Қамбар батыр
«Қамбар батыр» эпосы да қазақ халқына көптен мәлім, мейлінше кең тараған. Қазақстанның қай түпкірінде болсын, ел сүйсіне тыңдап, сүйіп оқитын шығармасының бірі.
«Қамбар батыр» туралы аңыз ел аузынан жазылып, алғашқы рет 1865 ж. басылады. Бұдан кейін 1868 ж. «Қисса Қамбар», 1903 ж. «Тоқсан үйлі тобыр» деген аттармен Қазанда басылып, ең толығырақ түрі «Қамбар батыр» деген атпен 1922 ж. Ташкентте шығады. «Қамбар батырдың» бұл вариантын баспаға даярлаған А.Диваев. Бізше, Диваев варианты тек толығы ғана емес, ең көркемі, ең жақсы варианты. Диваевтың 1922 жылы бастырған «Қамбар батырын» Сәкен Сейфуллин (1933 ж.), Сәбит Мұқанов (1939 ж.) жолдастар шығарған батырлар жинағында өзгертілмей, қайта басылды. Ең соңғы рет басылуы - 1957 ж. Мұнда «Тоқсан үйлі тобыр», «Қамбар батыр» екі вариант қатар берілген. Бұл баспасында «Қамбардың» басылу тарихы, версия, варианттары жайлы ақпар, мәліметтер болғандықтан, ол жағына біз тоқталмайық.
Бізде күні бүгінге дейін дұрыс көңіл аударылып, анықталмай келген бір мәселе - «Қамбар батыр» эпосын қазақ халқы тарихындағы қай дәуір, қай кезеңге жанастыруымызға болады деген мәселе. Бұл айтуға оңай болса да, дәлелдей қою қиын. Әйтсе де шығарманың мазмұны суреттелетін оқиға, тартыстарға сүйене отырып, кейбір топшылаулар жасауға болмайды емес.
Бүгінгі қазақ атанып отырған елдердің көптеген рулары ноғайлы, өзбек хандықтарының қарауында болғандығы, ноғайлы хандығының өзі сол рулардың құрамасы екендігі Қазақ ССР тарихында да, басқа тарихи еңбектерде әлдеқашан дәлелделініп, қорытылған пікір. Бұл мәселе жөнінде «Ер Тарғын» эпосымен байланысты толық айтылады. Бізше, «Қамбар» эпосы да сол ноғайлы дәуіріндегі қалмақ пен ноғайлылықтардың араларындағы қарым- қатынастардың негізінде туған эпос. Бірақ бұл ноғайлы хандықтарының өзара туыстарының қырсығынан әлсіреген, сондықтан қалмақ хандықтарының ноғайлыларды өзіне бағындырып алуға құдірет-күшіміз жетеді деген сенім туа бастаған кезді меңзейтін тәрізді. Эпоста екі елдің аттары аталады: ноғайлы және өзбек. Бірақ жырдың ұзын-ырғасын алып қарасақ, Әзімбай да, Қамбар да ноғайлылықтар екендігі аңғарылады. Алдымен Қамбар жайлы. «Қамбар батырдың» бас жағында-ақ:
Қазақ емес, сарт емес,
Қамбардың түбі ноғайлы -
десе, Назымды Қамбарға беру туралы Алшыораздың сөзін қостаған ағасы Дараз:
Осы екен істің мақұлы,
Кекті болып кетпесін,
Ноғайлының батыры.
Азулымен өшіксең,
Тигізер зиян ақыры, -
дейді.
Келмембет:
Ноғайдың Қамбар деген батыры бар...
Келмембет ұрып мініп жорғасына,
Жөнелді ноғайлының жолбарысына...
Назым:
Туғызып сіздей сұлтан ноғайлыдан,
Құдайдан айналайын батыр қылған, -
деген сөздерден біз Қамбардың ноғайлы батыры екенін көрсек, сонымен қатар Қамбар мен Назымның сөйлескен сөздерінен ол «Алпыс үйлі арғын, тоқсан үйлі тобырдың батыры да» екендігі байқалады. Кейбір баспада (арабша жазылған текстіде) «Алпыс елді Арғын» деп те келеді.
Қамбар:
Қабатыма аламын,
Алпыс үйлі арғын мен
Тоқсан үйлі тобырды, -
десе, Назым:
Мейман бол, қонып кет дей келіп:
Алпыс үйлі арғынға
Асықпасаң барарсың,
Қардар емес, бізден ол, -
дейді.
Назым «арғын, тобыр», «ноғайлы» деген сөздерді бір мағынада қолданады. Бұл жерде «Асықпасаң барарсың, алпыс үйлі Арғынға» десе, екінші жерінде:
Туғызып сіздей сұлтан ноғайлыдан,
Құдайдан айналайын батыр қылған. -
дейді.
Назымның бұл сөздері «арғын, тобырлар» сол ноғайлы атанған елдің бір бұтағы, бөлімі екендігін меңзейді. «Тоқсан үйлі тобырда» Қамбардың ата-тегі кім, қай елге жатады, эпос осыдан басталады:
Бұрынғы өткен заманда,
Ер Қамбар деген бар екен.
Әзімбай деген бай екен,
Солардан қалған сөзімді
Баян қылып айтайын:
Он сан үйлі Аят бар,
Қырық сан үйлі Қият бар,
Алпыс үйлі Арғын бар,
(Сексен үйлі Ыбыр бар)
Он сегізде жасы бар,
Адал қара дегеннен
Қара тұлпар аты бар,
Қамбар деген ері бар, -
деп келеді. Бұл үзіндідегі кейбір рулардың аты қазір белгісіз. Ондай рулар болды ма, жоқ па, ол - өз алдына мәселе. Бірақ Қамбардың тегі арғын, қият елдері болушылық пен жоғарыда келтірілген үзінділердің бәрінде де оны Ноғайдың батыры деушіліктің тамырын іздесек, тағы да сол ноғайлы дәуіріне тірелеміз.
