Геология | Тұзды күмбезді құрылымдар

КІРІСПЕ.
Шетелдік және отандық басылымдарда жарияланғандай тұзды күмбездердің морфологиясы мәселесімен көптеген зерттеушілер айналысты. Дегенмен бұл проблема осы күнге дейін ол толық шешілген жоқ, көп нәрсе анық емес және аяғына дейін шешілмеген. Бұл ең алдымен күштердің шығу тегі мәселесімен, тұзды құрлымдардың пайда болуымен және жасалу механизімімен байланысты. Бұл мәселе бойынша әртүрлі көзқарастар туды, көптеген зерттеушілер тұзды құрлымдардың жеке геологиялық жағдайдағы дамуын осы және басқа аудандағы берілген мәліметтердің геологиялық ғылыммен байланысын тарту, яғни осы көзқарастарды барлық жақтардан қарастырып, меселені толығымен шешуге тырысты. Сонымен теріс рөлді қатар нашар зерттелген тұзды күмбез облысының тереңдік тектоникалық құрылымы әсер етті. Тұзды күмбездер тұзды шөгінділер генезисімен тығыз байланысты. Бұл арада XIX ғасырмен XX ғасырдың басында геологтар арасындағы әртүрлі көзқарастар болды. Біреулер тұзды жанартаулық жарылыстан пайда болды десе, ал басқалар галогендік шөгінділер теңіздік тұзды су қоймаларында пайда болды деп болжауда, ал үшіншілері тіпті тұздардың пайда болуын континенталді көп жағдайлармен байланыстырды.....
Курстық жұмыстар
Толық