Экономика | Төлем балансы

1. Төлем балансының түсінігі, мәні, құрылымы
Әрбір елдің көпқырлы, кешенді халықаралық экономикалық қатынастары оның халықаралық операцияларының баланстық (тепе- теңділік) есебінде көрініс табады. Бұндай есепті қалыптасқан дәстүр бойынша төлем балансы деп атайды. Төлем балансы дегеніміз тауарларды, қызмет көрсетулерді, капиталдарды әкету мен әкелу көрсеткіштері формасында (нысанында) елдің дүниежүзілік байланыстарын анықтайтын құндық өлшем. Халықаралық операциялардың баланстық есебі елдің сыртқы экономикалық операцияларының көлемін, құрылымын және сипатын сандық және сапалық тұрғыдан анықтайтын құндық көрсеткіш. Барлық операциялар бойынша валюта ағындарының көрсеткіштері төлемдер мен кіркстер деп белгіленеді. Төлем баланстарының қазіргі кестелері құндылықтарының барлық түрлерінің ел аралық қозғалысы туралы жеткілікті мәлімет береді. Экономикалық мазмұны бойынша белгілі бір мерзімдік және белгілі бір кезендік төлем баланстарын ажыратады. Белгілі бір мерзімдік төлем балансын статистикалық көрсеткіш ретінде дәл атап айту мүмкін емес, себебі ол күн сайын өзгеріп тұратын төлемдер мен кірістер арақатысы түрінде көрініс береді. Төлем балансы жағдайын ұлттық және шетелдік валютаға деген осы сәттегі сұраныс пен ұсынысты анықтайды және мұның өзі валюта бағамын қалыптастыру факторларының бірімен саналады.....
Курстық жұмыстар
Толық