Ноғайлы басындағы шындық жайт осылай бола тұрса да, халық - әрдайым оптимист. Жақсылықты алдағы өмірден күтеді. Болашаққа сенімі мол. Сондықтан ол Қамбарды мықты жаулары қалмақтарға қарсы шығарып жеңдіреді. «Ноғайлы да ел ме еді» деп менменсінген Қараман ақыры күлкі болып қалады. Елдікті аңсаған ел тілегі Қамбар сықылды ерді, оның атымен байланысты эпостық поэманы туғызды.
Қысқаша мазмұны төмендегіше:
Қамбар батыр Әзімбай дегеннің алты ұлы, бір қызы
болады. Әзімбай қызын сүйгеніне бермек
болып, Ноғайлы он екі баулы өзбекті шақырып, қызының алдынан өткізеді. Іштей Қамбарды сүйетін Назым ешкімді ұнатпайды. Тойға қатынаспаған Қамбар тоқсан үйлі Тобырын аңмен асырап күнелтуші батыр, бір күні арыстанға жолығып, оны өлтіреді. Сондай бір күндері қыз Назымның ауылының үстінен өтіп бара жатып Назымға көзі түседі. Қыз қанша амал-айла жасаса да, Қамбар оған тоқталмайды. Екінші оралғанында қызбен тіл қатысып, аулақ жүргенін мақұл көретіндігін аңғартады. Бұлардың сөйлесіп тұрғанын қыздың ағалары көріп, Қамбарды өлтірмек болады. Бірақ Назымның кіші ағасы Алшыораз басқаларын тоқтатады. Қамбар өз бетіне кетеді.
Назымның сұлулығын естіп, көршілес қалмақтың ханы Кедей ұлы Келмембетті жіберіп, Әзімбайдан қызын сұратады. Қыздың ағасы Алшыораз Келмембеттің құлақ, мұрнын кесіп кейін қайтарады. Хан әскер жиып келіп, күшпен алмақ болады. Әзімбайлар «береміз» деген амал, айла қолданып, Қамбарға елші жібереді, Қамбар барамын деп уәде береді. Келеді. Ноғайлының батырын көрмекші болып, Қамбарға қалмақ ханы Қараман да кісі жібереді. Қамбар келісімен-ақ хан екеуінің арасында алыс-шалыс сөз болып, жекпе-жекте Қамбар Қараманды өлтіреді. Қалмақтармен соғыс салып, Қамбар мен Алшыораз оларды жеңіп қуады. Қамбарға Назымды қосады. Той жасап, жасау жабдықтап, еліне қайтарады.
Біз жоғарыда Қамбар батырдың атымен байланысты эпостың бірнеше версия, варианты бар дедік. Соның бірі - «Тоқсан үйлі тобыр» . Бұл варианттың жоғарғы, қысқаша мазмұнын келтірсек, өткен варианттан өзгешелігі аз. Оқиға желісі, ондағы тартыстардың себебі, дәлелі, байланыс іздері бір, тек кейбір кісі аттарында өзгешеліктер бар: Қараман - Махтым, Керей ұлы Келмембет - Кедей ұлы Келмембет, Назым - Лазым т.б. кейбір сөз сөйлемдері басқаша болып келеді. Бірақ, негізінен алғанда, бірінен бірі не идея жағынан, не құрылысы жағынан пәлендей айырмашылығы жоқ. «Қамбар батырда» әртүрлі өмір құбылысы молырақ, кеңірек қамтылады да, «Тоқсан үйлі тобырда» сол құбылыс, эпизодтар қысқа көлемде баяндалып, қысқаша түрде суреттеледі.
Қолдағы мәліметке қарағанда, «Тоқсан үйлі тобыр» варианты «Қамбар батырдан» әлдеқайда бұрын жазылынып, бұрын басылып шыққан. Бұл екеуінің қайсысы ескірек, қайсысы жаңа, ол жөнінде үзілді-кесілді пікір айту қиын. Кейбір жолдастар «Тоқсан үйлі тобыр» варианты «Қамбар батыр» аталатын варианттан гөрі ескірек деп жүр. Бірақ келтірген дәлелдері әлсіз. «Қамбар батыр» вариантының кейін жиналып, кейін басылуы ол дәлел болып жетпейді. Бұрын шығып, кейін басылуы, кейін шығып, бұрын басылуы екеуі де мүмкін нәрсе.
Жай оқығанда, әңгіме сұңқар, қаз, қарақұс, құмай тазы, аққу, төбет ит туралы. Бірақ бұл - символ, айтайын дегенін, ой-пікірін бейнелеп сөйлеу. Қамбар өзін сұңқар, құмай суретінде бейнелесе, Қараманды зорлықшыл қарақұс, төбет ит кескінінде бейнелейді.
Сөйтіп, айтайын дегенін кейде ашып айтпай, әдейі бүркемелеп бейнелеу түрінде берушілік - «Қамбар» эпосының өзіне тән ерекшелігі. «Қамбар» эпосындағы поэтикалық тілдің ерекшелігі «Тарғындағыдай» психологиялық параллелизм болмай, символ болуының өзі де, бұл поэманың анағұрлым бергі заманда шыққандығын аңғартады.
Қорыта айтқанда, «Қамбар» бір кезде ноғайлы хандығына қараған қазақ руларының соңғы бір кезеңдерін елестетін жаулаушыларға қарсы елдің бірлігі мен елдігін, ердің ел үшін қызмет етуін аңсау тілегінен туған, құрылыс, көркемдігі шебер, құнды мұрамыздың бірі.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?