жыл ішінде пәтер алуга тиіс болды. Ол сол күйінде орындалусыз қалды.
Тұрғын үйді пайдалануды бөліп тарату аясында тамыр-таныстық пен коррупция жиі көрініс беріп отырды, бұл көп жылдар бойы кезекте
Тұрған мұқтаж азаматтарға тұрғын үй берудің мерзімдерін елеулі түрде ұзартып қана қойған жоқ, сонымен қатар, ол кезектік органдардың беделіне, социалистік әділеттілік сеніміне орасан зор нұқсан келтірді.спсулі түрде үзартып қана қойған жоқ.
Соның салдарынан 6 қыркүйек 1993 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" Жарлығы қабылданды (ол
Қазіргі уақытта нарық инфрақүрылымның бірте-бірте өзгеруіне
Және өз рөлін орындап болуына байланысты өзінің заңды күшін
тоқтатты. ҚР перзиденті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында тұрғын үй мәселелері жайлы мынандай өзекті ой қозғаған «Ендігі бір өзекті міндет-тұрғын үй проблемасын жеделдете шешу. Баспананың болмайынша түтін түтетіп, бала өсіру қиын».
Үкімет және барлық деңгейдегі әкімдер жауапкершілікті өздеріне алып, қолдарынан не келетіндігін қазақстандықтарға көрсетсін.
Тұрғын үй құрылысы біздің экономикаларды алға сүйреуші қуатты күш.....
Рефераттар
Толық

Менің сүйікті мектебім

Мектеп. Осы бір сөзде үлкен мән-мағына жатыр. Мектепте балалар тәлім-тәрбие, білім алады. Мектепке келгеннен кейін достарым көбейді. Мен де 6 жасымда мектепке келдім. Алғаш мектеп табалдырығын аттасымен достарым.....
Шығармалар
Толық

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні

«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысын болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» (Н.Назарбаев).

Талай – талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар.....

Шығармалар
Толық

Ілияс Жансүгіров "Құлагер"


Ақын Ілияс Жансүгіровтің өнер тақырыбына жазылған көрнекті поэмасының бірі – «Құлагер» қазақ халқының әйгілі өнерпазы, ардагер ұлы Ақан серінің өміріне арнады. Ақан сері – XIX ғасырдағы қазақ елінің рухани мәдениетінің тарихынан елеулі орын алатын белгілі өнер қайраткері. Ол дарынды композитор, ақын, әнші. Өзі өмір сүрген заманның әрқилы мәселелерін айқын өнер тілімен көрсете білген оның әдеби, музыкалық, әншілік еңбектері жайлы......
Шығармалар
Толық

Қамбар батыр

«Қамбар батыр» эпосы да қазақ халқына көптен мәлім, мейлінше кең тараған. Қазақстанның қай түпкірінде болсын, ел сүйсіне тыңдап, сүйіп оқитын шығармасының бірі.
«Қамбар батыр» туралы аңыз ел аузынан жазылып, алғашқы рет 1865 ж. басылады. Бұдан кейін 1868 ж. «Қисса Қамбар», 1903 ж. «Тоқсан үйлі тобыр» деген аттармен Қазанда басылып, ең толығырақ түрі «Қамбар батыр» деген атпен 1922 ж. Ташкентте шығады. «Қамбар батырдың» бұл вариантын баспаға даярлаған А.Диваев. Бізше, Диваев варианты тек толығы ғана емес, ең көркемі, ең жақсы варианты. Диваевтың 1922 жылы бастырған «Қамбар батырын» Сәкен Сейфуллин (1933 ж.), Сәбит Мұқанов (1939 ж.) жолдастар шығарған батырлар жинағында өзгертілмей, қайта басылды. Ең соңғы рет басылуы - 1957 ж. Мұнда «Тоқсан үйлі тобыр», «Қамбар батыр» екі вариант қатар берілген. Бұл баспасында «Қамбардың» басылу тарихы, версия, варианттары жайлы....
Шығармалар
Толық

Өнер, Шеберлік және Ұсталық

Ер қадірін ер білер,
Зер қадірін зергер білер.

Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.

Жігіт көркі - өнер.

Қыз еркем кестесімен көркем,
Ұл еркем өнерімен көркем.
Мақал-мәтелдер
Толық

Жәндіктер туралы жұмбақтар

Иісшіл - ит емес,
Ұшады -құс емес.
Шыбын

Бар жұмысы ермегі.
Талмай қанат қағады.
Еңбекті қош көрмейді,
Жат ыдысты бағады.
Шыбын

Жұмбақтар жауабымен
Толық

Тарих | Назарбаевтың еңбектерінің Қазақстан тарихнамасындағы орны

Болашақта Қазақстан тарихнамасының өзекті мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің пайда болу, қалыптасу және даму тарихы болары анық. ХХ ғасырдың соңында адамзат тарихындағы ең алпауыт империялардың бірі – Кеңестік социалистік республикалар одағының күйреуі нәтижесінде әлем картасында бірнеше жаңа мемлекеттердің пайда болып, тарих сахнасына шыққандыңы белгілі. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Бұл бірнеше мың жылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни ең жаңа тарихтың басталуы болды. Қазақ халқы осы елді мекендеген басқа да ұлттар өкілдерімен бірге өз мемлекетін қайта құру ісімен айналыса бастады.
Қазақстан секілді жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған, табиғи байлығы мол, өзіндік даму жолын таба білген елдің ең жаңа тарихы, әсіресе оның бастапқы кезеңі, дәлірек айтқанда жаңа мемлекет ретінде дүниеге келіп, қалыптасу және даму тарихы кімді болса да қызықтырары даусыз. Ең алдымен ол ұлт тағдыры шешуші роль атқарған аса маңызды тарихи құбылыс ретінде, осы елдің қазіргі және келешек ұрпағы үшін қымбат. Уақыт өткен сайын қайта құрылған мемлекетіміздің алғашқы қалыптасу кезеңіне деген қызығушылықтың арта түсері, ол кезеңнің қарама-қайшылыұтарға толы күрделі де, маңызды кезең ретінде жан-жақты зерттелері, оның тарихына арналған іргелі еңбектердің дүниеге келері анық. Сондықтан тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу тарихының терең зерттеліп, шынайы түрде объективті жазылу ісіне дайындық осы бастап жүйелі де ғылыми негізде жүргізілуі тиіс. Бұл біз секілді болашақ тарихшылардың үлесіне тиетін міндет.....
Рефераттар
Толық

Химия | Металдардың сипаттамасы және жіктелуі

Осы кезге дейін белгілі болып отырған 105 химиялық элементтердің 80-нен астамы металлдарға жатады.
Д.И.Менделевтің периодтық системасында орналасқан барлық S-элементтері
(І және ІІ негізгі топшалар),барлық
-элементтері үшін (ІІІ-VІІІ) қосымша топшалар, барлық
f-элементтер латиондар мен актионидтар мысалдар,
р-элементтері ІІІ-VІІІ негізгі топшаларында орналасқан.
Бұл топшалардың жоғарғы жағында бейметалдар, ал төменгі жағында металдар орналасқан. Егер бордан астатқа дейін түзу сызық жүргізсе ІІІ-VІІІ негізгі топшалардың р-бейметалдардың шамамен сызықтық жоғарғы жағына, ал төменгі жағына металдар орналасқан, олардың бейметалдық қасиеттері бар. “Металл” деген атау металл элементі үшін де, олардың қасиеттерін көрсететін металл жай заттары үшін де қолданылады, ал техникада бұл атау металл жай заты үшін ғана емес, сонымен қатар металдардың қасиеттерін көрсететін барлық металдарға құймаларға да қолданылады.
Металдардың және олардың қосылыстарының қасиеттері периодтық системадағы олар орналасқан топшалар бойынша қарастырылады. Металдардың ішкі құрылысы мен физикалық қасиеттері: металл жай заттарының өздеріне тән жалпы қасиеттері болады. Оларға металлдардың соғылғыштығы, созылғыштығы, электр тоғын, жылуды жақсы жақсы өткізгіштігі жатады.
Металдардың мұндай жалпы қасиеттері олардың ішкі құрылысына байланысты болады. Металл кристалында атомдар, иондар және бос электрондар болатыны дәлелденіп отырады.
Атомдар мен иондар кристалда белгілі бір тәртіппен орналасып осы металға тән металдық кристалдық тор түзеді. Металдардың кристалдық торының түйіндерінде металл атомдары мен иондары орналасады, ал олардың арасымен бос электрондар “электрон газы” қозғалып жүреді. Кристалдық торда металл иондары тығыз орналасқан. Әрбір ионды 8-ден 12-ге дейін басқа иондар қоршайды.. техникалық маңызы бар металдардың кристалдық торлары мынадый негізгі 3 топқа бөлінеді:
1. Қырлары орталықтанған куб. Бұған Al, Pb, Ni, Ag, Au, Ca, Pb, Pt, Rh, Th металдарының кристалдық торлары жатады.
2. Кристалдық торлары көлемі орталықтанған куб болатын металдарға Li, Na, Cs, V, Mo, W, Ba, Ta, Fe жатады.
3. Гексогональді кристалдық торлары мына металдарға тән: Be, Cd, Ti, TI, Zn, Hg, Os, Rh.....
Рефераттар
Толық