Қазақша шығарма: Қамбар батыр

Қазақша шығарма: Қамбар батыр

«Қамбар батыр» эпосы да қазақ халқына көптен мәлім, мейлінше кең тараған. Қазақстанның қай түпкірінде болсын, ел сүйсіне тыңдап, сүйіп оқитын шығармасының бірі.
«Қамбар батыр» туралы аңыз ел аузынан жазылып, алғашқы рет 1865 ж. басылады. Бұдан кейін 1868 ж. «Қисса Қамбар», 1903 ж. «Тоқсан үйлі тобыр» деген аттармен Қазанда басылып, ең толығырақ түрі «Қамбар батыр» деген атпен 1922 ж. Ташкентте шығады. «Қамбар батырдың» бұл вариантын баспаға даярлаған А.Диваев. Бізше, Диваев варианты тек толығы ғана емес, ең көркемі, ең жақсы варианты. Диваевтың 1922 жылы бастырған «Қамбар батырын» Сәкен Сейфуллин (1933 ж.), Сәбит Мұқанов (1939 ж.) жолдастар шығарған батырлар жинағында өзгертілмей, қайта басылды. Ең соңғы рет басылуы - 1957 ж. Мұнда «Тоқсан үйлі тобыр», «Қамбар батыр» екі вариант қатар берілген. Бұл баспасында «Қамбардың» басылу тарихы, версия, варианттары жайлы....
Читать в полной версии ➜

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Қамбар жыры

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Қамбар жыры

"Қамбар" жырының қысқаша мазмұны
Қазақ елінің ескі тарихынан, халық мұрасынан қалған үлкен жырдың бірі — "Қара қасқа атты Қамбар" жыры. Мұның мән-жайын тексеруден бұрын әуелі қысқаша түрде әңгіме мазмұнын айтып өтейік.

Бұрынғы өткен заманда он екі баулы өзбекте Әзімбай деген бай болады. Мұның алты ұлы, бір сұлу қызы болады.
...Қыз Назым шықты бұраңдап,
Он сегіз толған жасына,
Кәмшат бөрік келісіп,
Бриллиант қойды басына.
Қара мен төре қайғырды:
Болса деп бізбен ашына.

Сол Назым қыз күйеу таңдайды. Әзімбай бай: "Қызымды таңдаған адамына қосамын, дәмелі адам жиылсын", — деп, жар шашты.
Айтылған күні қалың ел жиылып, көруге келісті. Қызға ешқайсысы жақпады. Назым қыздың көңіліне алған жігіті Қамбар еді — ол келмеді. .....
Читать в полной версии ➜

Қазақша шығарма: «Қамбар батыр» жыры [жоспар]

Қазақша шығарма: «Қамбар батыр» жыры [жоспар]

«Қамбар батыр» жыры өзге эпикалық туындылар тәрізді батыр тұлғасын, оның ел үшін еткен еңбегі мен ерлігін дәуір рухына сай көркемдеп жеткізуді мақсат еткені анық. Жырдың 12 варианты бар. Осыған орай кейбір нұсқаларда біршама ауытқушылықтар кездеседі. Алайда барлығына ортақ нәрсе - өз бойына көне сюжеттерді сақтай отырып, ел қауіпсіздігі маңызды болған тарихи кезеңді жырлау болғаны ақиқат. «Қамбар батыр» жыры батырдың есейіп, ел қамқоры болған тұсынан басталады. Күмістен тағып қарғысын, соңына ертіп тазысын, аңшылықпен айналысып.....
Читать в полной версии ➜