Қазақша шығарма: Жылқы - малдың патшасы » ZHARAR © 2017 | жылкы туралы шыгарма, жылқы туралы шыгарма, жылқы туралы шығармалар, жылқы туралы шығарма, жылқы малы туралы шығарма, сочинение на казахском языке про лошадь, сочинение на тему лошадь на казахском языке, Жылқы - малдың патшасы шығарма




  • »

Қазақша шығарма: Жылқы - малдың патшасы

Қазақша шығарма: Жылқы - малдың  патшасы казакша Қазақша шығарма: Жылқы - малдың  патшасы на казахском языке

Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен жылқының адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын.Мереке-қуанышта,қайғы-қасіретте,басқа түскен не ауыр күндерде бұл түлік адамның жан серігі,айырылмас досы болған.

Менің атам жылқышы болған. Мен де жылқыны жақсы көремін. Жылқы жайлы көп білгім келеді. Осы уақытқа дейін білгендерімді айтар болсам:

Жылқы төрт-түліктің бірі. Жылқы иесі Қамбар ата. Қазақ халқында жылқыны құрметтеп, қасиеттеп жоғары бағалаған. Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп. Жылқы баласы сүйкімді, әрі жүйрік болып келеді. Жылқы жасына қарай: құлын, тай, құнан, дөнен, айғар деп аталады. Жылқы сымбатты жануар. Мойнынан түскен жалыны жібектей сусылдайды. Сирақтары ұзын, көздері ботадай әдемі. Жылқының дене бітімі көздің жауын алады. Бұрынғы кезде батырлардың жылқыларының аты болған. Қобыланды батырдың Тайбұрылы, Алпамыс батырдың Шұбар деген аты болған. Бұл аттар жәй аттар емес, жүйрік, сұлу, әрі батырдың ең жақын досы бола білген. Жылқы қасиетті жануар. Жылқы қымызы бізге пайдалы. Ол қырық ауруға ем. Жылқы еті өте тәтті. Сондай-ақ жылқылар бізді қауіптерден қорғайды. Бұрындары ата-бабамыз жылан жоламасын деп қастарына жылқы байлап жатқан. Сонымен бірге ат үстінде көп жүрген адам буын ауруына шалдықпайды екен.

Барлық түліктен де жылқы өсіру жеңіл.Оны бағуда шығын шықпайды.Еті де,сүті де қазақ халқы үшін аса қадірлі тағам.Өз бойын таза ұстайтын,өз жерін қашықтан танитын сезімтал қасиетті жануар.

Жылқының тас қараңғы түнде жарты тарыны көретін жанарының өткірлігі сынды жаратылыс ерекшеліктерінің өзі бір төбе.

Қазақтар жылқын ұрып соғу былай тұрсын, киесі атады деп, желіден, жылқышы ұстайтан құрықтан, бақанның үстінен аттап өтпейді. Бақан аттаған жарымайды деген сенім бар. Сүрінген атты да ұрмайды. Сайтан аттың көзін басып тұрса, қашып кетсін деп,көзін оң қолымен сүртіп тазалайды. Жолаушы келе жатып, атының сауырынан ұрмайды. Жапанда жалғыз келе жатқан жолаушыны қолдап, жебейтін Қызыр пайғамбар аттың сауырында отырады деп жорылады. Көшпенді халықтың маңызы зор болғандықтан, жылқыға байланысты салт-дәстүрлер мен ырым-тыйымдар өте көп.

Қазақ халқы жылқыны жеті қазынаның бірі санап, оны киелі деп есептеп жыл қайыруда жетінші орын берген. Дүние жүзінде қазірдің өзінде 250-ден астам жылқы тұқымы бар екен.Мен алдағы уақытта жылқы жайлы әлі де зерттеймін.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Шығармалар жинағы | | 37 324
Рейтинг:
(голосов: 86)

KZ портал » Қазақша Шығармалар жинағы, ат туралы шығарма, жүйрік ат туралы шығарма, ат ер қанаты туралы шыгарма, ат-ер қанаты туралы шығарма, шығарма ат ер қанаты, шығарма ат-ердің қанаты, скачать сочинение на казахском языке, Қазақша шығарма Ат - ер қанаты жүктеу тегін, жылкы туралы шыгарма, жылқы туралы шыгарма, жылқы туралы шығармалар, жылқы туралы шығарма, жылқы малы туралы шығарма, сочинение на казахском языке про лошадь, сочинение на тему лошадь на казахском языке, Жылқы - малдың патшасы шығарма, жылкы туралы шыгарма, жылқы туралы шыгарма, жылқы туралы шығармалар, жылқы туралы шығарма, жылқы малы туралы шығарма, сочинение на казахском языке про лошадь, сочинение на тему лошадь на казахском языке, Жылқы - малдың патшасы шығарма, Қазақша шығарма: Жылқы - малдың патшасы шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .